Қазақстандағы 5 мыңға жуық қоғамдық ұйымдар қозғаушы күш емес, ақша табудың көзіне айналып кеткен жоқ па?

Қазақстандағы 5 мыңға жуық қоғамдық ұйымдар қозғаушы күш емес, ақша табудың көзіне айналып кеткен жоқ па?

Зайырлы, азаматтық, ашық, демократиялы қоғам орнатудың бірден-бір жолы үкіметтік ұйымдардың қызметін барынша жақсарту. Қазіргі уақытта елімізде 5 820 қоғамдық ұйым тіркелген. Бұл, әрине, аз емес. Алайда осы ұйымдардың жұмысына сеніммен де, күмәнмен де қарайтындар бар. Осындай қоғамдағы түйткіл айтары бар азаматтардың көзқарас қайшылығынан көрініс тапты.

Досым Сәтпаев, Тәуекелді бағалау тобының директоры, саясаттанушы:
Иә
– Табыс көзіне айналу мәселесі де бар. Бірақ ол өз алдына бөлек әңгіме. Ал саяси тұрғыдан баға бе­ретін болсақ, дәл қазіргі кезде қо­ғамдық ұйымдар қозғаушы күш­ке айналып отырған жоқ. Бай­қаса­ңыз­дар, соңғы жылдары ҮЕҰ саны бәлен­дей арта қойған жоқ қой. Ал тізімде тұрғандарының бар­лығы қарбалас жұмыс жасап жат­қан  жоқ. Сол бес мың ұйым­ның аз ғана бөлігі бел­сенділік та­ныту­да. Қо­ғам­дық ұйымдар жа­йында сөз болғанда аттап өтуге болмай­тын бір мәселе бар: «Егер неліктен соңғы үш-төрт жылда Қа­зақстанда ҮЕҰ-дың саны кө­бей­ген жоқ» деп сұрасаңыз, оның себебі саяси жағ­дайда.
2005 жылға дейін ҮЕҰ-ға мем­лекеттік гранттар өте көп бөлінетін. Үкімет бейресми ұйымдардың жұмыс белсенділігін арттыруға шынайы ықы­лас білдіріп еді. Бірақ Қырғызстандағы саяси төңкеріс болғаннан кейін, тізгін­нің басы тартылып, сырттан қаржы­лан­дырылатын халықаралық ұйым­дарға қойылатын талап күшейді. Міне, осыдан кейін аталған бағыттағы ұйымдар есеңгіреп қалды. Қаржылай қамтамасыз етіліп отыру қиынға соқ­ты. Мемлекеттік құрылымға жұмыс істеуге келісім берген ұйымдар ғана мем­лекеттен қаржыландырылады. Қа­зір ҮЕҰ-дың қатарын екіге бөліп қарастыруға болады. Алғашқысы – мемлекеттік тапсырыстар бойынша, жұмыс жасап жатқандар. Бұлардың басын Азаматтық Альянс біріктіреді. Бұл қатардағы ұйымдар саяси белсенділік танытпайды. Демек, оларды қоғамның қозғаушы күші деп атауға келмейді. ҮЕҰ-дың келесі бір бөлігі – әртүрлі жолдармен өз-өзін қаржыландырып отыратын ұйымдар. Осылайша, еліміздегі қоғамдық ұйым­дарды қаржыландырудың мем­лекеттен басқа орталықтарының болмауынан ҮЕҰ қоғамның қозғаушы күшіне айнала алмай отыр. Меніңше, сырттан қаржыландырылатын қоғам­дық ұйымдардың да жұмысына же­ңілдік беру керек. ҮЕҰ сонда ғана қоз­ғаушы күшке айнала алады.

Айгүл Соловьева, Мәжіліс депутаты, «Қазақстанның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті:
Жоқ

– Жоқ, мен олай ойламай­мын. Үкіметтік емес ұйым­дарды біздің қоғамды дамы­туға, ше­ші­мін таппаған көп­те­ген мәсе­ле­лерді алға жылжытуға себеп болып отыр­ған әрі арзан, әрі тиім­ді жұмыс күші деп атасақ бо­лады. Бізде қазір бес мыңнан ас­там ҮЕҰ бар болса, соның екі мыңдайы белсенді жұмыс жа­сап жатыр. Бюджеттегі ақ­ша – са­лық төлеушілердікі, яғни ха­лық­тікі. Бұл қаражат ба­рынша тиім­ді жұмсалуы керек. Мы­салы, қазір ауыл­шар­уашылы­ғына, жол құры­лы­сына қомақты қа­ражат бө­лініп жатыр ғой.
Осы қаражатты Үкімет емес, қо­ғам­дық ұйымдардың жаратуы халық­ты көкейдегі күмәннен арылтады. Өйткені қаражаттың қалай жұмсалып жатқандығы ашық көріне бастайды, себебі олар билікке тәуелсіз. Үкіметтік емес ұйымдар кез келген мәселені шешуге өз ұсынысын жасайды, ең тиімді, ең үнемді жолдарды іздейді. Жол құрылысын жүргізуші ұйымдар бюджет ақшасынан шашау шығармай «жолды қай бағытта салса үнемді болады, сапасы қандай болады» дегендей өзіндік зерттеулерін ұсына­ды. Яғни ҮЕҰ конкурстарды жеңіп алу үшін елімізге ең пайдалы жолдар­ды ұсынып отырады. Бұл да бір на­рықтық жүйенің, бәсекенің көрінісі ғой. Ал үкімет қолдағы қаражатты қо­ғамдық ұйымдардың ішіндегі ең белсенді, ең өнімді жұмыс жасайтын­да­рына ғана бөліп беріп отырады. Яғни белгілі бір мәселені шешудің он шақты жолы сарапқа салынады. Осы­лайша, бюджет ақшасы өте үнемді жұм­салып отырады. Үкіметтік емес ұйымдарды бір жағынан жұмыс күші ретінде тануға болады, екінші жа­ғы­нан, олар қоғамдық бақылаушы мән­ге ие. Тоқетерін айтқанда, еліміздегі қо­ғамдық ұйымдар өз деңгейінде жұ­мыс жасап жатыр, және мен оларды қо­ғамның қозғаушы күші деп есеп­теймін.

Тобықтай түйін
Сырттан қаржыландырылатын қоғамдық ұйымдардың арасында өзге бір аймақтың саяси мүддесін күйттейтіндері де болады. Себебі ешбір мемлекет өз қаржысын тектен-тек шашпайды ғой. Дегенмен Ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін, идеологиялық тұрғыдан теріс пиғылы бар қаржыландырушы орталықтардан бойды аулақ салып, тек халықаралық гранттармен ғана жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың жолын ашу керек шығар. Әрине, оның да ішінде сан-түрлі мақсатты көздейтіндері болатыны анық.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста