Маңғыстауда керуен сарайлар болған ба?

Киелі Маңғыстау өлкесі кезінде алыс-беріс қызып тұрған керуен жолдары өтетін маңызды нүкте, ірі сауда орталығы болған. Керуен жолдары болған жерде әрине, керуен сарайлар болуға тиіс. Дегенмен, өкінішке қарай, Маңғыстау өңірінде бүгінгі күні жақсы жағдайда сақталып қалған мұндай құрылыстар, тіпті оның қалдықтарының өзі жоқ. Тек жекелеген мекендерде өте нашар жағдайдағы осындай құрылыстардың орны кез­де­седі. Әрине, олардың қазір­­гі жағдайы нақты бір мысалдар айтып, оларды үлгі ретінде көрсетуге мүмкіндік жоқ. Дегенмен қолда бар деректердің өзі Маңғыстау өлкесінің орта ғасырларда батыс пен шығыстың ара­сындағы аса маңызды сау­да жолы болғанын, ай­мақта сауда керуендеріне қо­лайлы инфрақұрылым жасақталғанын дәлелдеп отыр.
Тарихи деректер орта ғасырларда Үстірт жазығы арқылы кемінде екі керуен жолы өткенін көрсетеді. Олардың екеуі де Орта Шығыс елдерін Еділ жағасындағы мемлекеттермен, одан әрі Шығыс Еуропа елдерімен байла­ныстырған. Бірінші жол торабы – Үргеніш қаласынан  басталып  Үс­тірт  жазығына Қасқа­жол тік өрінен көтеріле отырып Барса­келмес сорының оңтүстігі арқылы Маңғыстауға жеткен, кейін бұл жол кемелер арқылы Каспий теңі­зімен төменгі Еділ жағаларына дейін барған. Ал екінші жол жазба деректерде «түріктер дарбазасы» деп аталады. Ол сол Үрге­ніштен бастау алады да Қарақұм арқылы Үстіртке көтеріледі. Бұл сауда жолы Ембіге келгенде екі тармаққа бөлінген, бірі хараздарға бағытталса, екіншісі бұл­ғарларға бет алған.
Бұл жолдар туралы тарихи деректер өте көп. Араб саяхатшысы Ибн Фадлан (921-922 жж) өз шығармаларында ІХ-Х ғасырларда Хорезмнен Волга жаға­лауларына(бұлғарларға) баратын жолдар туралы толық мәліметтермен сипаттама берген. Сондай-ақ саяхатшы Гардизидің (ХІ ғ.) Хорезмнен Үстірт арқылы пе­ченег­терге сапарлап барғаны туралы жазған күнделіктері де осы күндерге дейін жетіп отыр. Онда саяхатшы Маңғыстау туралы көптеген қызықты мәліметтер келтіреді. Дегенмен Ибн Фадлан мен Гардизидің жаз­баларында Маңғыстау өлкесіндегі керуен-сарайлар туралы айтылмаған. Демек, ІХ-ХІ ғасырлар шамасында Үстірт жазығында керуен жолдары қызу жұмыс істеп тұрғанмен, керуен сарайлар мүлде болмауы мүмкін.
Біздің өлкедегі керуен сарайлар, дәлі­рек айтқанда, бұл құрылыстардың қираған орындары туралы алғашқы мәліметтер тек кейін жазылған құжаттарда ғана пайда болды. Ресейдің тарихнамасында, осыдан 250 жыл бұрын П.Рычков атты саяхатшы Билюли (Белеулі) шатқалында керуен­ші­лерге арналған мешіті мен құдығы бар алаң кездескені туралы айтады.
Ал ХІХ ғасыр басында тағы да ресейлік А.Левшин Шұрық пен Белеулі керуен-сарай­лары туралы қысқаша мәліметтер келтірген. Сәл кейінірек, Үстірттің солтүстік топографиясын зерттеген Н.Алексеев Мыңсуалмас сайындағы қорғанның қира­ған қалдықтары туралы мынадай мәлі­меттер береді. «...олардың ішінде тек екеуі тамаша: біріншісі өте ежелгі кезеңмен белгіленіп, әр қыры 2 саженьге дейін созыл­ған, биіктігі 1,5 сажень болатын тең төрт­бұрышты тастан көлемі 1,5 аршин мөл­шеріндегі шаршы пішінді етіп қа­ланған. Екіншісі 20-30 жыл бұрын құрыл­ған, төртбұрышты болып күйдірілген кір­піш­тен тұрғызылған, оның көлемі де бі­ріншінікіндей дерлік...» Сонымен бірге Алексеев сол тарихи еңбектерінде біздің өлкедегі Куктем (Көптам) зираты туралы да жазған.
Тағы сол ресейлік, бірақ басқа зерт­теуші В.Григорьев ХІХ ғасырдағы өз ең­бегінде Үстірт үстінен Хива хандығына баратын керуен жолдарын сипаттай оты­рып, солтүстік-шығыс Үстірт шыңында ор­на­ласқан үш бекінісі туралы жазып, Ұшқан атада, Қосқұдықта, Көптамада, Самда ірі ғимараттардың қираған қалдықтары кез­де­сетінін жазады. Осы еңбектердің бар­лы­ғын­да дерлік, қираған ғимараттардың балшықтан емес, күйдірілген кірпіштен, оңделген тастардан жасалғаны келтіріледі.
Қазіргі болжамдар бойынша, бұл құ­ры­лыстар керуен жолдарында орналасқан кішкене елді мекендер немесе керуен-сарайларының қалдықтары болуы мүмкін.
Ал бертін келе осы қалдық, қи­ран­дыларды зерттеу тағы да қолға алына бастады. Мысалға, 2005 жылғы тамыз айын­да Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорықтың қызметкерлері Есет­мо­ла-Қырыққұдық-Онқұдық-Бесқұдық орындарында іссапарда болған. Бұл іссапардың мақсаты Үргеніш-Сарайшық керуен жолдарының Қазақстандағы бөлігін анықтау еді.
Зерттеулер Есетмола жерінде тарих­шылар Қосқұдық деп атаған керуен сарай­дың расында болғанын көрсетті. Ол нысан құрылысының үйіндісі әлі де сақталған.
Қосқұдық керуен сарайы және Есетмола қорымы Үстірт жазығының шетінде, Мыңсуалмас сайының солтүстік-батыс аяғында орналасқан. Құрылыс қал­дық­тарына қарап, алғашқыда оның қабырғалары тас топырақтан қаланғанын анық байқауға болады. Керуен-сарайдың қабырғалары қалыңдығы 15-25 см болған жақсы өңделген ірі әктастарды екі қатарға тік тұрғызып, ортадағы ішкі аралық шой тас-топырақпен толтырып тіктелген. Ескерткіштің сыртқы қабырғаларының қалыңдығы 1,5 м, ал артқы қабырғаның қа­лыңдығы 1,2 м.
Керуен сарайдың ішкі бөлмелерінің жоспары қазба жұмыстарын қажет етпей-ақ көрініп тұр. Кіре берістен сол және оң жақтарында көлемдері 5,7х5,7м болатын, жоспарда квадрат пішіндегі екі үлкен бөлме орналасқан. Бұл қабырғалардың биіктігі 2,5метрге дейін сақталуына бай­ланысты төбелері жабылған күм­без­дердің қалдықтары жақсы байқалады. Бөлме қабырғалары 1,5х1,7 м биіктік көлемінде тік қойылған плиталардан құралған, күм­безді төбесі кірпіш тәріздес өңделген әктас плиталармен қаланған, бұл плиталардың орташа көлемдері 20х20х30х5 см. Кірер орындағы бөлмелер біріктіруші ар­қа­лармен безендіріп, терең емес куыс – тек­шелері болған. Текшелердің шет жақ­та­рынан үшбұ­рышты шығыңқы дөңестер жа­салған, бұл элементтер күмбездерді ұстап тұрған болуы мүмкін. Бұрыштағы бөлмелер төбелері басқаша болып келген. Жоғарғы құрылысы бұзылған бөлмелердің осы уақытқа дейін сақталуына қарағанда барлығы дерлік алебастрмен сыланған болуы мүмкін.
Керуен сарай кең көлемдегі төрт­бұрышты алаңы бар, оның көлемі 0,9 м болатын есік орындары шығады.
Ғимараттың шығыс қабырғасын бой­лай, көлемде бөлме орналасқан. Бөлме шаруа­шылық жұмыстарына арналған болуы мүмкін. Бұл құбылыс алаңының қалыңдығы 1,6 м болған қабырғамен бөлінген, қабырғаның қақ ортасында ені 2,5 м кіру орны бар. Бөлме ішкі жағынан ені 3,6м. Бөлме кіре берістен, аралық төбені ұстап тұру үшін екі симметриялық қанатқа, жұпты төртбұрышты тромппен бөлін­ген. Қанаттардың әрқайсысы осы әдісте төрт секторға бөлінген. Бұндай конструкция ғимарат төбесі көп күмбезді болған деген болжам айтуға мүмкіндік береді. Екі бұрыштағы бөлмелер кішкене тарлау. Олардың өлшемі – 2,7х3,8-4 м.
Керуен-сарайдың оңтүстік-батыс мұна­расынан оңтүстікке қарай 126 метр қа­шықтықта, дабыл беретін мұнара ретіндегі, төртінші құрылыстың іргетасы орналасқан. Қазіргі сақталған биіктігі 0,3 м. Іргетасының өлшемі 6х6 м болып, тік тұрғызылған өңделген әктас плиталарымен қаланған. Мұнараның ішкі кеңістігі топырақпен және көлемі – 22х22х6 см күйдірілген қызыл кірпіш сынықтарымен толып қалған.
Ғимараттың солтүстік-шығыс жағынан 30 м қашықтықта кішкене арна сияқты бұлақ суын жинақтайтын тас-топырақты бөгет сақталған. Жарты дөңгелек тәріздес кескінделген бөгеттің ұзындығы 35 м, ені 2 м, ал биіктігі 1 метр. Мұның бәрі кезінде керуен сарайдың жұмысы толықтай жолға қойылғандығының дәлелі бола алады. Бұл құрылыс, елсіз шөлдегі жәй ғана оазис емес, маусымдар бойы көптеген жолау­шы­ларға толыққанды қызмет көрсетіп келген арнайы орын болғаны анық дейді мамандар.
Сол сияқты зерттеушілер қазіргі Тұрыш елді мекенінің солтүстік-батыс бағытында 18 шақырым жерде жатқан Көптам (Белдеулі) керуен-сарайының қираған қалдықтарын да зерттеп көрген. Бұл керуен сарай үлкен табиғи шұқырда орналасқан, айналасындағы құдықтардың екеуі көміліп қалып, тек үшеуінде ғана суы сақталған. Топографиялық картада бұл орын Бес­құдық деп аталады. Бүгінгі күнде керуен сарайдың іргетасының қалдықтары, тасты-топырақты үйіндіден жақсы байқалады. Қабырғаның ішкі аралығы шой тас-топырақтармен толтырылған, арасында өлшемі 26х26х5 см қызыл кірпіштер кездеседі. Керуен-сарай қабырғаларының қираған үйіндісі қазіргі заман деңгейінен 1,4 м көтеріліп тұр. Ескерткіштің кіру орны­ның тастарын жергілікті тұрғындар кейін­нен бұзып алғаны байқалады. Алайда топырақ астында көміліп қалған портал қуысындағы бір пилонының орнының құлаған бөлігі сақталған. Құлаған қабырға, іргетас негізінің шартты орнының 8 метр ұзындыққа созылып жатыр. Жұмыс барысында құлаған тас үйіндінің арасынан ақшыл-сары түсті плас­тикалық балшықтан күйдіріліп жасалған тимпанның сынығы табылды.
Шығыс мұнараның құлаған плиталары 4 м ұзындыққа созылып жатыр. Мұнаралар ішінде ешқандай бөлмелер болмаған.
Керуен сарайдың ішкі жоспары ірге­тастың қалдықтарынан байқалады.
Бұл дәлелдер Белдеулідегеніміз жоға­рыда айтылған көптеген тарихи шығар­маларда кез­десетін Көптам керуен-сарайы деген тұжырымға жетелейді.
Ал жалпы, бұл керуен сарайларды кім, қашан салды дегенге келсек, бұған негіздемесі дәлелді болмаса да жорамал бар. Тарихтан белгілісі, Алтын Орда ханы Өзбек хан (1312-1340 жж.) тұсында қазір­гі Еуразия даласында мемлекеттік сауда-экономикалық қатынастар қайта жанданған. Көптеген қалалар қайта жаңғырып, шапқыншылықтан алдындағы деңгейге көтеріле бастаған. Осы Өзбек ханның дәуірінде Еділдегі Сарай-Батуға сауда керуен­дері жолында көптеген керуен-сарайлар яғни, саудагер-көпестер тоқта­латын қонақүйлері тұрғызыла бастай­ды. Біздің жоғарыда айтып отырған, Маңғыстау жерінде сақталған ескерт­кіштеріміз сол уақытта іргесі қаланған керуен-сарайлар немесе қонақүйлер болуы тиіс. Зерттелген нумизматикалық мәліметтерге сүйенсек, керуен-сарай­лар­дың өмір сүруі XIV ғасырдың 70-жылдары, Әмір Темірдің Хорезмге қарсы жорық­та­рынан соң тоқтап қалады. Керуендер тоқтаған соң керуен сарайлар да ешкімге керексіз болып қаңырап, кейіннен мүлде қирап қалғанға ұқсайды. Дегенмен бұл ескерткіштер бүгінге дейін әлі ғылыми тұрғыда зертелмегенін ескерген дұрыс дейді ғалымдар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста