Алаш ақыны
Хамит ЕСАМАН: Жазылса ғасырдың өлеңі, Басқаның қажеті шамалы...
Көздерінде күміс түстес шық тұнып,
Нәзік назын қылығымен ұқтырып;
Көктем болып күлімдейтін кіршіксіз,
Ол да мендей ақын еді тұп-тұнық.
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ: "Он күнәнің тоғызы — тілден" дейді, Сенің күнәң аз шығар, қайран анам"
Көктемнің айтты жайын бар,
Тізбегін құстар бұзбай кеп.
Бүр жарды кенет қайыңдар,
Бойжеткен биыл қыздай боп.
Толқын ҚАБЫЛША: Алқаракөктің ақ сауыр бұлты жолдаған, Керімсал менің көктемім!
Аңсарым болып тек менің!
Ақпанмен бірге асығып жеткен көктемім.
Ақ қанат қарды алақанға алып, жаураған.
Аңғал да болдым, сөкпегін!
Данияр ӘЛІМҚҰЛ: Кім енді сендей оқиды екен, Көзімде қалған өлеңнің жолын...
...Жүрек жеңілді, алдырмайын деп ем...
...Сезім шетінеп, тірі қалды ой...
...Сені жалғыз қалдырмайын деп ем...
...Жалғыздық жылап, тұрып алды ғой...
Жанаргүл ҚАДЫРОВА: Өлең боп өзіңді іздесем...
«Алладан басқа Тәңір жоқ,
Мұхаммед – оның елшісі».
Құлыңның иман, сабыр тек -
Өзіңнен күтер еншісі.
Мирас АСАН: Менің ғұмырым жусандай ғана қып-қысқа,
Жапырақтың махаббаты сен бе екен?
Жапырақтың махаббаты мен бе екем?
Жапырақтың махаббаты Күн әлде?
Жапырақтың махаббаты Жел ме екен?
Табиғат АБАИЛДАЕВ: Сенің кінәң – көктен құлайтындығың, Менің кінәм – лажсыз күлімдейтінім!
Есімде еді, есіңде еді,
Бізбен бірге талдардың шешінгені.
Қимылымды құп алып, қарсы болмай,
Кінәлі ғып тастадың сосын мені.
Бақытгүл БАБАШ: Дертіңе қалай төземін, сенсіз де сынық қанатым...
Күткенде уақыт өтпейді неге?
Күлімдеп бақыт жетпейді неге?
Сағынып сені аласұрғанда,
Жүрегім құс боп кетпейді неге?
Бақыт БЕДЕЛХАНҰЛЫ: Уақыттың жүрегі
Қарашада шөп басын жел кемірер,
Шұнақ аяз шұқшиып, ерге мінер.
«Қауыс» соңы, аяғы «Боқыраудың»
Бітпей қалған бейнетің белде жүрер...
Ерғали БАҚАШ: Түсінуім мүмкін ғой, мына өмірді, Көшпендінің ең соңғы қазағы боп...
Ерғали Бақаш,1982-жылы Шығыс Түркістанның Іле облысы, Нылқы ауданы, Ластай ауылында дүниеге келген. 2003-жылы атажұртқа оралған. ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі.
Мұрат Шаймаран: Қызылды-жасылды тіршілік барады, Тас еден жолдардың инін қандырып…
Иегіменен көрсетті уақыт қыр жақты,
Қыр жақты бетке ап қызарып барып күн батты.
Мақпал МЫСА: Қанаттының бәрі де маған ғашық...
Армандарға жетелеп асқаралы,
Дүниенің ашылып қас қабағы.
Хантәңірдің оранып шапағына,
Көктем біздің ауылдан басталады.
Құл-Керім ЕЛЕМЕС: Жын ба, жын да тұрақсыздау мақұлық, Адам – халиф, бірақ көбі надан-ды...
СҮЮ
Бисмилләһир-Рахмәнир-Рахим
Адам һәм Адам баласы,
Аллаһты сүйсе жарапты.
Асылбек ЖАҢБЫРБАЙ: Ғарыш сынды жаралдым шексіздіктен, Ұқсатпаймын өзімді түпнұсқаға...
Айтқанымды жөн де, мейлі, теріс де,
Еркің білсін – келіс, мейлі, келіспе.
Азамат Тасқараұлы: Айға қарап ұлиды ұзақ көкбөрім, Көкірегі тұрса да ылғи қансырап
Күн, күн өрдім, күн өрдім,
Бұғы-Анаммен бір өрдім.
Қоңыр бұйра мүк талмап,
Таңғы шалғын, шыққа аунап
Тоқтарәлі Таңжарық: Екеуміз сүйетін бұл өмір Барады, ә, осылай қуарып...
Өртелген мешіт
Бейуақта сөккен кім сенімімнің көбесін?
Үйі өртелді Алланың.
(Түсім емес, өңім бұл).
Бауыржан ҚАРАҒЫЗҰЛЫ: Сенің қап-қара көзіңді ішкім келеді...
Рухым Жерге тасталған сәттен,
Өмірім сәтті басталған сәттен,
Өлім сағатын сарылып күткен,
Жүрегімді тыңда...
Қалқаман САРИН: Күздің соңғы қолтаңбасы...
КҮЗГІ ХАТ...
Сенесіз бе?
Сағындым,
Сізді көрмей…
Үмітіммен күй кештім үздігердей.
Сізді әйтеуір жаныма жақын тұтам,
Бәлкім, жақсы көрерсіз күзді мендей?
Ырысбек ДӘБЕЙ: Әлсін-әлі тау басына қараймын, Самал сөздің көбігінен жерініп...
Бозамық Айдың сәулесі көгілжім су бетінде сынып,
Айнакөлдің тұңғиығына телмірген Жұмбақтас...
Әлібек ШЕГЕБАЙ: Неге ғана ерте туып уақыттан, Неге ғана кешігіп біз кездестік?!
Әлібек Шегебай, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Сүткент ауылында дүниеге келген.