Алаш ақыны

Жұматай Жақыпбаев:  Өмірде, мүмкін, сүюден опа жоқ бізге?!
Жұматай Жақыпбаев: Өмірде, мүмкін, сүюден опа жоқ бізге?!
Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ, Мойныңа жұқа ал қызыл шарф байлап ап, Алаулап жүзің аса бір асқақ нұрменен, Алыстан тұрдың көз қарасыңмен аймалап.
Темірхан Медетбек: Қайда, сол кездер?!
Темірхан Медетбек: Қайда, сол кездер?!
Ішіме от толып кеткенде Қарағайдың бұтағына Қарыс боп қатқан мұзды Омырып алып Күтір-күтір Шайнайтын едім. Соның өзінде Қызуым басылмай Сақылдап Қайнайтын едім.
Подробнее
Қастек Баянбай: Ақ жауын болып басылмай кейде жылайсың...
Қастек Баянбай: Ақ жауын болып басылмай кейде жылайсың...
Біздікі еді мынау қала, Анау бақ, Бұлдыр тартып бара жатыр бәрі аулақ. Жатырқайды бұрынғы аялдамалар, Өзің күтіп тұрмағасын алаңдап.
Подробнее
Ибрагим Иса: Алаңдайсың өмірдің өткеніне, қарайлайсың артымнан кім іздер деп...
Ибрагим Иса: Алаңдайсың өмірдің өткеніне, қарайлайсың артымнан кім іздер деп...
Бір ғұмырың жетсін мейлі, жетпесін, Өкінесің уақыт сырғып өткесін. Маған дейін қоя алмаған ешкім де, Мен де уақыттың қоя алмайын нүктесін.
Подробнее
Абзал Бөкен: Мен ұлымын, – десе біреу селк етем...
Абзал Бөкен: Мен ұлымын, – десе біреу селк етем...
Нарық келді… Мәз қымызға, мәз аққа, Халқым қалды қаржы деген азапқа. Жүз дос емес, Жүз сомның да керегін жүз жылда ұққан Не дерсің бұл қазаққа?!
Подробнее
Жұмекен Нәжімеденов: Қоңыр жолға түсіп едім мен өстіп...
Жұмекен Нәжімеденов: Қоңыр жолға түсіп едім мен өстіп...
Қоңыр шешем қоңыр кешті жамылып, көзін сулап, қалып еді қамығып. Қоңыр жолға түсіп едім мен өстіп – қоңырқай ой маза берер емес түк. Қоңырайып жатыр алда жол әлі – кеудем кейде қоңыр күйге толады. Қоңыр әнмен қазақ бесік тербетіп, өргізіпті-ау қоңыр-қоңы
Подробнее
Жадыра Дәрібаева: Жалғанды жалпағынан басқандар аз...
Жадыра Дәрібаева: Жалғанды жалпағынан басқандар аз...
Жарық дүние, кереметсің, керемет, Сен де мені, мен секілді керек ет. Күрең-күрең көбейттірмей күндерді, Қуатың мен берекеңнен бере кет. Сүмбіл көкке күнде жүрем ынтық боп, Сезімдерім төгіледі мың шық боп, Жалт-жұлт еткен ұшқын – әлем ішінде,
Подробнее
Талғат Ешенұлы: Бірдеңе мөлт етті көзде, бұл не тағы, тағдыр ма?!
Талғат Ешенұлы: Бірдеңе мөлт етті көзде, бұл не тағы, тағдыр ма?!
Көзімді аштым іңірде: «Не енді?» дедім іңгәлап. «Кел енді...» деді өмір де, Иткөйлегімді жұлмалап.
Подробнее
Ертай Ашықбаев: Бұл қаланы дәл мендей сүймейді ешкім...
Ертай Ашықбаев: Бұл қаланы дәл мендей сүймейді ешкім...
Мен деген — үнсіз ғаламмын, Қоштасқам дүрмектеріммен. О, не деп тұрсыз маған, Мұң, Не істеуге міндетті едім мен?
Подробнее
Бауыржан Үсенов: Қоштасқан құстардың көз жасы ...
Бауыржан Үсенов: Қоштасқан құстардың көз жасы ...
Менің ұшқым келеді биік-биік, Бұлттарменен тигізсем иыққа иық Содан кейін түйіліп төмен қарай, Жыр нөсерін жіберсем құйып, құйып. Су-су болып жүгірсе жайран қағып, Қара өлеңді сағынған қайран халық.
Подробнее
Анар Шамшадинова: Кешірем сенсіз келген көктемдерді...
Анар Шамшадинова: Кешірем сенсіз келген көктемдерді...
Мұңнан қашпан жеңе алмас, Ғашықтықты қайтаратын дәрі бер. Маған ешбір тәуіп көмек бере алмас, Сағынышты тарқата ма дәрігер?
Подробнее
Асылзат Арыстанбек: Бұдан өткен ауыр азап жоқ сірә...
Асылзат Арыстанбек: Бұдан өткен ауыр азап жоқ сірә...
Ертегіге бергісіз еліміз бар, Ертегі айтып беретін еріміз бар. Төркініне келгендей тайраңдайтын, Талайларға ұсынар төріміз бар.
Подробнее
Заида Елғондинова: Өміріме сыймай, ғұмырыма сыймай жылаймын...
Заида Елғондинова: Өміріме сыймай, ғұмырыма сыймай жылаймын...
Көк ғарышпен мәңгілік астасқанша, Әзірейіл албасты қастасқанша, Кербаланың шөлінде өмір сүрем, Сен аман бол, табаным тас басқанша.
Подробнее
Медеу Жұмабаев: Қазақ бүгін шаршағандай...
Медеу Жұмабаев: Қазақ бүгін шаршағандай...
...Қазақ бүгін шаршағандай, Заман бәрін жұтатты. Тауда өскен аршаны алмай, Сипаладым бұтақты.
Подробнее
Ақберен Елгезек: Жанарымнан сан ұшқын шашырайды...
Ақберен Елгезек: Жанарымнан сан ұшқын шашырайды...
Бұрын, Көңілімнің бағында гүлдеп тұратын үміттер. Көкірегімдегі нұр шашатын күдік те. Түні бойы өлең жазып, Таң алды Жанарымда жай ойнаушы ед, жігіттер!.. Кеше, Талай-талай кітап оқып тартымды, Ақыл-есім ойжетпеске талпынды.
Подробнее
Әлібек Шегебай: Азды күн сағынышты серік қылдым...
Әлібек Шегебай: Азды күн сағынышты серік қылдым...
Азынап астыменен тұнық көктің, Бұлттарын бесін ауа қуып жеттім. Бұл менің ауылым ғой, Ауылымнан, Мен неге соңғы кезде суып кеттім?!
Подробнее
Жанна Елеусіз: Сен де кешір…мен де сені кешіргем…
Жанна Елеусіз: Сен де кешір…мен де сені кешіргем…
Мен Өлеңді аяймын. Сендер кімді? Алдына оның барасың жылап қалып. Тағдырыңнан теперіш көргеніңді, болмағанын тірлігің тұрақталып.
Подробнее
Мұрат Шаймаран: Ажалдай асқақ мәңгілік, Өлең...
Мұрат Шаймаран: Ажалдай асқақ мәңгілік, Өлең...
Сан ойдың санамда көп сауалы бар, Қаңғыбас – кезбе тірлік маған ұнар. Алматы қанша жұмбақ болғанымен, Арбат деп аталатын алаңы бар.
Подробнее
Фариза Оңғарсынова: Талантты болу қауіпті, талантсыздардың ішінде...
Фариза Оңғарсынова: Талантты болу қауіпті, талантсыздардың ішінде...
«Жұрт маған неге жауықты?», Деп өзің босқа кішірме. Талантты болу қауіпті Талантсыздардың ішінде.
Подробнее
Ақылбек Шаяхмет: Өлең-жырлар – іштен шыққан көз жасым...
Ақылбек Шаяхмет: Өлең-жырлар – іштен шыққан көз жасым...
Ат жалын тартып мінер халге жеттім, Аяқ сап үзеңгіге, ерге жеттім. Ерім деп еркелетер елге кеппін, Алпыстай асуды асып, төрге кеппін.
Подробнее