Ана мен бала құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы жұмысы нәтижелі ме?

Ана мен бала құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы жұмысы нәтижелі ме?

1994 жылы Қазақстан Балалар құқығы туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялады. Содан бері елімізде балалар құқығын қорғайтын арнайы ұйымдар, түрлі қорлар мен отбасылық үлгідегі жетімдер үйі ашыла бастады. Олардың көбі халықаралық ұйымдар тарапынан қаржыландырылады екен. Дегенмен аталған ұйымдардың жұмысы қаншалықты нәтиже беріп отыр? Тастандылар саны азайып, сәбилердің шетел асырылуына кедергі бола алды ма? Сондай-ақ балалардың ауыр еңбекке тартылуы тыйылды ма? Осы орайда біз «Ана мен бала құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы жұмысы нәтижелі ме?» деген сауалды ой-таразысына салып көруді жөн санадық.

Сұлушаш Төлеуханқызы, Алматы қаласы Балалар құқығын қорғау департаментінің директоры:
Иә

–2008 жылдың қазан айында ЮНИСЕФ-тің қолдауымен Алматы қаласы Балалар құқығын қорғау департаменті және «Әйел­дер шығармашылық бастамашылығы лигасы» ҚҚ бірлесе отырып, Бірінші Алматы форумын өткізді. Балалардың жағдайын жақ­сарту қыз­ме­тінде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақ­па­рат құралдары және бизнес құрылымдары ара­сындағы өзара әрекет­тесудің нәтижелі тетіктерін құруға бағытталған форум аясын­да тәжірибелі жетекші мамандар әлеу­меттік жетімдіктің алдын алу, балаларға қа­тысты зорлық-зомбылық пен бала еңбегінің ауыр түрлеріне тартуды болдыр­мау, балаларды қор­ғау жүйесін жетілдіру мәсе­лелерін қарас­ты­рды.
Алматы қаласы Балалар құқығын қорғау департаменті балалардың құ­қығын қорғаумен ай­налысатын бірқатар үкіметтік емес ұйым­дармен, соның ішінде ЮНИСЕФ және Халық­аралық Еңбек ұйымы (оның Бала еңбегін бол­дырмау жөніндегі ха­лықаралық бағдарла­масы) сияқты ха­лық­аралық ұйымдармен де ты­ғыз байланыста жұмыс жасайды.
Атап айтатын болсақ, ЮНИСЕФ өзінің бағдарламаларын 157 мемлекетте, соның ішінде Қазақстанда да жүзеге асырады. Ал­маты қаласында да оның өкілдігі қыз­мет етеді. Қазіргі таңда ҚР Үкіметі жә­не БҰҰ-ның Балалар қоры арасындағы ын­ты­мақтастық, негізінен, ана мен бала­ның денсаулығын қорғау, 6-12 жас ара­лы­ғындағы балаларды жан-жақты дамыту жә­не 13 пен 18 жас аралығындағы жеткін­шек­тер мен жасөспірімдердің әл-ауқатын жақсарту сынды үш түрлі бағытта жұмыс жасайды.
Тағы бір айтарлығы – Алматы қаласы Ба­лалар құқығын қорғау де­пар­таменті «Дағдарыс орталықта­рының ода­ғы» үкіметтік емес ұйы­мымен бірлесіп, Жастар мен бала­ларға арналған ұлттық сенім те­ле­фо­нының бірыңғай жүйесін құ­ру туралы жоба бастамасын кө­тер­ді. Елі­міздегі тұрғындардың үш­тен бірі балалар десек, ұлттық сенім телефонының бірың­ғай жүйесін енгізу, өмірде қиын жағдайға ұшы­ра­ған балаларға жедел түрде пси­хологиялық және құқықтық кө­мек көрсе­ту­ге жол ашады. Осы орайда 2008 жылы 20 қарашада, яғни Бүкіләлемдік балалар кү­нінде «150 – Ұлттық сенім телефоны» іске қосылды. Содан осы күнге дейін 7000-ға жуық қоңырау келіп түсті. Олар бойынша құқықтық және психологиялық көмек көрсетіліп, мүдделі мекемелер­мен бірлескен жұмыстар жүргізіледі.
Халықаралық еңбек ұйымының бала еңбегін пайдаланбау жөніндегі халықара­лық бағдарламасы шеңберінде «14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерді бі­лім берумен және жұмыспен қамту қозғалысы арқылы бала еңбегінің ең на­шар түрін жою» бағдарламасы бойынша Алматы қаласы Балалар құқығын қорғау департаменті мен үкіметтік емес ұйым­дармен бірлескен іс-шаралар жүр­гізілуде. Атап айтсақ, 2009 жылдың ма­мыр айын­да Алматы қаласындағы «Қар­ғалы» пан­сионатында «Бала еңбегін тоқ­тат!» деген ұранмен «Қазақстан Рес­публикасындағы балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою бойынша әріптестер­дің потенциалын көтеру» деген тақырыпта семинар-тре­нинг болып өтті. Сонымен қатар Бүкіл­әлем­дік балалар еңбегін пай­да­лануға қарсы күрес күні жыл сайын 12 маусымда аталып өтуде. Қазіргі таңда 1-12 маусым аралығында өтетін «Бала­лар­дың еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» атты Ұлттық ақпараттық науқан жо­басы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сон­дықтан да ана мен баланың құқық­тарын қорғайтын ха­лықаралық ұйымдар­дың Қазақстандағы жұмысы нәтижелі деп айта аламын.

Сәкен Өзбекұлы, ҚР Заң ғылымы академиясының академигі, заң ғылымының докторы, профессор:
Жоқ

– Мен еліміздегі халықаралық ұйымдар­мен бірігіп жұмыс істеп жатқан өз ұйым­да­рымыздың біреуіне де сенбеймін. Неге? Себебі балаларға сыйлық берген жерлерін бір-екі рет теледидардан көрсетіп қояды да, бітті! Қалғанының барлығын жейді. Асап, асап, ақыры сотталып жатқан қаншама ұйымды бі­лем. Сондықтан осындай заңсыздықтар орын алып жатқанда, бұл салада ешқандай да нәтиженің болуы мүмкін емес. Егер балаға шын мәнінде көңіл бөліп жатсақ, онда бүгін­гідей шетел асып жатқан балалар саны, тас­танды балалар саны азайып, мүгедек ба­ла­лардың жағдайы да жақсы болуы керек емес пе? Енді бізде олай емес қой? Қанша жерден халықаралық ұйымдар араласып жатса да, сол баяғы қалпымыз. Тіпті айта-ай­та жағымыз талған да жағдайымыз бар. Бір ғана мысал ай­тайын, мәселен, орыстың шір­кеулері қараусыз қалған қаңғыбас бала­лардың ұлтына да қа­рамай, өздеріне алып оқытып, арнайы үйлер ашып алды. Олардың мақсаты не? Сол тас­танды балаларды шоқын­дырып шығару.
 Ал осыған қарсы мешіттеріміз бір ша­ра қолданып жатыр ма? Тек әйтеуір «бәлен жерде бәлен мешіт салынды» деп ме­шіттердің санымен мақтанудан бас­қаны білмейді. Бұл да біздегі, әсіресе, қазақ балалары құқықтарының аяқ асты болып жатқанына мысал бола алады. Мем­лекет тарапынан біраз нәрселер жаса­лып жатыр, бірақ өте әлсіз. Сондықтан да ха­лықаралық ұйымдарға жүгінуге мәж­бүрміз. Біз осы халықаралық ұйымдардың жұмысы нәтижелі ме, нәтижесіз бе демес бұрын, алдымен шетелдік ұйымдардың біз­дің елімізге көмек беруіндегі түпкі мақ­сатына назар аударуымыз шарт. Менің қаншама жыл құқық саласындағы жұмыс тәжірибемде көз жеткізгенім – қандай да бір шетелдік ұйым болса да, ақша берер алдында міндетті түрде бір мақсат қояды. Бұл капиталистер ешуақытта көк тиынды далаға шашпайды. Капитализмнің заңы солай өзі. Егер жеке адам өз ақшасын берсе, оны қайырымдылық деп ұғуға болады. Бірақ шетелдік ұйымдардың артында міндетті түрде белгілі бір биік мақсаттарды көздеген үлкен адам тұрады. Олар кім және балаларға ақша бөлгенде, нендей мақсат көздеуі мүмкін? Біз кейде осы сұ­рақ­қа жауап іздемей, «беріп тұр­ған­да, ал­май жыным бар ма?» деген прин­циппен қолын кері қайтармаймыз. «Алмақтың сал­мағы бар» деп қазақ бекер айтпаған ғой. Бәлкім, бүгін балаларымызға көмек­тес­кен болып, ертең соны міндетсініп жер сұ­рауы мүмкін, болмаса, бір діни пиғыл­дарын осы­лай астыртын жүргізуі де ғажап емес қой? Халықаралық ұйымдар­дың жар­ғы­сы­на қарау керек, егер ол бол­маса, та­лап ету керек. Содан кейін бүгінде бі­реу­дің бе­делі арқылы алып жатқандар же­терлік. Кейін сол беделді адамды шет­ел­дік ұйым­дар өз дегендеріне көндіріп, бір сөзбен айтқанда, соның қолымен от көсеп қойып, қалқасына жасырынып оты­рады. Шын мәнінде, қазақты аяп, жетім­дерін жебеу мақ­сатында қаржы құйып жат­қандары ша­малы-ау осы!..
Жылына 6-7 мың бала шетел асып жат­қанда, күн санап тастандылар саны артып жатқанда, нәтижелі іс тындырылып жатыр деудің өзі күлкі тудырады. Еліміздегі мұндай ахуалды түбегейлі өзгертеміз де­сек, бізде қаржы көздерін бақылауды күшейту керек.

Түйін
Қазақ балаға тек бауыр еті, көз қуанышы деп қана қарамай, ұлын жер иесі, қызын ұлт анасы етіп тәрбиелеген. Жесірін шетке жібермей, жетімін жылатпай, ауыл боп, қауым боп қарайласқан халықтың ұрпағы бүгінде қандай халдеміз? Қыздарымыз неге қағанағынан жерініп, шаранасын шырылдатып тастап кетеді? Ресми емес дерек көздері бүгінде елімізде 15 мыңға жуық әке-шешесi тiрi тастанды балалардың барын, сондай-ақ жыл сайын 6000-ға жуық сәбидің мұхит асып кететінін көрсетеді. Біз неге балаларды тек маусымның 1-і күні ғана еске алып, қалған күндері қорғансыз қалдырамыз?..

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста