ЕҚЫҰ штаб-пәтері төраға болған елге көшіп отыруы керек пе?

ЕҚЫҰ штаб-пәтері төраға болған елге көшіп отыруы керек пе?

Кеше Ресей Президенті Дмитрий Медведев ЕҚЫҰ-ның потенциалына күмәнмен қарайтынын айтып, оған жаңа леп қажет екенін тілге тиек етті. Жалпы, аталған ұйымның ықпалының әлсіреп кеткені жөнінде көп жылдар бойы сын айтылып келеді. Еуропалық қауіпсіздіктен еуразиялық бейнеге жылысып жатқан халықаралық ұйымның орталығы мәңгі Еуропада орналасуы және оның Бас хатшысы ретінде әрдайым еуропалық елдердің азаматтары таңдап алынуы ұйымның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан бірқатар сарапшылар 56 мемлекеттің басын құрайтын ұйымның негізгі орталығы да көшпелі болуы керектігін қолдайды.

Рустам БҰРНАШЕВ, Саяси шешімдер институтының сарапшысы:
Жоқ

– ЕҚЫҰ-ның штаб пәтерін көшпенді жүйеге ауыстыруға қандай да бір қажеттілік бар деп ойламаймын. Себебі бұл соғыс кезіндегі әскери штаб емес қой. Біріншіден, ЕҚЫҰ-ның штаб-пәтері көшпенді жүйеге көшу үшін төрағалық етуші мемлекеттердің барлығының инфраструктурасы дамыған, қауіпсіздік талаптарына сай болуы керек. Аталған меке­менің ғимаратын, байланыс жүйесін, техника­сын, көшіп-қонуын қам­тамасыз етуге кез кел­ген елдің шамасы жете бермес еді. Себебі аталған ұйымның орта­лығы көшіп барған мем­лекетте ЕҚЫҰ кең­сесінің қажеттіліктеріне сай болатын алып ғимарат дайын тұруы керек. Жал­ға алына салатын кез келген ғимарат атал­­ған халық­аралық мекеменің қажеттілігін өтей алмауы мүмкін. Екінші жағынан, мұндай жаңа­лық ене қойған жағдайда кеңсені кө­шіру­ді қам­та­масыз ету үшін есепсіз қаржы кетеді.
 Мұны бейберекет ақша шашу, яғни ысы­рап деп атауға болады. Жыл сайын кө­шіріп отыруды айтпағанда, әдетте бір рет­тік орын ауыстыру үшін де сан жылдық да­йындық керек. Қысқасы, бұл бір ма­ғы­насыз шешім болар еді. Мен штаб-пәтерді бы­лай қойғанда, оның дирекциясын не­ме­се бірлі-жарым қосалқы мекемелерін кө­шірудің өзін қажетсіз іс деп есептеймін. Жал­пы, көшпелі штаб-пәтердің болуы әлем­­­дік тәжірибеде жоқ қой. Әсіресе ірі ұйым­­дардың штаб-пәтері бірнеше ин­ст­и­туттың басын құрайды. Бұл ұйымның мұрағаты бүтін бір кітапхананы құрауы мүм­кін. Сон­да әр жыл сайын соның бәрін бей­бе­ре­кет ар­қалап жүруге тура келеді. ЕҚЫҰ кең­сесі қызметкерлерінің саны мың­нан аса­ды. Егер көшпелі болатын болса, жыл са­­йын жаңа қызметкерлер жинап отыруға ту­­ра келеді. Венада ЕҚЫҰ штаб-пәтерінің ма­ңында қызметкерлерге арнал­ған жа­тақ­хана бар. Оны да көшіруге тура ке­леді. Бұл ұсыныс іске аса қойған күннің өзінде ме­кеменің жұмыс сапасына әсер етпей қой­майды. Себебі штаб-пәтерді кө­шіру үшін ке­мінде жарты жылдай уа­қыт кетер еді. Қысқасы, бұл бастамада мүлде қисын жоқ. Ал ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету­ші елдің ықпалын күшейту үшін бас­қа­дай әдістерді пайда­лану ке­рек деп есеп­теймін. Оның үстіне мен бұ­ған дейін ди­пло­мат­тардың тарапы­нан мұн­дай бас­таманың кө­терілгенін ес­ті­ген емес­пін.

Алтай ТАЙЖАНОВ, философия ғылымының докторы:
Иә

– Қазіргі кезде Еуропалық қауіпсіздік ұйымына төрағалық етуші мемлекеттердің көбі жалтақтық танытады. Әсіресе кішігірім әрі тәжірибесіз мемлекеттер Еуропаның, Американың бейресми нұсқауы бойынша шешім қабылдап отыруы әбден мүмкін. Сондықтан қазір ұйымға төраға болушы мем­лекеттердің ұйымға ықпалын арттыруға қажеттілік бар. Ұйымды реформалауды былай қойғанда, кейбір мемлекеттер өзінің төраға ретіндегі заңды құқығын да пайдалана алмайды ғой. Әрине, штаб-пәтерді көшіріп отыру керек деп төтесінен кесіп айта алмаймын. Дегенмен мұндай бастама төрағалық етуші мемлекеттің шешім қабылдаудағы ықпалын арттыруы мүмкін. Кеше Ресей Президенті Дмитрий Медведев ЕҚЫҰ-ның әлем­дегі ықпалына күмәнмен қарайтынын айтты. Бұл, бір жағынан, рас айтылған сын. 
 Кейбір жалтақ елдер алпауыт ел­дер­дің дегенімен жүріп отыратын болса, олар­дан қандай реформа күту­ге болады? Әлем­ге ықпал етуді былай қой­ғанда, біздің ше­неуніктердің кей­бі­рі аталған ұйымға өз мүд­десін де ұсы­на алмай жүр ғой. Мысалы, сам­мит басталардан бір күн бұрын болған қа­зақ тіліне қатысты оқиғаны сіздердің «Алаш айнасы» газеті ұсынды. Сыртқы іс­тер министрлігінің ресми өкілі Асқар Са­уыт­бекұлы қазақ тілінің ЕҚЫҰ-ның ресми тіл­дері қатарына енбейтінін айтып, мем­лекеттік тілде сөйлеуден бас тартып отыр. Бұл не? Бұл да – жаңағы айт­қандай, кейбір ше­неу­нік­тердің жалтақтығы. Яғни біз атал­ған ұйымға төр­ағалық етіп отыр­ғанның өзін­де, мемлекеттік тілімізді аудар­машы ар­қылы болса да пайдалана алмасақ, қай же­ріміз төраға?! Әсілін­де, төра­ғалық етуші мем­лекеттің қо­лын­да би­лік бо­луы керек еді. Қазір бұл ұйымның штаб-пәтері Еу­ро­па­ның тө­рінде орналасқан, Бас хат­шы­сы­ның шығу тегі – еуропалық, француз. Сон­дық­тан ұйым қатарында 56 мемлекет бол­­ған соң, ұйым талаптары мүше мем­­­ле­кеттердің бар­лығына ортақ бол­ған соң, құ­қықтарымыз да тең болуы ке­рек. Штаб-пә­тердің Еуро­пада орна­ласуы символдық тұр­ғыдан болса да үстемдікті көрсетіп тұр емес пе?!

Бейтарап пікір
Нұрлан Сейдін,
саясаттанушы:
– ЕҚЫҰ-ның беделін арттыру қажет екені рас. Бірақ жыл сайын штаб-пәтерді ауыстырып отыру шешім емес деп ойлаймын. Егер бір реттік көшіру мәселесі сөз болса, онда оны жан-жақты талқылауға болар еді. Ал жыл сайын көшіріп отыру кімге де болса – ұйымның жұмыс тобына, төрағалық етуші мемлекетке ауыртпалық түсіреді. Сондықтан ұйымды реформалауда мұндай техникалық мәселелерге аса назар аудару қажет емес деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста