Білім мекемелерінде хиджаб киюге заңмен тыйым салу керек деген ұсыныспен келісесіз бе?

Білім мекемелерінде хиджаб киюге заңмен тыйым салу керек деген ұсыныспен келісесіз бе?

Еліміздегі оқу орындарында хиджаб киюге заңмен тыйым салынуы мүмкін. Білім және ғылым министр­лігі «Білім туралы» Заңға осындай өзгеріс енгізу жөнінде бастама көтеріп отыр. Егер бұл ұсыныс қабылданса, мектептен бастап университетке дейінгі білім ордаларында шәкірттермен қатар мұғалімдер де діни киіммен сабаққа келе алмайды. Яғни білім мекемелеріндегі хиджаб таққан қыз-келіншектер үшін не оқу, не орамал деген таңдау тұрмақ. Жаңа құжатқа сай оқу орындарында орамал тағумен бірге намаз оқуға да тыйым салынбақ. Алайда бұл өзгеріс қазірдің өзінде қоғамда үлкен пікірталас тудырып отыр. Өйткені «білім діннен ажыратылған» деген пікірдегі Білім және ғылым министрлігі өз бастамаларын дұрыс деп санаса, хиджабты жақтаушылар «Ата Заңда діни наным-сенім бостандығына кепілдік берілген, сондықтан министрлік конституциялық құқымызды шектеуде» дейді. Екі тараптың пікірін ой-көкпарда тоғыстырған едік...

Айқан АҚАНҰЛЫ, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры:
Иә

– Иә, дәл қазіргі кезде барлық білім мекемелеріндегі қыз-келіншектердің хид­жаб киюіне заңмен тыйым салынуы керек. Себебі күн өткен сайын мектептер мен ЖОО-да, колледждерде хиджаб киетін студенттер мен оқытушылар саны артып барады. Ал бұл білім беру мекемелерінің ішкі жарғысына қайшы келеді.
Жалпы, біздің елімізде діни ұста­ным­дарға деген көзқарас басқаша болуы керек. Себебі қазақ халқының тарихына көз жүгіртер болсақ, қыз-келіншектеріміз ешқашан бүркеніп жүрмеген. Ал қазіргі діни бағыт бізді ұлттық салт-дәстүрімізден ажыратып барады. Еліміздегі дәстүрлі дінімізге сәйкес келмейтін, ұлттық салт-дәстүрді ұмыттыруға айналған мұндай нәр­селерден алшақ болған жөн. 
Біздің оқу ордамызда да хиджаб киетін студенттер кездесуде. Ал университеттің ішкі тәртібіне сәйкес, барлық сту­дент­тер ақ халатпен жүруі тиіс. Ал олар­дың хиджаб пен ақ халатты қалай сәйкестендіріп киетінін түсін­бей­мін. Рас, қазір қит етсе, хиджаб киген қыздар «денемізді ашық-ша­шық көрсетпеуге тырысып, хиджаб киген бізге тиісе бергенше, қысқа киіп, кіндіктерін ашып жүрген қыз­дар­ға неге қарсы шықпайсыңдар» дейтінді шығаруда. Сонда қыздар не кін­діктерін ашып, не хиджаб киіп жүруі керек пе? Оларға қалыпқа сай киінуге болмай ма? Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінде, тарихында қыздар кіндіктерін ашып жүрмеген, хиджаб та кимеген. Сондықтан неге жара­сымды, өзінің тал бітіміне сай ашық-шашық та емес, басқа мұ­сыл­ман елдеріне еліктеп хид­жабқа да әуес­тенбей жарасымды киініп жүр­меске? Осы орайда білім беру меке­ме­леріндегі киіну тәртібіне назар ау­да­ратын кез жетті деп санаймын.

Жанар ЕЛДОСҚЫЗЫ, журналист:
Жоқ

– Мен бұл тыйым ата-бабадан мирас болып қалған дініміз – ислам қағидаларына да, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ұстанымымызға да, мемлекеттігімізге де қарсы әрекет деп санаймын. Құрғақ сөз емес, дәлелмен жеткізсек. Біріншіден, иманы бар адам ғана — мұсылман. Ал иман­ды адам Құранның хақтығына се­неді. Алланың бұйрығын орындайды. Ал Құранның «Нұр» сүресінің 31-аятында: «Мүмін әйелдерге айт: бөгде ерлерден көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін зинадан қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен көрінгендерінен басқа (беті, алақаны білезікке дейін және аяғы тобыққа дейін). Және бүркеншіктерін омыраулары­на түсірсін», – делінген.
 Екіншіден, соңғы жылдары қолымызға тиген Ресейдің 300 жылдық тарихы бар Кунсткамера мұражайындағы фото­су­рет­терге қарасақ, барлығында қазақ қыз-келіншектері басына ора­мал тартып, етек-жеңі ұзын, кең көйлек киген­дігін көреміз. Құранда жазылған жерлері ғана ашық тұр. Бұл – ешқандай қиял, фантазия, қызыл сөз  емес, тарихи фото­құжат. Тіпті жазушы Дулат Исабеков бір ес­те­лі­гінде өткен ға­сыр­дың орта шеніне дейін ке­лін­шектер ақ, қыз­дар қызыл ора­мал тағып жү­ретінін жазады. Шыңғыс Айт­ма­тов­тың «Қызыл орамалды шынарым» шы­ғар­ма­сы­ның та­қы­ры­бын қара­ңыз. Қазақтардың «...үшінші бай­лық – ақ жаулық» деп әйелді ора­малмен шен­дестіретінін еске алыңыз. Кешегі ақ киме­шекпен отырып күй күмбірлеткен Ди­наның бейнесін тағы бір қолға алайық. Қысқасы, қазақ ұлттық ұста­ны­мында бүркеншекке қа­тыс­­ты мысалдар жетіп-артылады.
Үшіншіден, мемлекеттің тірегі – Кон­с­ти­туция. Ал аталған мәселені көтеріп отырған орган Кон­сти­туциямыздың 19-бабындағы «Әр­кiм өзi­­нiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дiн­ге жа­татынын өзi анықтауға және оны көр­сету-көрсетпеуге хақылы» дегенін қа­лай­ша аяқасты етеді? Еліміздің Жоғарғы Кон­­ституция­лық кеңесі неге мұны бақы­лау­ға ал­майды? Кез келген заңды құжат Ата Заңы­мыз­дан бастау алуы қажет емес пе? Қазақ өркениетінде тіл, өнер, дәстүр қан­­ша­лықты орын алса, ислам дінінің де өл­­шеусіз орны бар. Дінсіз өркениет жоқ. Қазақ қоғамын артқа сүйрейтін исламды түсін­беушілік әрекеттері сүйікті қо­жай­ы­нын шыбыннан қоримын деп таспен атып өлтір­ген аюдың қылығымен тең. Сон­дық­тан Білім және ғылым министрлігі үш мә­се­­лені де ескеріп, бұл райынан қайтады деп үміттенемін.

Бейтарап пікір
Расул ЖҰМАЛЫ,
саясаттанушы:
– Білім мекемелерінде қыз-келіншектердің хиджаб киюіне заңмен тыйым салу дұрыс емес. Жалпы, діни мәселелер – өте сезімтал нәрсе. Хиджаб болсын, радикалды ислами бағыт болсын біз тыйым салу немесе жауапқа тарту арқылы мәселені шеше алмаймыз. Мұндай тыйым салулардың әсерінен керісінше діни мәселе ушыға түседі. Оны біз Еуропа елдерінің тәжірибесінен де байқап отырмыз. Дәстүрлі ислам дінінің жақтасы ретінде өз басым хиджабты жақтамаймын. Ислам – дәстүрлі түрде ғасырлар бойы қалыптасқан дін. Оның өзіндік құндылықтары мен өзгешеліктері бар. Тарихқа көз жүгіртсек, біздің халқымыздың ұстанымы Әбу-Ханифа мәзһабы саналады. Ал Сауд Арабиясы, Мысыр секілді мұсылман елдерінің мәзһабы мүлдем бөлек. Олардың өзара айырмашылықтары да баршылық. Дегенмен бүгінде хиджаб секілді басқа елдердің діни тәртіптері бізге кіріп кетуде. Алайда біз оған тыйым салу арқылы тосқауыл қоя алмаймыз. Сондықтан өзіміздің дәстүрлі дінімізді уағыздап, діни басқарманың құзыретін күшейту арқылы күрес жүргізгеніміз жөн. Тағы бір айта кетер жайт – діни қызметкерлеріміздің өзге мемлекеттерде діни сауатын арттыруына да шектеу қою керек. Хиджаб киюге тыйым салғаннан гөрі осындай күрес түрі әлдеқайда нәтижелі болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста