Оңтүстікте жылыжайлардың сапасы жақсарып келеді

Еліміздегі жылыжайдың басым бөлігі оңтүстік өңірлерде орналасқаны белгілі. Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі жылыжайлар «Аделя» ШҚ және «Аманкелдi» ЖШС-і. Жылыжай салу, оны жабдықтау өте күрделі әрі екінің бірі қолға ала бермейтін шаруа. Дегенмен оңтүстіктің шаруалары бүгінде жылыжайлардың сапасын барынша жақсартуға тырысып бағуда.


Елімізде жылыжай саласы өткен ғасырдың 70-жылдары дами бастады. 1990 жылы 560 гектар жабық топырақта өнім өндірілген. Оның 58,5 пайызы көктемгі үлдір жылыжайлары болатын. Бұл жалпы жеміс-көкөніс сұранысының 4 пайызын құрады. Кеңес Одағы тараған кезде жылыжай саласы да тоқырауға ұшырып, көптеген жылыжай өз жұмысын тоқтатты. 2008 жылы жылыжай саласының екінші тынысы ашылды деуге болады. Себебі, Үкімет «ҚазАгро» ұлттық холдингі арқылы Шымкентте алғаш рет «Азия-Трейд» ЖШС жобасын қолға алды. Сосын жаңа инновациялық жылыжай кешеннің құрылысы басталды. RFCA Ratings зерттеуі бойынша, 2008 жылы елімізде көлемі 58,6 гектарды құрайтын жабық топырақта көкөніс өсіретін 108 жылыжай кешені болған. Жылыжайлар негізінен қызанақ, қияр және көк-сөк өсіруге бағытталған. Ол кездері жылыжайдың басым бөлігі еліміздің оңтүстік өңірінде орналасты. Бір ғана Шымкенттің өзінде 459,8 гектар жабық топырақта көкөніс өсіретін жылыжай болды. Алматы облысында 44,9 гектар, Қарағанды облысында 21,5 гектар жылыжай бар еді. Дегенмен бұл жылыжайлар еліміз тұрғындарын маусым аралық кезеңде көкөніспен толық қамтамасыз ете алмады. Бұл кезеңде халық сұранысының небәрі 20 пайызын қанағаттандырды. Анығы жабық топырақта бар болғаны жылына 3500 тонна көкөніс өндірілді. Көкөніске сұраныс қашанда жоғары. Әсіресе, қыс мезгілінде өнім бағасы көтеріледі. Бұл өндірісшілердің жобадан біраз қаржы табатын кезі. Дегенмен салада біраз шешімін таппаған мәселелер бар. Ол – салада білікті мамандардың тапшылығы, еңбек шығынының молдығы мен электр энергиясының қымбаттығы.
Бұл өндіріс үшін ауыр сала, оның үстіне жылыжай құрылысы мен оны дамыту үшін қомақты қаржы қажет. Соларды ойлаған кез келген ауыл шаруашылығы өндірушісі мұндай кешен құрылысын тұрғызуға бірден шешім қабылдай алмайды.
«Жаңа жылыжай кешенін тұрғызу шешімі қиын мәселенің бірі. Оған себеп, біріншіден, жылыжай кешені бөлшектерінің бәрі дерлік шет елдерден әкелінеді. Екіншіден, жылыжай тұрғызудың қымбатқа түсетіндігі кәсіпкерлердің бұл іспен айналысуға деген құлшынысын азайтады. Жылыжай кешенін тұрғызудың орташа шығыны оған пайдаланған материалдың түріне және оның сапасына байланысты. Сондықтан еліміздің ауа райы салқындау болып келетін солтүстік, орталық және батыс өңірі қалыңдығы 8-10 мм болып келетін шыны пакеттер мен поликарбонаттарды пайдаланады. Ал оңтүстік өңірдегілер бір немесе екі қабатты үлдірді іске жаратады. Бұрыннан қалыптасқан үрдіс бойынша біз 1 шаршы метр жерден жылына екі айналым жасағанда 15-18 келі өнім алынатын. Қазір біз жоғары технологиялық өнеркәсіптік жылыжайлар арқылы екіқабатты шыны пакеттің арқасында үш-төрт есе артық өнім алуға қол жеткізіп отырмыз. Оның үстіне қазір жылыжайдың биіктігі 5-7 метрге дейін жетеді. Мұның өзі өнімді артығымен алуға мүмкіндік туғызады», дейді «Аманкелдi» ЖШС басшысы А.Әлімжанов.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста