Тәуелсіздік мерекесін өткізіп алмайынша, Жаңа жылға дайындық жұмыстарына шектеу қою керек пе?

Тәуелсіздік мерекесін өткізіп алмайынша, Жаңа жылға дайындық жұмыстарына шектеу қою керек пе?

Келесі жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын атап өткелі отырмыз. Біз үшін бұл мерекенің өзге тойлардан жөні тіпті бөлек. Десек те, Тәуелсіздік күні Жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы жан-жақты дайындық шараларының көлеңкесінде қалып қойып жататын сыңайлы. Бұл мәселе бұрыннан бері айтылып келе жатса да, жоғарыдағы тиісті орындар тарапынан тиісті шаралар қолға алынған емес. Кеш кіріссе де, депутаттардың осы сұрақ төңірегінде ойлана бастағаны көпшілікті қуаттандырып отыр. Осы орайда халық қалаулылары «Жаңа жылға әзірлікті Тәуелсіздік мерекесін өткізгеннен кейін ғана бастау керек» деген ұсынысты ортаға салуда. Қалай айтсақ та, Тәуелсіздік күні қазақта жалғыз. Әйтсе де «Тәуелсіздік мерекесін өткізіп алмайынша, Жаңа жылға дайындық жұмыстарына шектеу қою керек» деген ұсыныс-пікірмен келісе қоймайтындар да бар. Ал сіз қалай ойлайсыз? Тақырыпты ой-көкпарына салып көрсек...

Хасен ҚОЖА-АХМЕТ, қоғам қайраткері:
Иә

– Қазіргі қазақ қоғамы әлі күнге дейін Тәуелсіздік күнін жалпыхалықтық деңгейде, өз дәрежесіне лайық атап өте алмай келеді. Еліміздің басты мерекесі саналатын бұл күнді атап өтерде қаһарлы Желтоқсанда табан­ды­лық танытқан ұл-қыздарымызды да елеп-ес­ке­руіміз қажет. Ол үшін республикамыз бойын­­­ша жер-жерде кең көлемді үгіт-насихат жұ­мыстары жүргізіліп, Тәуелсіздіктің қадір-қа­сиетін жас ұрпақтың санасына түсіретін ау­қым­­ды шаралар жүзеге асырылуы керек. Ал­дағы жылы қасиетті Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын атап өтпекпіз. Осынау елеулі тари­хи датамызды әр қазақтың жүрегіне сіңіруіміз қажет. Өкінішке қарай, ұлтымыздың ұлық мерекесінің бірі саналатын Тәуелсіздік күні жыл сайын әдеттегідей Жаңа жыл мей­рамына дайындық жұмыстарының көлең­кесінде қалып келеді. Біз тіпті Наурыз мере­кесіне бұлай шашылып дайындалмайтын сияқ­тымыз. Жаңа жыл – бұл өзі ескіден қалған мереке болғандықтан, оның үстіне оны әлем болып тойлайтындықтан, одан бір­ден бас тартуымыз қиынырақ. Қазіргі күн­нің өзінде еліміздің барлық өңірлерінде Жаңа жылды қарсы алуға дайындық жұ­мыс­тары басталып кетті десек те болады. Бұл мерекеге дайындық әсіресе желтоқсан айының басында кәдімгідей қыза бас­тай­ды.

Ал желтоқсанның орта тұсында біз Тәуел­сіздік күнін атап өтпекпіз. Десек те, Жаңа жылды қарсы алмас бұрын айна­ла­ның бәрі қызылды-жасылды болып, көше­лер мен ғимараттардың іші-сырты әсем безендіріліп, газет-журналдар мен теле-радиоарналар арнайы бағдарламалар жасап, түрлі сауда ойын-сауық орта­лық­тарында мерекелік шаралар өтіп, кон­церт­тік залдарда жұлдыздар өнер көрсете бас­тайды. Жаңа жылға дайындық жүргізуді Тәуелсіздік мерекесі атап өтілгенше арнайы заң­дық күші бар құжаттармен бекітіп алма­са, бәрі бұрынғысынша қайталана бермек. Сондықтан да Тәуелсіздік күні қар­са­ңын­дағы әзірлігімізді күшейтіп, көшелерге әлеуметтік жарнамалар, ұрансөздер іліп, тіпті қалалардағы үлкен мониторлардан Желтоқсан қасіреті жайлы бейнекөріністер ел назарына ұсынылуы қажет. Бірақ Тәуелсіздік күніне әзірлігіміз Жаңа жыл мерекесіне дайындалғандай тым жеңіл, қызылды-жасылды болып кетпеуі керек.

 
Айдос САРЫМ, саясаттанушы:
Жоқ

 – Тәуелсіздік күнін жоғары деңгейде атап өтуімізге Жаңа жыл мерекесіне дайын­дық жұмыстары кедергі келтіреді дегенмен келіс­пеймін. Бұл екеуі – мағынасы жағынан да, маңыздылығы жөнінен де бір-біріне қа­ра­ма-қарсы мүлде бөлек мерекелер. Бұлар біріне-бірі соншама кедергі келтіріп жатқан дүние­лер  емес. Төл мерекеміз сана­латын Тәуел­сіз­дік күнін тиісті деңгейде атап өтеміз десек, біз­ге қой деп, қолымызды кім байлап отыр? Жалпы, бір мейрамды дұрыс тойлау үшін басқа бір мейрамға байланысты ұйым­дас­ты­ры­латын іс-шараларға шектеу қойып қаже­ті жоқ. Қалай десек те, ел-жұрт Жаңа жылды қар­сы алу үшін күні бұрын дайындала бе­реді. Біз, ең бірінші, өзімізге өзіміз «бізге Тәуелсіздік күні қымбат па, әлде Жаңа жыл­ды тойлау маңыздырақ па?» деген сұ­рақ­ты қоюымыз керек. Әрине, бізге қанмен кел­ген, қасіретпен келген Тәуелсіздік аса қымбат.
Сондықтан да еліміздің әрбір ба­ла­бақ­ша­сында, әрбір мектеп пен оқу орын­да­рында Тәуелсіздік ұғымын түсіндіретін сабақтар мен түрлі кездесулер ұйым­дас­ты­рылып, әрбір қала, ауылдарда, орталық алаңдарда, Тәуелсіздікке арнап қойылған ескерткіштер алдында мағыналы шаралар өткізілуі тиіс. Рас, мұндай шаралар қазір де ұйымдастырылып жүр. Бірақ ол тым тар шеңберді ғана қамтып отыр. Ал Тәуелсіздік күнін мерекелеу жалпыхалықтық сипатта өткізілу керек. Ол үшін ақсап тұрған ұлттық идеологияны қалай аяғынан тік тұрғызамыз деген сауал төңірегінде ойласуымыз қажет. Бүкіл әлемге зер салып қарасақ, көптеген мем­лекеттер өздерінің тәуелсіздік алған күндерін өзге мерекелерден асырып той­лай­ды. Тіпті америкалықтардың өздері Тәуел­сіздік мерекесінде әрбір үйдің төбе­сі­не тула­рын тігіп, бұл тойды жал­пы­ха­лық­тық әрі от­ба­сылық мереке ретінде зор құрметпен әрі сән-салтанатпен атап өтеді. Бізде осы уа­қытқа дейін Тәуелсіздік күнін отбасы мүшелерімен атап өту, үлкен бір ұжым болып мерекелеу жағы қалыптасып үлгерген жоқ. Тәуелсіздік күні, біздіңше, көбіне ресми сипатта ғана елеусіз өтеді де шығады. Бұл бейне бір жергілікті әкім­ші­лік­тердің жи­на­лы­сы сипатында ғана, бір рет­кі концерттік ша­ралар түрінде ғана көрі­ніс тауып келеді.
Осы мәселені жуықта депутат мырзалар сөз етіпті деп естідім. Айналып келгенде, бұл мәселені қазақ журналистері бұрын­нан-ақ қозғап келеді. Дегенмен мәселені айту бөлек те, оны жүзеге асыру бір басқа. Неге сол депутаттар мінберден айтқан өз ұсыныстарын өздері іс жүзінде бастама ретінде көрсетіп бермейді. Тәуелсіздік күні жақындағанда әрбір халық қалаулысы өздері сайланған аймақтарды аралап, балабақша мен оқу орындарында болып, жастарды ескерткіштерге ертіп апарып, гүл шоқтарын қойып, рухани әңгімелер айтып, өздері бастама көтеріп, үлгі көрсетсе керек еді. Төрде отырған депутаттардікі әншейін: «біз айттық, сендер істеңдер» дегенге саяды. Кез келген сөздің аяғы нақты іске ұласқанда ғана бір нәтиже шығады емес пе?!

Бейтарап пікір
Болат АТАБАЕВ,
режиссер:
– Өз басым Жаңа жылды тойламаймын. Туыстарым мен айналамдағы адамдар атап өтетіндіктен, солардың көңілі үшін шақырса – барып, амалсыз шыдап отырамын. Жаңа жыл – маған ата-бабамнан қалған той емес. Шыршаны безендіріп, сағат тілі 12-ні соққанын соншалықты күту дегеніміз – бар болғаны сандардың сиқыры ғана. Әлеуметтік мәдениеттануға сүйенсек, әрбір мейрамның өзіндік қызметі мен адам баласына беретін маңызы мен сабағы болады. Мен үшін Тәуелсіздік күні қымбат. Алайда Тәуелсіздікті атап өту үшін Жаңа жылға дайындықты заңды түрде шектеудің қажеті жоқ. Бұл – адамдардың өз ар-ұятына, ішкі рухани түсініктеріне байланысты дүние ғой. Депутаттар осы жайтқа қозғау салыпты дейді. Меніңше, олар бұдан да маңызды әлеуметтік мәселелермен айналысқаны жөн сияқты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста