Жерді жекеменшікке сатуды тыйып, тек жалға беру тиімді болар ма еді?

Жерді жекеменшікке сатуды тыйып, тек жалға беру тиімді болар ма еді?

Елімізде шамамен 1,5 млн гектар жер – жекеменшіктің қолында. ҚР Жер қорын басқару агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзбековтің айтуынша, ауыл шаруашылығы құрылымдарының иелігінде – 861 500 гектар, заңды тұлғалардың меншігінде 371 000 гектар жер тіркелген. Республика аумағындағы жердің 33 пайызы, яғни 91 млн гектары ауыл шаруашылығына арналған. Оның 1 пайызы (1,5 млн га) – жекеменшіктің қолында. Былай қарағанда, соншалықты көп емес.
Алайда көп түйткіл осы статистиканың тасасында қалып қояды. Әсіресе жекеменшіктің иелігіндегі жердің тиімді пайдаланылмай отырғаны соңғы кезде көп айтылып жүр. Тағы да санға жүгінсек, елімізде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің 20 пайызы тиімсіз пайдаланылады. Қанша талқыланса да, күрмеудің шешілетін түрі жоқ. Бәлкім, жерді жекеменшікке сатуды тыйып, тек жалға берген дұрыс шығар?


Арықбай АҒЫБАЕВ, заң ғылымының докторы:
Иә

– Негізі, жерді сатқаннан гөрі жалға берген тиімді ме деймін. Өйткені жалдаушы белгілі бір  мақсатпен алады ғой. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында болса, егін егіп, бақша салып не болмаса мал өсірумен айналысады. Ал егер жерді сатып алса, ол қа­рау­сыз бос қалуы да мүмкін. Қараусыз қалған соң жер азып-тозады, эро­зияға ұшырайды. Ондай жағдай қазір көптеп ұшырасады.
Сол себепті жерді сатқаннан гөрі оны жалға беру тиімдірек бо­латын шығар. Жалға алған адам келі­сімшартта көрсетілген міндетін орын­дамаса, кері қайтарып алуға бо­лады. Бұл арада мынадай мәсе­лені де ұмытпаған дұрыс: жалға бе­ру мерзімі үш, ары кеткенде, бес жылдан аспауы қажет.
 49 жыл – тым көп уақыт. 49 жылдың ішінде қандай жағдай болатынын болжау қиын ғой. Мұрагерлік мәселесі бар дегендей.
Ал егер жалға берсе, ол мемлекетке де тиімді, жалға алушы да шығарған шығынын ақтауға тырысатыны анық. Себебі жерді сатып алған адам үшін ол қаржы сақтаудың бір түрі болып есептеледі. Осы тұрғыдан келгенде, жерді жалға беру тиімдірек болуы керек.
Екінші жағынан, осы кезге дейін талай жер жекеменшіктің иелігіне өтіп кет­ті. Енді соны шектейтін де кез келген сияқ­ты. Жер мемлекеттің иелігінде бо­лып, жекеменшікке жалға беруді өзі рет­теп отырғаны жақсы. Ал келісім­шарт­тарын орындамағандарды әкімші­лік, азаматтық-құқықтық және тағы бас­­қа жауапкершіліктерге тартуға бола­ды.

Марат СӘРСЕНБАЕВ, заңгер:
Жоқ

– Жер де – тауар, сондықтан ол да сатылады, сатып алынады. Жер мемлекеттің де, жекемен­шіктің де иелігінде болады. Ал енді жерді жекеменшікке алған­нан кейін, оны дұрыс пайдалану керек. Бұл, әсіресе, ауыл шар­уа­шылығына тиесілі жерлерге қа­тыс­ты. Егер ол жерді сатып алып, құр босқа қойып қойса, одан әлгі сатып алған адамға да, мем­ле­кетке де ешқандай пайда бол­ма­сы анық.
Жерді пайдаланудың өз мақ­саттары болады ғой. Сондықтан әлгіндей жерді сатып алып, пайдаланбай отырған адамнан жерді қайтадан мемлекеттің иелігіне қайтаруды талап ету ке­рек.
Жалпы, Қазақстанда жер көп сияқты көрінеді. Бірақ біздегі әр өңірдің ерекшелігін де ескерген жөн. Өйткені бізде шөл және шөлейт жерлер көп. Ондай жерлерде ешқандай өсімдік өспейді, сондықтан өнім алу мүмкін емес. Біздегі ең құнарлы деген алқаптар – Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында. Әсіресе оңтүстік өңірдің топырағы құнарлы деп саналады. Сондықтан ондай құнарлы жерлер аз болғандықтан, оны дұрыс пайдалана білу керек. Былайша айтқанда, айналым болуы қажет. Сондықтан жерді сату жағынан қор­қуға болмайды. Оны дұрыс пайдаланбай жатса, кері қайтарып алу механизмдерін қарас­тыруды ойлау керек. Егер сатқың келмесе, жергілікті әкімшілік мәжбүрлей алады. Сондықтан жерді сату-сатпауда тұр­ған ештеңе жоқ. Тек оны тиімді пайда­лану жағын қадағалауды ұмытпау керек.

Түйін
Ғани ҚАЛИЕВ,
«Ауыл» партиясының төрағасы:
«2003 жылы елімізде Жер кодексі қабылданған болатын. Біз сол кезде «жерді үкіметтің иелігінде қалдырып, оны пайдалану құқығы ғана сатылсын» деген ұсыныс енгізген едік. Ол өтпей қалды. «Жекеменшікке сатылса, айналым көбейеді. Жерді кепілдікке қойып, банктен несие алады» деген есеп те бар-тұғын. Бірақ жеті жылдың ішінде сатылуға тиіс жердің 0,7 пайызы ғана сатылған. Жер сатып, сатып алып жатқандар кемде-кем. Ал банк жерді кепілдікке алып, несие бермейді. Бізде жерді қалталылар мен шенеуніктер 49 жылға жалға алған. Өздері ауылда тұрмайды, жалға алған жерін де өз атына емес, өзге біреулердің атына рәсімдеп тастаған. Шынын айту керек, олар өз болашағын мемлекеттің мүддесімен байланыстырып отырған жоқ.
Қазір помещик пен жер олигархтары деген дамыған елдерде атымен жоқ. Тіпті Ресейде де жоқ. Елдің жалданып жұмыс істеуге ынтасы төмен. Мәселен, Германияда жерді өнім өндіретін адамға ғана сатады.
Қазір ауылдағы адамдардың көбінде жер жоқ. Содан жастар амалсыз қалаға жөңкіледі. Ал қалада оларды не күтіп тұр – не үй, не жұмыс жоқ. Қазақтың 70 пайызы – ауылда. Сондықтан бұл мәселенің әлеуметтік, экономикалық, саяси мәні де бар. Бүгінде айналым жердің 40 пайызы, жайылым жердің 70 пайызы игерілмей бос жа­тыр. Суармалы жердің 30-40 пайызы іс­­тен шықты. Жердің 52 пайызы – ұсақ шар­­уашылықтардың қолында. Олардың кіш­­кентай жеріне үлкен техника, ғылыми же­­­тістігі бар технологияны пайдалануға жа­ра­майды. Сол себепті бәрін бір жерге шо­ғыр­­ландырып, жерлерін қосып, жұмыста­рын жұ­мылдырса, жақсы болар еді. Сонда жыл­дың аяғына қарай әркім өз жерінің көле­міне қа­рай тиесілі пайдасы мен еңбекақы­сын алуы қажет. Айта кету керек, біз осы мәсе­ле бойын­ша өз ұсынысымызды Ауыл шаруа­шы­лы­ғы министрлігіне жеткіздік. Ондағылар қолға аламыз деді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста