Елімізде мешіттердің көптеп салынуы ислам дінінің кең қанат жайғанының көрсеткіші бола ала ма?

Елімізде мешіттердің көптеп салынуы ислам дінінің кең қанат жайғанының көрсеткіші бола ала ма?

Құдайға шүкір, қазір біз «баяғы өткен заманда, дін мұсылман аманда» деп күрсінбейміз. Себебі бір кездері дінсіздік жайлаған қоғамның бүгінде беті бері қарады. Бес уақыт намаз оқитын мүміндермен қатар, қалталы азаматтардың арасында өз қаржысына мешіт салдырушылар да көбейді. Олар Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) «Кім Алланың мешітін салса, Алла ол үшін жәннаттан үй тұрғызады» деген сахих хадисіне иек артса керек. Құптарлық әрі қуанарлық жағдай. Дегенмен біз дінді өркендету дегенді тек мешіт салдырумен ғана өлшеп жүрген жоқпыз ба осы? Жалпы, мешіттердің көбеюі ислам дінінің кең етек алуының көрсеткіші бола ала ма? Біз мұны ой көкпарына салып көруді жөн санадық.

Құл Керім қажы Елемес, ақын:
Иә

– Меніңше, мешітті көптеп салатын кез енді келген сияқты. Себебі бізде қазір мешіттерден гөрі секталардың тіркелуі өте көп. Бейресми деректерге сүйенсек, елі­мізде 2000-нан астам түрлі діни секталар бар екен де, республика бойынша бар-жоғы 2000-ға жетер-жетпес мешіт бар екен. Мысалы, мен өзім осы Алматыда тұ­рамын. Мен тұратын жақтағы 10 ықшам­ауданда бір мешіт жоқ, сондықтан сонау Ақсай мешітіне не Тастаққа, болмаса Орталық мешітке баруға мәжбүрміз. Тіпті әр ықшамауданда бір мешіт салынса да артықтық етпес еді. Егер мешіттердің азаны бір-біріне жалғасып тұрса, қандай ке­ремет болар еді?!. Себебі азанның дауы­сы жеткен жерге дейін ешқандай бәле жоламайды.
Дін – Алланың адамға жіберген шексіз нығметтерінің бірі.
Адам адамшылығын тек дінді ұстану арқылы ғана сақтай алатындығын біз Құ­ран арқылы білеміз. Мешіт – Алланың жер­дегі үйі. Егер адам өзінің Аллаға құл екен­дігін мойындар болса, Алланың па­рыз еткендерінің барлығын орындауға тиіс. Соның ең негізгісі – бес уақыт намаз оқу. Ал енді мұсылман қауымы қайда ғи­бадат етеді? Мешітте. Сондықтан жер бе­тіндегі барша адамзатқа Алланың бар еке­нін, бір екенін үнемі, жалғасты түрде еске салып отыратын, руханияттың шо­ғыр­ланған орны – мешіт. Қазір Құдайға шү­кір, елімізде дінге деген бетбұрыс жа­ман емес, қари болып, қажы болып жатқандар қаншама! Соның нақты дәлелі бүгінде жұмадан басқа күн­дері де мешіттер жамағатқа толы бо­лады. Ал енді жұма күні осы Ал­матыда кез келген мешітке бар­са­ңыз, іші толып, сыймай сыртта тұр­ған­дарының өзінен көз сүйсінеді. Бұл жақсы, бірақ күн бірде ашық бол­са, бірде бұлтты дегендей, сон­дайда намазға барған жамағат жа­уынның астында қалады. Сол себеп­тен мемлекет дінге тікелей назар аудармаса да, Алматы секілді ірі қа­ла­лардан мешіт салдырғысы келетін ауқатты, дәулетті жандардың қолын қақпаса екен. Мен Араб елдерінде, Түр­кияда болдым. Онда әр қадам сайын мешіт. Көшеде кетіп бара жат­қанда біздегідей «қай жерге ба­рып дәрет алып, намаз оқимын» деп бас қатырмайсыз. «Алла деген­нің екі бүйірі шығады» деп бекер айтпайды. Біз егер Құдай дейтін ел болсақ, мешіттер санын шектемей, сала беруіміз керек.

Оңғар қажы Өмірбек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы:
Жоқ

– Діннің өркендеуі тек мешіт са­нымен өлшенбейді. Мешіт салдыру – дінді нығайтудың бір бөлшегі ғана. Бізде қазір еліміз бойынша 2300-ден аса мешіт бар. Мұның сыртында қаншама қалталы азамат­тар өз еліне барып, мешіт салдырып жатыр. Олардың кейбіріне жамағат сыймай жатса, кейбірі бос тұр. Мұсылман дінінде ең бастысы – адамдардың білімді болуы, Алланы тануы, діни ілім үйренуі, сол арқылы иман­дылығын арттыруы. Осы жағы­нан алғанда, республика бойынша бізде небары алты-ақ медресеміз бар: Астанада, Павлодарда, Орал мен Ақтөбеде, Шымкентте және Ша­малғанда. Бұлар Елбасымыздың ті­келей мұрындық болуымен ашыл­ған.
Алла қаласа, биыл Алматыдағы Діни бас­қар­маның бұрынғы ескі ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, медресеге айналмақ. Онда жылына 20 баладан қабылданып, 2 жыл 10 ай оқитын болады. Оқу, жатын орны мен тамағы барлығы тегін. Мұндай оқу орнының ашылуына қазіргі кезде мұсылмандыққа бет бұрған азамат­тардың балаларын иманды етіп тәрбиелегісі келген ниетінен туындады. Осы тұста айта ке­тейін, биыл алтыншы түлегін ұшыр­ғалы жатқан біздің елімізде нағыз Ислами білім беретін Нұр-мүбәрак университеті мен имамдардың білімін жетілдіретін институт мемлекеттен қаржылан­дырылмайды. Халық­тан түскен садақамен өмір сүріп отыр. Сон­дықтан, шын мәнінде, жақсылық жасап, сауапқа ие болғысы келетін азаматтар тек қана мешіт салдыра бермей, осы жағынан да көмектессе, мол сауапқа кенелері анық. Өйткені медреседе білім алатындар көбіне жағдайы төмен отба­сынан шыққандар. Ал Нұр-Мүбәрак универси­тетіндегі шәкірттер ақы төлеп оқиды. Соған кө­мектессе, сол сияқты діни оқу­лықтар мен кітап, таспаларды көбейтіп шы­ға­­­­ру ар­қылы да діні­міз­ге демеу жасауға болады. Қа­зіргі кезде мешіт салдырып, сонысымен мақ­та­на­тын­дар да баршылық. Негізінде, діни іс-ша­раның қай-қайсысы болсын мақтан үшін емес, Алла ризалығы үшін жасалуы тиіс. Әйтпегенде, оның еш сауабы болмай­ды. Қазақ «оң қолың бергенді сол қолың білмесін» деп осы мұсылмандыққа сүйеніп айтқан. Нағыз мұсылман бетегеден биік, жу­саннан аласа болып, адамдарға жақсы­лықты да білдіртпей жасайды. Міне, сон­дай азаматтарға айтарымыз егер шы­нын­да Алла разылығына ие болу үшін қа­­­йы­­­­рымдылық жасағысы келсе, бала­бақ­­­шалар салдырсын, жол салдырсын, құ­­дық қаздырсын, жеміс ағаштарын ексін. Мұ­ның барлығының сауабы мешіт сал­дыр­ғаннан еш кем емес. Бастысы – таза ниетте!

Түйін
Ислам дінінің тарихына назар салған адам мешіттерге ерекше маңыз берілгеніне көз жеткізе алады. Алайда бір әттеген-айы, бүгінде біз оның маңызынан гөрі мақтанына бой алдырғандаймыз. Бірақ бұл мешіт салдырмау керек деген сөзіміз емес. Тек сауап жинау мен дінімізді дамытудың бұдан да басқа жолдары бар екенін еске салғымыз келеді. Ал мешіт салдырғысы келетін мұсылман Қасиетті Құран-Кәрімнің Тәуба сүресі, 18 аятында айтылған: «Алланың мешіттерін шынайы түрде Аллаға, ахирет күніне сенген, намазды толық орындаған, зекет берген және Алладан ғана қорыққан кісі салады. Міне, солардың тура жол табушылардан болулары үміт етіледі» деген сөзін ұмытпаса екен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста