Кәсіп, кәсіп түбі — нәсіп

Кәсіп, кәсіп түбі — нәсіп

"Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жететін". Бұл мақал әсіресе қазіргі дағдарыс қыспаққа алған заманда, жалқауларға қамшы боп тисе игі. Себебі, "Еңбек - ырыстың бұлағы, - бақыттың шырағы". Елбасы да үнемі еңбек ет, кәсіп қыл, бизнестің көзін аш деп халыққа үнемі үндеу тастап келеді. Оған мемлекеттің барынша көмек көрсететінін де айтқан болатын. Мысалы "Жұмыспен қамту -2020" жол картасы бағдарламасы арқылы ақ отбасылық бизнес ашуға болады. Қапшағайлық Айжан Әбдірешқызы бағдарламаға арқа сүйеп, кәсіп көзін тапқандардың бірі. Қолы ісмер тігінші шағын ғана тігін цехын ашып, өзі мен өзгенің тұрмысын жақсартуға еңбектеніп келеді.


Ою-өрнегі көздің жауын алатын бұл төр көрпелер, толық тігіліп бітпей жатып, сатып алушысын осылай тауып үлгереді. Бұйымның сапасына күмән келтіріп жатқан ешкім жоқ. Себебі, бұл Айжанның қолынан шыққан дүниелер. Шеңгелді ауылында шағын ғана тігін цехын ашып, тігінші өзіндік "брэендтін" қалыптастырып алған. Жасау-жабдыққа көрпе-жастық, сырмақ, той бастарға кәде сыйлардың түр-түрін дайындайды.

АЙЖАН ӘБДІРЕШҚЫЗЫ КӘСІПКЕР Бұл істі қолға алғанымыз өзіміздің қолдан келгенді, елге көрсету. Содан табыс көзін табу.

Табыс көзін табуда Айжан қателеспеді. Бала кезінен анасынан үйренген құрақ құрап, көрпе тігу өнерін кәдеге жаратты. Мемлекеттік бағдарлама арқылы несиелік қаражатқа қол жеткізді. Қала жағаламады, ауылдың өзінде тұрып ақ отбасылық бизнеске кірісті. Тігін цехын ашып, жүргізуде анасы Ажар Адамбекқызы оң қолы болды. Әрекет болмай-берекет жоқ. Бірлікте еңбектеніп, кәсіптерін көңілді, өнімді жұмысқа айналдырды.

АЖАР АДАМБЕКҚЫЗЫ ТІГІНШІ Бұл құрақты бала кезімнен құрағам. Ата-анам шебер адамдар болды да, ол кезде мынадай жақсы заман болмады, бәрі аяқсы қалған жұмыс болды. Ендігі тілегім әрі қарай қызым алып кетсе деп бастама көтерткізгем.

Аналы-балалы екеуден бөлек тігін цехында тағы бір ауыл тұрғынына тұрақты жұмыс табылған. Жұмыс көптігінен кейде тіпті үшеу боп үлгере алмай қаламыз дейді кәсіпкер. Бірақ ешкімнің бетін қайтармайды, тапсырысты қабылдайды. Тілге емес, күшке сүйеніп айтқан уақытында дайындайды. Тиісті еңбекақыға қол жеткізтеді. Ісімізді берекелі еткен "Жұмыспен қамту 2020" жол картасы бағдарламасы деп біледі.

АЙЖАН ӘБДІРЕШҚЫЗЫ КӘСІПКЕР Үлкен кісілерге болсын, жастарға болсын өте жақсы жоба қолға алса. Болашақта жоспарым осы істі үлкейтіп, жұмысшыны көбірек алып өзімізді де, өзгені де жұмыспен қамту.

Қазақ елінде қазір ұзын-ырғасы 2,4 миллион адам осы шағын және орта кәсіпкерлік саласында еңбек етеді екен. Бұл сан жыл өткен сайын өсіп келеді. Мәселен Қапшағай өңірінде биыл кәсіп ашамын деген 12 адамға 30 млн. теңгелік несие берілген. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста