Екібастұздық темір жол дөңгелектері өндірісі кеңейтіледі

Екібастұздық темір жол дөңгелектері өндірісі кеңейтіледі
Павлодар облысында ірі индустриалды жоба іске асырылуда. «Бәйтерек» холдингінің еңшілес ұйымы «Қазақстанның даму банкі» Екібастұз қаласында теміржол дөңгелектері өндірісінің қуатын арттыруды көздейтін ауқымды жобаны қаржыландыруды қолға алды. Жобаның жалпы құны 40,8 млрд. теңге болса, қажетті қаржының 73,5 пайызын 15 жыл мерзімге дейін аталмыш банк ұсынып отыр. Жаңа өндіріс желісі іске қосылғаннан кейін зауыттың өнім шығару қуаттылығы үш есе арта түспек. 1 шілде күні Екібастұз қаласында Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың және «Қазақстанның даму банкі» АҚ басшысы Болат Жәмішевтің қатысуымен «Проммашкомплект» ЖШС-інде жаңа құрылыстың іргетасы құйылды. Шарада зауыт директоры Артур Хачатурян кәсіпорын ұжымының келер ұрпаққа арнаған өсиетін оқып, оны капсулаға салып, іргетас астына орналастырды. Бүгінгі айтулы күні жаңа өндірістің іргетасы құйылды. Біз мемлекет басшысының «100 нақты қадам» бағдарламасында белгілеген міндеттерін жүзеге асырып отырмыз. Елбасымыз былтыр Екібастұзға келгенде теміржол, машина жасау саласын дамыту туралы тапсырма берген болатын. Енді, міне, теміржол дөңгелектерін жасау қолға алынуда, - деп атап өтті өз сөзінде аймақ басшысы Қанат Бозымбаев. Біз еліміздің теміржол кластерін қалыптастыруға қатысты ірі жобаларға атсалысып жүргенімізді мақтан етеміз. Қазір Ақтөбе облысында да 120 метрлік рельс шығаратын өндіріске қаржылай қолдау танытып отырмыз. Бүгінгі өндіріс Павлодар облысының ғана емес, тұтастай Қазақстанның транзиттік әлеуеттін арттырмақ, - деді өз кезегінде «Қазақстанның даму банкі» АҚ басшысы Болат Жәмішев. Жалпы, «Проммашкомплект» зауытының өнімі жоғары жылдамдықтағы қозғалмалы құрамға, жүк және жолаушы тасымалы мен еліміздің локомотив паркіне арналған. Ал жаңа жоба іске қосылғанда, кәсіпорын жылына 75 000 дөңгелектен 250 000 дөңгелекке дейін өндіретін болады. Жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен жарақталған жаңа өндіріс пайдалануға 2017 жылы беріліп, 400 адамды жұмыспен қамтымақ. Жансая Жандос, Павлодар облысы
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста