Көне ескерткіштер туралы жаңа деректер

Көне ескерткіштер туралы жаңа деректер

Маңғыстау облысы – шамамен 162 шаршы шақы­рымдай аймақты алып жатқан байтақ жер. Маңғыстаудың тарихы, археологиясы аз зерт­телген жоқ. Дегенмен талай ақпаратты ішіне бүгіп жатқан өлке жыл сайын зерттеушілерді жаңа деректермен таңғалдырып, жыл сайын жаңа ескерткіштер ашылуда. Олардың қатарында «Опорный» стансысынан 50 шақырым қашықтағы Асалы-Көкетай күмбез тамы ескерткіштерін айтуға болады.
Ел аузындағы деректер бойынша, бұл ХІХ ғасырдың бас кезінде осы өңірді мекендеген тұрғындар арасында Асалы мен Көкетай атты қыз бен жігіт бір-біріне ғашық болады. Бірақ қосылуларына ата-ана батасын ала алмаған қос ғашық басқа жаққа қашып кетуді шешсе керек. Арғы жағы түсінікті, қос ғашық қуғыншылар қолынан қаза табады. Кейіннен осы жерде ескерткіш күмбездер пайда болыпты. Бірі – Асалыға тұрғызылған күмбез там, оны батыс өңіріндегі сәулет өнерінің тамаша туындысы деуге болады. Екіншісі қыш кесектен тұрғызылған Көкетай мазары, сол заман үшін үлкен шеберліктің үлгісі болып табылады.
Маңғыстау ауданынан есепке алынған Қызылтас ( Ново-Александровск) бекінісі салынуының қысқаша тарихы; «Ресей мен Хиуа» арасындағы шиеленіс жыл санап ұлғая түсіп, орыс үкіметі полковник Ф.Ф.Бергке (1793-1874) арнайы экспе­диция ұйымдастыруды тапсырды. Ол 1825 жылы Сарайшық қаласында экспедицияны болашақ жорыққа әзірледі. Сол жылы экспедиция 15 желтоқсанда Сарайшықтан шығып, Жемнен өтіп, Каспий теңізін жағалай отырып, Қайдақ сорына дейін келіп, Үстірт қыратына көтерілді. Одан Бейнеу, Сам, Желтау айналып, Сарнияз тұсында Жемнен қайта өтіп, Арал теңізіне беттеді. Әскери керуенді жол-жөнекей азық- түлікпен қамтамасыз ету мақсатында қамал салу үшін Маңғыстауға жіберілген белгілі саяхатшы, табиғат зерттеушісі келді. 1834 жылы осы жерде 500 адамдық әскер ұстайтындай Ново-Александровск қамалы салынды. Маңғыстау түбегінде патшалық Ресей ықпалының мықтап орнығуы осы қамалдан басталды. Бірақ кейіннен орыс бекінісі Каспий – Хиуа сауда жолының тірегі болуға қолайсыздықтар көрсетуіне байланысты қазіргі Форт-Шевченко қала­сы жерінен жаңа Ново-Петровск қама­лы салынып, қоныс аударды». Сай­өтес стан­сысынан 50 шақырым қашық­тық­тағы Қызыл­тас шыңы ернеуіндегі 4,5 га. 
Қызылтас мешіті. Табиғаты әдемі, терең Қызылтас шаңының төменгі орта қаба­тында тұрғын үй құрылыстары қал­дықтары, мешіт пен қорым сақталған. 19-20 ғ. Басы кезеңдерімен белгіленетін бұл мешіт үйінің құрылысы кіреберіс дәлізден және төртбұрышты үлкен бір бөлмеден тұра­ды. Бөлме ортасында нақышты қашал­ған тіреуіш бағана және оңтүстік-шығыс қабатында михраб ойылып салынған. Мешіт төбесіндегі аласа төрт күмбез тастары, әсем жиектенле қаланған бастыр­ма тастары бұл діни ошақтың бірі «Со­набай» жерасты мешіті мен қорымы және Шайыр елді мекенінен 20 шақырым қашық­тықта орналасқан XVII-XVIII ғасыр­ларда өмір сүрген сопылық жолды ұста­нып, шәкірт оқытқан «Төлеген әулие» жер­асты мешіті де осы жылы мемлекеттік қорғауға алынды.
Қарақия ауданы бойынша: Тасболат күмбез тамы және ел аузында «Әулиелі орын» деп танылған дала мешіті, XVI-XIX ғасыр­ларды қамтитын ескерткіштер қата­рында түркімен тайпалары мен Адай тайпасы қойылымдары сақталған Шейх ата қорымы ескерткішін мемлекеттік қор­ғауға алу ұйғарылды.
Әрине, қазіргі уақытта мемлекеттік қорғау тізіміндегі 185 ескерткіш қатарында ғұмы­ры мыңжылдық тас ескерткіштер болғанымен, уақыт өте алғашқы пішіні, көркемдік түр-сипаты, жағдайы өте төмен дең­гейдегі ескерткіштер бар. Ескерт­кіштердің техникалық жағдайын тексеру және қорғау-сақтау, қалпына келтіру жұмыстарына ұсыну сияқты міндеттер инспекция бөлімінің мойнында.
Шопан ата қорымынан 3-4 шақырым қашық­тықтағы Үлкен құдық архео­ло­гия­лық нысанасына жүргізілген қазба жұмысы нәтижесінде қола дәуірінің ерте кезең­де­рімен белгіленетін өте ежелгі екі қойылым табылды. Өлі денелер ана құрсағында жатқан сәбидей жұмыртқа тәріздес қабірге бір қырынан бүктеле жерленген. Жерлеу дәстүріне отқа өртеу тәсілі қолданылған, археологтердің болжауынша, жерлеудің мұндай тәсілі ежелгі көшпелі тайпалардағы «адамның бұл өмірге келуі және өмірден мәңгіге кетуі» деген діни түсінікке сәйкес келеді дейді. Қорықтағы желтоқсан айын­да ашылған «Ежелгі Маңғыстау мұралары» тұрақты экспозициялық көрмесін тама­ша­ла­саңыз, толық мәліметке қанық болар едіңіз. Қорық қызметкерлері жасақтаған бұл көрме 2003-2005 жылдарындағы архео­логиялық қазба жұмыстары нәти­жесіндегі жәдігерлерден тұрады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста