Қасақана бала өлтіргендерге өлім жазасын қалдыру керек пе?

Қасақана бала өлтіргендерге өлім жазасын қалдыру керек пе?

Өлім жазасы тақырыбы жүздеген жылдар бойы бүкіл әлем халқын толғандыруда. Біреулер елде өлім жазасының жоқтығы – сол елдің өркениеттілігінің көрсеткіші десе, кейбіреулер керісінше, оларда өлім жазасы тағайындалатын рақымсыз, қатыгез қылмыстардың болмауы деп санайды. Біздің елімізде өлім жазасының баламасы ретінде қылмыскерді өмір бойғы бас бостандығынан айыру көзделген. Ал бұрынғы заң жобасы бойынша, өлім жазасына геноцид, мемлекетке опасыздық және әскери қылмыс жасағандар тартылатын. Өткен аптада 2003 жылы Елбасы мораторий жариялаған «Өлім жазасына кесу туралы» Заңын талқыға салып, соғыс уақытында қылмыс жасағандарды өлім жазасына кесуді қалдыруды қарастырып жатқан депутаттар қосымша «бала өліміне себепші болғандарға да осындай жаза тағайындау керек» деген ұсыныс білдірді. Пікір қайшылығына ұшыраған мәселе мамандарымыздың арасында да әрқилы пікір тудыруда.

Кәрібай ТАСШАБАЕВ, адвокат:
Иә

– Қазіргі уақытта өлім жазасының қайта қаралып жатуының өзі оның қоғам үшін маңыздылығының көрсеткіші. Ата-бабаларымыздың өзі «қанға – қан, жанға – жан» деген қанды кек қағидасы бойынша жазалауды пайдаланған. Адам бірдеңе­ден қорықса ғана одан сескеніп, тәртіпке ке­леді. Көбінесе өлім жазасына кесілген жан­дар өлім жазасын өмірлік түрмеде оты­ру жазасымен ауыстыруды өтініп, Ел­басыға хат жазып жатады. Бұл – олардың аталмыш ауыр жазадан қорыққанының ай­ғағы. Әсіресе, қорғансыз, бейкүнә жандарды қасақана өлтірушілерге өлім жаза­сынан артық жаза жоқ. Мысалы, Астана­ның Шұбар ауданында болған жан­­­­түр­­шігерлік жағдайда бейкүнә сәби­лерді қырып салған қылмыскерге өлім жазасынан артық жаза жоқ. Қылмыскер де біреудің өмірін қиды ғой, енді неге оған өлімге өліммен жауап бермеске?
Рас, бұл заңнаманың қабылдануы үшін Ата Заңға өзгеріс енгізу қажет. Алайда ел қауіпсіздігі мен қоғам тыныштығы үшін Ата Заңға өзгеріс енгізуден қашпау керек. Қоғамда қылмыс саны артып жатқан ке­зеңде өлім жазасына мораторий жа­рия­лауымыздың өзі қателік еді. Қандай қыл­мыс жасаса да, өзін өлтірмейтінін білген қылмыскерлер тіпті тайраңдап кетті. Заңның әлсіздігі бүгінгі қоғамдағы түрлі қылмыс түрлерінің артуына тікелей себеп болуда. Заң қатайса ғана тәртіп болады. Еуропалық Кеңеске кіреміз деп даурық­қанша, алдымен халықтың қауіпсіздігін ой­лаған жөн. Бұл заңның жұмыс істеуі арқылы, бәлкім, дәрігерлердің де өз ісіне деген жауапкершілігін арттыруымыз мүм­кін. Әйтпесе дәрігерлердің жауапсызды­­­ғы мен өз ісіне салғырттығы да бала өлімінің көбеюіне соқ­тырып отырған жайлар аз емес.
Әр елде жүргізілген әлеу­меттанушылық сұ­рау­лар көр­сет­кеніндей, халық­тың көп­шілігі бұл жаза түрін қолдайды. Біздің елде де сұрау салын­ғандардың 70 пайыз­ға жуығы өлім жа­засын қал­дыруды жақ­таған. Өлім жа­засын өмір бойы бас бос­­тандығынан айырумен ал­мастыру мемлекет бюд­же­тіне де қымбатқа соғады. Ха­лық­­аралық түрме рефор­ма­сы­ның (PRI) есебі бойын­ша түзету мекемесінде тұт­қындалғанның ха­лық­аралық стандарттарға толық жауап беретін бір ор­нының құны жылына 20 мың АҚШ долларын құрайды екен. Ал ауыр жазалы қылмыскерді сонша ақшамен мемлекеттің бағуы әділеттілік пе? Сондықтан еліміз үшін өлім жазасының қажеттілігі зор.

Марат СӘРСЕНБАЕВ, заң ғылымының докторы:
Жоқ

– Халықаралық тенденция елімізде өлім жазасын болдырмауды талап етіп отыр. Кеңес Одағы кезінде елімізде өлім жазасы көп орындалды, бірақ бә­рібір елдегі қылмыстың көрсеткіші азай­ма­ды. Бұл – өлім жазасын та­ғайындау қыл­мыс санын азайта ал­май­тындығының ай­қын дә­лелі. Өлім жа­засының негізгі мақса­­ты – қылмыс­керлерді жазалау арқылы қыл­­­­мыстың алдын алу, басқаларды қыл­мыс жасаған жағдайда солай жаза­лана­тындығымен қорқыту. Бірақ бел­гілеген межеден өзін көрсете алмаса, ол жаза не үшін қажет? Өлім жазасын қол­да­нумен қылмыс саны азаймады. Себе­бі қылмыскерлердің кө­бісі қыл­мыс жа­сар алдында өзінің жазала­на­тынын ойлай бермейді. Сондықтан өлім жа­засы өзі­нің профилактикалық қызметін де атқара алмай отыр.
Қасақана бала өлтіргендерді де өлім жазасына кесу арқылы бұл мәселенің алдын ала алмаймыз. Мысалы, қылмыскердің кішкентай, жазықсыз, бей­күнә баладан ала алмай жүрген қандай ақысы болуы мүмкін?! Сондықтан адамдарды өлім жазасымен қорқытқаннан гөрі, басқа іс-шараларды қарастырған жөн. Жауапкершілік жүгі «қасақана қылмыс жасау» және «абайсызда қылмыс жасау» түрлеріне бай­ланысты анықталады. Қазіргідей дәрігерлердің сал­ғырттығына байланысты бала өлімі көбейген тұста баланың өміріне қауіп төндіргені үшін дәрігерлер қауымы да осы жазамен қатаң айыптала қояды деп ойламаймын. Көптеген Еуропа елдерінде мұндай ауыр жаза қолданылмайды. Ол елдердің қылмыс санында да өсу көрсеткіші байқалмайды. Сол ел­дердің тәжірибесіне сүйенсек, қылмыскерді жедел іздестіру шарасы ең бірінші кезекте жүзеге асады. Тәжірибелі ізкесушілер қылмыскерді тез құрықтайды. Қылмыскерлер қылмыс жасағанының өзінде тез қолға түсетінін біліп, қылмыстан аяқ тартады. Ал бізде болары болып, бояуы сіңіп, қылмыскер әбден ізін жасырған соң ғана іздестірілу шаралары бас­талатын кез аз емес. Осындай заң орындарының кәсіби шеберлігінің төмендігіне қоса, жабдықталу деңгейі де мәз емес. Мысалы, «Мерседеспен» қаш­қан қылмыскерді «Жигулимен» қуып ұстай аламыз ба? Осы орайда қылмыскер құтылып кетпестей етіп құқық қорғау орындарына жағдай жа­сауы­мыз қажет. Мысалы, шетелде қашқын қылмыскерді құ­рықтау үшін машинасы да, бейне ба­қылау құралдары да, керек десеңіз, тікұшағы да дайын тұрады. Ал бізде ондай мүмкіншілік атымен жоқ. Талай қылмыс­керлеріміздің шекара асып қашып кетіп отыр­ғаны да осыдан. Қыл­мыс­кердің пси­хологиясы жазаланудан бұ­рын, ұсталып қалудан қорқады. Егер біз­дің құқық қор­ғау орындары кәсіби жә­не материал­дық тұрғыдан мықты болса, қылмыскер көбеймес еді. Сондықтан өлім жазасынан гөрі, қылмыскердің қолға түсіп, жазалану жағын күшейткен жөн. Әлем бойынша өлім жазасын алып тастау қажет. Себебі Алланың берген өміріне адамның шешім шығаруы дұрыс емес.

Түйін
Таяқтың қашанда екі ұшы бар. Қасақана бала өлтіргендерге өлім жазасын тағайындай отырып, дәрігер қауымының жазықсыз жаланың құрбаны болуына жол ашып бермейміз бе? Бәлкім, бұл заң өмір есігін ашпай жатып, жазықсыз құрбан болған, үлкендер тарапынан зорлық-зомбылық тіпті еріксіз порнографиялық фильмдерге түсірілген балалар құқығының қорғалуына жол аша ма? Бала құқығы, адам құқығы, жалпы, сіз бен біздің құқығымыз сөз болып жатқанда, оқырмандар да үнсіз қалмайды деп ойлаймыз...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста