Жер-су атауларын өзгерту құзырын жергілікті биліктен алып, бір орталыққа беретін заң керек пе?

Жер-су атауларын өзгерту құзырын жергілікті биліктен алып, бір орталыққа беретін заң керек пе?

Бүгінде қоғамда жер-су атауларын өзгертуге қатысты талас-тартыс тудыратын жайттар көп. Осы орайда Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Бауыржан Омаров мырза жер-су атауларын өзгерту құзырын жергілікті биліктен алып, бір орталыққа беретін заң керектігі жөнінде ұсыныс жасады. Әзірге маман пікірін даттаушылар да, жақтаушылар да жетерлік. Бірі «жер-су атауларын өзгерту мәселесі бір орталық пен заңға ғана қатысты емес» десе, енді бірі «атауларды өзгерту мәселесі тек қана заңды қажет етіп тұр» деген ұстанымда. Тақырыпқа орай мамандар пікірін ортаға салып көрген едік...

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, Мәжіліс депутаты:
Иә

– Иә, жер-су атауларын өзгерту құзырын жергілікті биліктен алып, бір орталыққа беретін заң міндетті түрде керек. Сондықтан бұл ұсы­ныс­ты қолдаймын. Аталмыш мәсе­ле бүгінгі таңда өзекті болса да, жер­гілікті әкімдіктердің құзырына бе­ріп қойғаннан кейін жер-су атау­ларын өзгерту мәселесі жетімсіреп қалды. Тіпті жер-су атауларын өз­герту мәселесі бүгінде күн өткен са­йын күрделеніп барады.
Заңсыз-ақ мәселе шешілетін бол­са, осыған дейін шешілер еді. Тә­уелсіздік алғанымызға 20 шақты жыл өтсе де, әлі күнге дейін атауы қазақыланбаған жер-су, кө­ше атау­лары өте көп. Жер-су атау­ла­рын қа­зақыландыруға жергілікті би­лік­тің құзыреті жетпей отыр. 
Сондықтан тез арада жер-су атауларын өзгерту құзырын жергілікті биліктен алып, бір орталықтың қарамағына беру керек.
Және осы орталықтың жұмысын бақы­лайтын арнайы заң қабылдануы қажет.
Жергілікті билік өкілдері жер-су атау­ла­рын өзгертетін уақыт жеткенін түсінсе де әр­кімге бір жалтақтап, мәселені шеше ал­май отыр. Осы орайда бізге заң қа­был­дап, орталықтың көмегіне сүйенетін кез жетті. Жер-су атауларын өзгерту ұлты­мыз­дың тарихына тікелей қатысты нәрсе бол­ған­нан кейін жергілікті биліктің ғана қара­ма­ғына беріп қоя салу аздық етеді. Тіпті керек де­се­ңіз, бүгінде жергілікті әкім­дік­тер­дің құ­ра­мында жер-су атауларын өз­гер­туге қа­тысты жұмыс істейтін маман да жоқ секілді. Өйткені бұл мәселе әрқашан жергілікті биліктің назарынан тыс қалып келеді. Рас, жергілікті биліктің қарамағынан оно­мас­ти­калық комиссия құрылған. Алай­да олар­дың басы жылына бір-екі рет әзер қо­сы­ла­ды деп естиміз. Яғни жер-су атау­ла­рын өзгертумен жүйелі түрде ешқандай мекеме айналысып жатқан жоқ. Сондықтан тез арада жер-су атауларын өзгертіп, өтке­ні­міз бен бүгінімізді саралап, тұл­ға­ла­ры­мыз­ды, тарихымызды әспеттегіміз келсе, арнайы заң қабылдап, орталық құрып мәселеге назар аударатын кез жетті. Өйт­кені бұл – халқымыз үшін маңызды мәселе. Бұдан әрі жергілікті билікке иек артып, мә­се­лені соза беретін болсақ, тіпті ескі атау­лар­ға етіміз үйреніп кетуі де әбден мүм­кін.

Амантай БІРТАНОВ, Алматы қалалық мәслихатының депутаты:
Жоқ

– Жоқ, бұл пікірге қосыла ал­маймын. Заң да қажет емес, жер-су атауларын өзгерту құзырын тапсыратын арнайы орталықты құру да керек емес. Жергілікті билік қала мен көше, жер-су атау­ларын өзгерту кезінде сол өңірдің тарихы мен жергілікті жерге еңбегі сіңген тұлғалардың есімін жақсы біледі. Ал құрылған орта­лықта, қанша айт­қанмен, мұн­шалықты үлкен ақпарат бо­ла бермей­ді. Сондықтан жер-су  атау­­­­­ларын өзгерту кезінде жер­гі­лікті биліктің қызметіне жүгінген жөн дер едім.
Бүгінде Петропавл, Павлодар секілді ірі-ірі қалаларымыздың ата­уын өзгерту күн тәртібіндегі мә­селе болып отыр.  
Жергілікті билік өкіл­дері жоғарыға жал­тақ­тамай, тезірек өз өңірлеріндегі жер-су атау­ларын қазақыландыруға тырысса, нұр үсті­не нұр болар еді. Бұған арнайы ор­та­лық құрудың да арнайы заң шығарудың да қажеті жоқ.
Тек жергілікті басшылардың ынта-ықы­ласы, ұлтжандылығы жетіспей отыр. Бү­гін­де ірі-ірі қалалардан бөлек Солтүстік Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан об­лыс­та­рын­да қазақыланбаған аудандар мен ауылдар өте көп. Жергілікті биліктің сал­ғырттығы осы­лай­ша ұлтымызға сын бо­лып отыр. Шын мәнінде, Тәуелсіз ел үшін атау­ларды өзгерту ешқандай заңсыз-ақ, ың-шыңсыз жергілікті мәслихаттың ұйым­дас­тыруымен іске асы­ры­ла­тын дүние болуы керек.
Айта кетер жайт, жер-су атауларының те­зірек өзгермей жатқаны онымен айна­лы­са­тын арнайы бір орталықтың немесе заң­ның болмауынан деген түсініктен ада бол­ған жөн. Керек болса, бүгінде қабыл­данып алып, орындалмай жатқан заңдар да, саны көп, сапасы жоқ күн сайын құры­лып жатқан орталықтар да жетерлік. Сон­дықтан сөзден гөрі, тезірек іске көшкен дұрыс. Бір ме­ке­ме­нің атқара алатын тірлігіне бола тағы бір со­ның ісін қай­та­лайтын орталық құрудың қажеті қанша?! Заң қабылдап, орталық құр­ғаннан гөрі жо­ға­рыдан «жер-су атау­ла­рыңды қаза­қы­лан­дырыңдар» деген пәрмен бол­са, талай нәрсе өзгерер еді.

Бейтарап пікір
Смағұл ЕЛУБАЕВ,
Алматы қалалық ономастика комиссиясының мүшесі, жазушы:
– Жер-су атауларын өзгертуге тырысу өте дұрыс. Жалпы, атауларды өзгерту мәселесі республикалық арнайы ономастикалық орталықтың құзыретінде болғаны дұрыс. Алайда кейбір майда-шүйде ауылдар мен аудан, ауыл көлеміндегі мектеп, көше, мәдениет үйі секілді атауларды өзгертуді жергілікті биліктің құзыретінде қалдырсақ дұрыс болар еді. Өйткені көптеген өңірлерде ономастикалық комиссияның басын қосу қиындық тудыратын көрінеді. Кейбір атауын өзгертуді қажет ететін жер-су атауларының құжаттары ономастикалық комиссия мүшелерінің басының қосылуын күтіп жылдап кеңселердің тартпаларында жатып қалатын көрінеді. Сондықтан үлкен қалалардың жер-су атауларын өзгертуді республикалық ономастикалық орталық шешсе, аудан, ауыл көлеміндегіні жергілікті биліктің құзырында қалдырған дұрыс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста