Сайлау - 23
Қазақ киносының тұралап тұрғаны қаржы тапшылығынан ба?
Қазақ киносы тұралап тұр дегенге біреу келісер, біреу келіспес. Дегенмен киномыз дамып, киноөндірісіміз өркендеп кетті деп айта алмайтынымыз айдан анық.
Соттарды тағайындаудың тәжірибесін сайлау жүйесіне алмастыру керек пе?
Еліміздегі бірқатар партиялардың жетекшілері мен мүшелері «төрелік айтушы соттарды да халықтың сайлауына табыстау керек» деген пікір ұсынып жүр.
Қазақтың той өткізу дәстүріне реформа жасау мүмкін бе?
Қазақта «той дегенде қу бас домалайды», «той – Тәңірдің несібесі» деген секілді тойды дәріптейтін мәтелдер көп. Тойдың да көптігі сонша, тіпті кейде қазақ осы «барын тойға шашу үшін» өмір сүре ме деп те қаласың
Жеке министрлік құрылмайынша, туризм саласы дами ала ма?
Әлем бойынша жер көлемі жағынан алғашқы ондыққа енетін Қазақстанда тарихы бай, батпағы мен емдік суы шипалы орындар мен табиғаты көркем жерлер аз емес.
Білім мекемелерінде хиджаб киюге заңмен тыйым салу керек деген ұсыныспен келісесіз бе?
Еліміздегі оқу орындарында хиджаб киюге заңмен тыйым салынуы мүмкін. Білім және ғылым министр­лігі «Білім туралы» Заңға осындай өзгеріс енгізу жөнінде бастама көтеріп отыр.
Діннің саяси құрал екенін шын мойындап, дін істеріне мемлекеттің тікелей араласатын уақыты жетті ме?
Елімізде түрлі діни бірлестіктер қызмет етіп жатыр. Олардың қызметіне осы кезге дейін мемлекеттік реттеу болған емес.
Ана мен бала құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы жұмысы нәтижелі ме?
1994 жылы Қазақстан Балалар құқығы туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялады. Содан бері елімізде балалар құқығын қорғайтын арнайы ұйымдар, түрлі қорлар мен отбасылық үлгідегі жетімдер үйі ашыла бастады.
ЕҚЫҰ штаб-пәтері төраға болған елге көшіп отыруы керек пе?
Кеше Ресей Президенті Дмитрий Медведев ЕҚЫҰ-ның потенциалына күмәнмен қарайтынын айтып, оған жаңа леп қажет екенін тілге тиек етті.
Қазақстандағы 5 мыңға жуық қоғамдық ұйымдар қозғаушы күш емес, ақша табудың көзіне айналып кеткен жоқ па?
Зайырлы, азаматтық, ашық, демократиялы қоғам орнатудың бірден-бір жолы үкіметтік ұйымдардың қызметін барынша жақсарту.
Латын графикасына көшпей-ақ, кирилитсадағы басы артық әріптерді алып тастау мүмкін бе?
«Латын графикасына көшеміз бе, көшпейміз бе?» деп екі ойлы болып жүргенімізде, онсыз да аз құқай көрмеген әліпбиімізге тағы бір ау­қым­ды реформа қажет деген де әңгімелер ай­тыла бастады.
Қасақана бала өлтіргендерге өлім жазасын қалдыру керек пе?
Өлім жазасы тақырыбы жүздеген жылдар бойы бүкіл әлем халқын толғандыруда. Біреулер елде өлім жазасының жоқтығы – сол елдің өркениеттілігінің көрсеткіші десе, кейбіреулер керісінше, оларда өлім жазасы тағайындалатын рақымсыз, қатыгез қылмыстардың
Қоршаған ортаға зиян келтіріп отырған кәсіпорындарға жергілікті халыққа өтемақы төлеуді міндеттейтін уақыт жеткен жоқ па?
«Қазақстан жерінің 70 пайызы экологиялық қауіп алдында тұр» деген мәлімет үрейлендірмей қоймайды екен.
Елімізде мешіттердің көптеп салынуы ислам дінінің кең қанат жайғанының көрсеткіші бола ала ма?
Құдайға шүкір, қазір біз «баяғы өткен заманда, дін мұсылман аманда» деп күрсінбейміз. Себебі бір кездері дінсіздік жайлаған қоғамның бүгінде беті бері қарады.
Тәуелсіздік мерекесін өткізіп алмайынша, Жаңа жылға дайындық жұмыстарына шектеу қою керек пе?
Келесі жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын атап өткелі отырмыз. Біз үшін бұл мерекенің өзге тойлардан жөні тіпті бөлек.
Мектеп бағдарламасындағы валеология пәнін ұлттық менталитетімізге сай етіп қайта жазу керек дегенге келісесіз бе?
Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл «орта мектептерде оқытылып жатқан валеология пәнін мектеп бағдарламасынан мүлдем алып тастау керек» деп, Білім және ғылым министрлігіне ұсыныс жасады.
Халық емшілерінен халыққа тиер пайда бар ма?
Адам болған соң бас ауырып, балтыр сыздамай тұрмайды. Осындай жан қысылған кезде әркім әрқалай емделеді. Біріміз тәуіп-емшілерге қаралсақ, енді біріміз дәрігерлерге барамыз.
Құранды қазақ тілінде оқу керек пе?
Қасиетті Құран бізге соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) арқылы араб тілінде жетті. Қаншама ғасыр өтсе де, Аллаға құлшылық еткен күллі мұсылман қауым Құранды сол түпнұсқа тілінде танып-біліп, оқып келеді.
Әлемдік өркениеттер сұхбатының қазақ мәдениетіне тигізер пайдасы бар ма?
Бүгінде әлемде әлі де өркениеттер диалогы дұрыс қалыптаса қоймаған» деген пікірлер жиі алдымыздан шығады. Дегенмен өркениеттер диалогын қалыптастыруға түрлі әрекеттер жасалып, ұлтаралық қатынастарды демократияландыруға тырысып бағудамыз.
Еуропа елдерінің көпмәдениеттілік үлгісін оң құбылыс ретінде бағалау керек пе?
Таяуда елорда төрінде Бүкіләлемдік рухани мәдениеттер форумы болып өтті. Онда әлем елдеріне төзімділік, түсіністік, достық қарым-қатынас пен адам санасында ізгілікке деген сенімдерді қалыптастыру идеясын дамыту керектігі сөз болған еді.
Жол қауіпсіздігін күшейту үшін жүргізуші куәлігін 21 жастан беру дұрыс болар ма еді?
Елімізде жол-көлік апаты өте жиілеп кетті. Соңғы жарты жылда елімізде болған 5 мыңға жуық жол апатынан мыңнан астам адам опат болып, тағы 5 мыңнан астамы жарақат алған.