«Эйр Астана» Астана-Ұланбатыр-Астана бағытында жаңа әуе рейсін ашпақ

«Эйр Астана» әуекомпаниясы Қазақстаннан Моңғолияның Ұланбатырдан өзге қалаларына әуе рейстерін ашуды жоспарлап отырған жоқ. Екі ел арасындағы келіссөз нәтижесі бойынша маусым айынан бастап тек қос мемлекеттің астаналары арасында ғана әуе рейсі жүзеге асырылады. Оны компания президенті Питер Фостер 27-қаңтар күні Алматыда «Эйр Астананың» 2015 жылғы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі есебінің алғашқы таныстырылымында айтты.
«Астана-Ұланбатыр-Астана бағытындағы әуе рейсінің нақты ашылатын күнін қазір айта алмаймын. Бұл рейс аптасына 3 рет қатынайтын болады. «Эйр Астана» қазіргі таңда Моңғолияның өзге қалаларына әуе рейстерін ашуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл әуе рейсі тек бизнес бағытында ғана емес, Еуропа елдері тарапынан туындап отырған трафикке деген жоғары сұраныс есебінен де жоғары нәтиже көрсетеді деп жоспарлап отырмыз», - деді П.Фостер. Оның айтуынша, Астана-Уланбатыр бағытындағы жаңа әуе рейсі Лондон, Франкфурт, Париж қалалары сияқты Моңғолияға сапар шегетін транзиттік жолаушылар тасымалы жағынан да тартымды болады.
«Эйр Астана» компаниясы бұған дейін әлемнің Абу-Даби, Амтердам, Анталья, Баку, Бангкок, Бейжің, Бішкек, Дели, Дубай, Душанбе, Франкфурт, Ыстамбұл, Қазан, Хошимин, Гонконг, Киев, Кувала-лумпур, Мәскеу, Новосібір, Омбы, Сеул, Санкт-Петербург, Самара, Тәшкент, Сеул, Тбилиси, Үрімші, Екатеринбург қалаларына әуе рейстерін ашқан болатын. Биыл олардың қатарына Ұланбатырдан бөлек Иранның Тегеран қаласы да қосылмақ.


Ерлік Ержанұлы 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста