Сыр өңірінің балық шаруашылығы қалай дамуда?

Сыр өңірінің балық шаруашылығы қалай дамуда?

Сонау бір жылдары Сырдың бойында балық шаруашылығы дүрілдеп тұрған. Қалың қауымның тіршілік ауаны теңізбен тікелей қабысты. «Су маржандары» елдің атын шығарды. Көпшіліктің көңілі де, қалтасы да тоқ болды. Өкініштісі, қазір олай болмай тұр. Баяғы тіршілік ауаны әзірге қол жетпестей. Дария жағасында тұрса да, жергілікті жұрт өзге өңірден келген балық өнімдерін де тұтынады. Бүгінгі күні Қызылордада сонау Атыраудан жеткізілген балықтар да сатылып жатады. Бұл көпшілікті ойландырады. Сонда «жергілікті балық шаруашылығының қарымы қандай?» деген заңды сауал туындайтыны сөзсіз. «Алаш айнасы» балық өндірісіне терең үңілген еді.
Рас, теңіз тартылғаннан кейін теңізден «маржан» сүзіп үйренген жұртшылық өз кәсібінен мүлдем ажырап қалды. Аралдың жарты бөлігін сақтап қалуға арналған жоба елдің көңілінде үміт отын жаққан. Дегенмен әлі де бұрынғы деңгейге жету мұң болып тұрған жайы бар. Жобаның алғашқы бөлігінің жүзеге асқанына бірнеше жылдың жүзі айналды. Мамандар жобаның алғашқы кезеңінен кейін жылына 10 мың тоннаға жуық «су маржаны» сүзіледі деген жоспар құрған еді. Осы орайда бүгінгі таңда қандай жұмыстар жүргізілуде? Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Ғалымжан Орақбаевтың айтуынша, бұл салада жасалып жатқан іс-шаралар саны аз емес.
Бүгінде Арал-Сырдария бассейнінде балықтардың уылдырық шашу мерзімі жүргізілуде. Соның ішінде Сырдария өзенінде 1 сәуір-30 мамыр аралығында, жергілікті су айдындарында 20 сәуір-10 маусым, ал Кіші Арал теңізінде 1 мамыр-10 маусым аралығында балық аулаудың барлық түріне тыйым салынған. Соған орай қазір барлық су айдынында балық қорғау шаралары жүргізілуде. Өз кезегінде инспекция мамандары осы кезге дейін жануарлар дүниесін қорғау мен молайту және пайдалану тура-лы заңды бұзған 114 жағдайды анықтады. Сөйтіп, заңсыз балық аулаған 65 тұлғаға 381512 теңге айыппұл салынды. Ал табиғатқа келтірілген залал үшін 59 тұлғаға 170939,6 теңге айыппұл салынып, өндірілуде. Сондай-ақ 40 іс сот органдарына жолданды. Жалпы осы кезеңде құқық қорғау органдарымен 36 бірлескен рейд ұйымдастырылды. Нәтижесінде балық аулау ережесін бұзушылардан бағасы 81215 теңгені құраған салмағы 667,5 келі балық тәркіленді. Сонымен қатар 39 дана ау құралдары да алынды.
Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы аты да айтып тұрғандай екі облысты, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы Шардара су қоймасынан Аралға дейінгі аралықтағы көлдер мен өзендер жүйесін қамтиды. Бассейннің су тоғандарының негізгі су көзі – Сырдария өзені. Осы аумақтағы балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарының жалпы көлемі 1097 мың гектарды құрайды. Екі облыс бойынша алғанда балық шаруашылығына жергілікті маңызы бар көлемі 44 мың гектарды, 184 су айдындары, соның ішінде Қызылорда облысында жергілікті маңызы бар 176 су айдыны және халықаралық маңызы бар көлемі 328,8 мың гектар Кіші Арал теңізі, Шардара су қоймасы және Сырдария өзені орналасқан. Сонымен қатар Ұлы теңіздің солтүстік беткейінде көлемі 140 мың гектар жерде мекендейтін артемия салина жұмыртқаларын аулау үшін Тұщыбас және Чернышова шығанақтары табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.
– Биылғы жылға бассейн бойынша барлығы 9685,54 тонна балық аулау лимиті бөлінді. Өткен төрт айда табиғат пайдаланушыларға 2628,64 тонна балық аулауға 79 рұқсат берілді. Сонан нақты 1592 тонна балық ауланды. Сөйтіп төлемақыдан республикалық бюджетке 31,3 млн. теңге қаржы түсірілді. Сондай-ақ, биылғы жылға Үлкен Арал теңізінен 220,26 тонна артемия салина жұмыртқаларын аулауға лимит бөлініп отыр. Өткен жылы осы артемия жұмыртқаларынан 200 тоннасы ауланып, республикалық бюджетке 15,6 млн. теңге қаржы түсірілген болатын, – дейді испекция басшысы Ғ.Орақбаев.
Жалпы бассейндегі халықаралық маңызы бар су айдындарының 29 балық аулау учаскелері табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Ал, жергілікті маңызы бар 184 су айдандарының 22-сі резервтік қорда, 10-ы су айдындарының суы тартылып қалуына байланысты балық шаруашылығы маңызын жоғалтқан. Сондықтан да оларды облыс әкімдігі қаулысындағы тізімнен шығару жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ бес табиғат пайдаланушылармен отырған балық шаруашылығын жүргізу шарттары бұзылып, ол да тізімнен шығаруға ұсынылды. Негізі үстіміздегі жылғы ақпан айында өткізілген конкурс қорытындысымен 23 субъектіге 29 су айдыны балық шаруашылығын жүргізу үшін ұзақ мерзімге бекітіліп берілді. Қалған 22 су айдынына конкурс кешегі мамыр айының соңғы күндері өткізілді. Оның қорытындысы жақын күндері белгілі болады. Бір бөле айта кететін жайт, балық қорының өсімін молайту мақсатында облыс әкімінің қаулысымен Қамбаш көлі Қамыстыбас балық питомнигіне бекітіліп берілді.
Су айдындарында негізінен сазан, тұқы, түйетабан, көксерке, ақмарқа, ақ және ала дөңмаңдай, ақамур, табан, торта, аққайраң, қызылқанат, мөңке, жыланбас, алабұға, шортан, қылышбалық, жайын, айнакөз секілді түрлері бар. Соның ішінде Арал пілмайы, Арал және Түркістан қаязы, Сырдария тасбекіресі, шортан тәрізді ақмарқа мен арал албырты қызыл кітапқа енгізілген. Инспекцияның міндеті осы балықтарды бақылап, қор-ғау. Сөйтіп ғылыми-зерттеу институты берген ұсыныстар негізінде оның қорын көбейтуге атсалысу. Дегенмен де, осындай бақылаудың барлығына қарамастан, заң бұзушылықтарға барушылар да аз емес. Мысал ретінде айтар болсақ, жыл басынан бері құқық қорғау органдарымен бірігіп 22 рейд жүргізілген. Нәтижесінде төрт айда 318 тұлғаға 1784965 теңге айыппұл салынып, оның 1468273 теңгесі өндірілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста