148 000 теңгені қалай жұмсар едім?

148 000 теңгені қалай жұмсар едім?

«Ақша – қолдың кірі» дейді. Ондай болса маған көп ойланбай, дезинфекция рәсімдерінен өтпей-ақ хирургиялық операцияларға кіре беруге болады.
148 000 теңге қалтамда дейін. Ең бірінші ол жайлы ешкім білмеу керек. Біліп қойса араб-израиль диалогы басталады. Екінші, қайтіп алуға ерінетідей, жақын жерге тығу керек. Тығатын жерге ешкім мұрнын сұқпау керек. Таптым! ҰБТ тест кітаптары ішіне салған дұрыс. Интернет, ТВ-ден жарнама көріп, оталып, тыныш жатқан ақшаны ішіп-жеу, түсініксіз ойыншық я т.б. шамалы қажет дүниеге жұмсауға барғанда, алдыңнан 70-тен көп бірдей тест кітабы, балы жазылған тест парақтары, шимай жазбалар шыға келеді. Кітаптарды бір-бірден ашып қарай бастағанда ҰБТ тапсырған кез, алған балл мен жағдайың есіңе түседі де, быт-шыт депрессия болып, ары қарай ақтара алмай қаласың. «Сөнген» (сынған) арман қағаздарынан көруге шамаң жетпей кеткенде, бағанадан бері тыныштық бермеген шопинг-допинг те қашып кетеді. Екі ортада ақша жеңеді. Ақша сақталды.
Осы кезде үшінші мәселе туындайды. Қалай дегенмен сенде 148 000 теңге бар. Ол саған тыныштық бермейді. Ақшаны пайдалы жерге жұмсаған дұрыс. Ақша айналып тұру керек немесе тауар түрінде сақтаған жөн. Болмаса микроинвестицияға жарай ма екен?!
Төрт күнге Ыстамбұлға баруға болады. Елді, жерді көресің. Ыстамбұлдың кереметтерін суретке түсіріп инстаграм, фейсбукқа жіберіп отырасың. Дөнердің түр-түрін жейсің, вокзал мен парктерде қонасың. Ұзағырақ жүруге болар еді, бірақ аш қарынға Ыстамбұл жақпайды.
Жақсы бір смартфон алсаң болар еді. Бірақ менде смартфон бар. Бірнеше гигагерц, екі-үш мегапиксел, екіжүз мегаампер айырмашылық үшін осыншама ақша кетірмеймін. Тісіңді көрсетсең суретке түсіретін, ағылшын тілінде оттаған сұрақтарға түсініксіз жауап беретін софт үшін төлегім келмейді.
Үстінен 20 000 қосып субарудың фарын алу. Сосын ақша табылғанда тағы бензанасос, капот, радиатор тағы басқа заттарын алу. Осылай бір-бірлеп мәшіне жиналар немесе дүкен ашылар.
Достармен қыдыру. Достармен ақша бардан гөрі, жоқ кезде жиналған қызық.
"Же, іш, оны қорыт". Сағыз жарнамасындағыдай істеуге болады. Бірақ тамақпен сөйлеспейді.
Сетевой маркетинг. Біреу: "Француздар ақшасын үкімет пен алаяқтардан басқа ешкімге тапсырмайды",- деген. Ақшамды беріп, екі досымды кіргізіп, бинарлық жүйе бойынша ақшамды радиоактивті уран протондары сияқты көбейтуге болатын еді... Керемет ертегі.
Компаниялардың акциясын алу. Жарты ақша брокермен келісімшартқа, қалғанына жол болып жатса 0.001 акция және жақын бес жыл ішінде "дивидент берер" деген үміт.
Қой. Бас қатырмай депозиттегі 80 000 теңгеге қосайын. Көктемде магистратураның екінші семестрі үшін төлейін.
Gonzo.kz  сайтынан алынған

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста