Жаңаөзен әлеуметінің қазіргі әлеуеті

Жаңаөзен әлеуметінің қазіргі әлеуеті

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласы тұрғындарының негізгі нәпақасы – «қара алтыннан». Балалар мен зейнеткерлерді есепке алмағанда, жұмысшылардың басым бөлігі – мұнайшылар. Бұл – егер мұнайшылардың көңіл күйі ауытқыса, бүкіл қаланың климаты бір сәтте өзгеріп сала береді деген сөз. Қаланың тұрақтылығын сақтап, одан әрі дамыту үшін басшыға да, қосшыға да ең тиімді жол – мұнайшылардың көңілін табу. Былтырғы жыл мен биылғы көктемдегі ереуілдерден кейін Жаңаөзенге мұнайшылардың жағдайын жақсы білетін осы саланың маманы Орақ Сарбөпеев әкім болып келген-ді. Қала басшылығына келгеніне бір жыл толған әкіммен кездесіп, әңгімелескен едік. Сұхбаттан түйгенімізді қағаз бетіне түсірдік.
Жергілікті биліктің жоспардағы жұмысы қандай?
Үкіметтің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі №865 қаулысымен бекітілген Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық да­му проблемасын шешу жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған кешенді жос­па­ры­на 2009 жылдың 9 желтоқсанында өз­герістер енгізіліп, атқарылатын шара­ларға қосымша қаржы бөлініп, жоспар аясы 2012 жылға дейін ұзартылыпты. Жал­­пы, Жаңаөзен қаласының тұрғында­рын жұ­­мыспен қамту мақсатында қоғам­дық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орын­­­­дарын көбейту, «Жол картасы» бағ­дар­ламасы шеңберіндегі шараларды іске асы­ру, сондай-ақ тұрғындарға шағын несие беру практикасын кеңейту есебінен жұмыс орындары ашылған. Жыл басынан бері қалада 6,4 мың жұмыс орны, оның ішінде 4,2 мың тұрақты жаңа жұмыс орны құрылып, нәтижесінде тіркелген жұмыс­сыздар деңгейі 0,9 %-ды құраған. Демек, был­тырғы жылмен салыстырғанда, жұ­мыс­сыздық деңгейі 0,5 %-ға төмендеген. Ел­басы тапсырмасына сәйкес Үкіметтің республика бойынша шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп жатқаны белгілі. Жа­ңа­өзен­де кәсіпкерлікті қолдау бо­йынша ша­ра­ларды іске асыру мақ­са­тында тұрғын­дар­ды мемлекеттік қатысуы бар «Бей­­­біт­ші­лік» шағын несие ұйымы арқы­лы несие­лен­діру тә­жі­ри­бесі жалғас­ты­ры­луда. Оған 2010 жылы жергілікті бюд­жет­тен 50 млн теңге қаржы бөлінді. Ша­ғын несие ұйы­мы­ның ай­на­лымында барлығы 275 млн тең­ге бар кө­рінеді. Кешенді жоспар шең­бе­рінде мұ­най-газ және жеңіл өнер­­кә­сіп са­ла­­ларына жұ­мысшы кадр­лар­ды да­йын­дау мақ­са­тында «ҚазМұ­най­Газ» ҰҚ» АҚ, Атырау облы­сының мұ­най-газ саласы кә­сіп­орындары, «Өз­ен­­­­МұнайГаз» ӨФ оқу ор­та­лықтары тар­тылды, қала кол­лед­жде­рін­де маман­дық­тар тізімі ке­ңей­тіліп, аталған ма­ман­дықтар бойынша мем­­ле­кет­тік оқу тап­сы­рыстары көбейтілді. Бү­гін­гі таңда ақыл-есі кем балаларға ар­налған 280 орындық мамандандырылған ке­ше­н салу, «Рахат» ПС-110/6 кв» кіші стан­циясы мен ВЛ-110 кв электр тарату же­лі­ле­рін салу, Арай ша­ғынауданының ав­­­то­мобиль жолдарын салу, мал өліктерін кө­му орны құрылыста­ры аяқталды. Жыл соңына дейін төрт жо­ба­ның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Олар: «Ақсу» (Рахат-2) жаңа ш/а 280 орын­­дық ба­ла­бақ­ша, «Шұғыла» ш/а ту­бер­­кулез ауруына шалдыққан балаларға ар­налған 280 орындық санаторийлік үл­гі­де­гі балабақша, 100 орындық туберкулез­ге қар­сы ауру­ха­на, бірінші 200 пәтерлік тұр­ғын үй. 2009 жылы құрылысы бас­та­лып, қазіргі таңда орын­далып жатқан құ­ры­лыс нысандары ту­ралы да айта кеткен жөн шығар. Қол­да­ныс­тағы өнімділігі тәу­лі­гіне 21 500 текше метр кәріздік тазарту құ­­ры­лыс­тарын қайта жа­ңарту мен жаң­ғыр­туды жүргізу, суару же­лілерін, қолда­ныс­тағы сумен қамту, электрмен қамту, газбен қамту және жылу же­лілерін кеңейту және жаңғырту, жер­гі­лікті маңызы бар қала жолдарын салу жә­не күрделі жөндеу жөніндегі жұмыс­тар­ды ұйымдастыру, «Жұл­дыз» (Рахат-3) жаңа шағынауда­нын­да 1200 орындық орта мек­теп салу және 100 орындық пер­зент­хана алдағы уақытта халық игілігіне ұсы­ныл­мақ. Биыл «Жұл­дыз», «Ме­рей» жаңа шағынау­дан­дарын электрмен жә­не газбен, Теңге ауылы мен Жұлдыз ша­ғын­ауданын сумен жабдықтау жүйелерінің құ­рылысы басталған екен. Орталық бу қазан­дығын шағын ЖЭО-ға (ТЭЦ) ауыс­ты­ру арқылы қайта салу және кеңейту, сон­дай-ақ «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-тың қар­жысы есебінен Жаңаөзен қа­ласынан 10 пайызы «ӨзенМұнайГаз» ӨФ-тің бас­па­на алуға аса мұқтаж қыз­мет­кер­ле­ріне ар­налған 200 пәтерлік ком­­му­налдық тұр­ғын үйдің құрылысы бас­­талды. Осылайша, рес­публикалық бюд­­­жет­тен, соңғы нақты­лау­ды қосып есеп­те­­ген­де, кешенді жос­пар­ды жүзеге асы­руға 2010 жылы 15 217,2 млн теңге бө­лін­ді.
Қаладағы жұмыс күшінің басым бөлігін құрайтын мұнайшылар үшін қандай ша­ра­лар қолға алынып жатқандығын ба­сылымның биылғы №219 санында жаз­ған болатынбыз. Бүгін мұнайшылар игілігі үшін пайдалануға берілген екі бірдей ны­сан туралы мәлімет бермекпіз.

Мұнайшыларға көрсетілетін медициналық көмек
Жаңаөзендегі «Мұнайшы» ме­ди­ци­на­лық-профилактикалық орталығы мұ­най­шыларға сапалы медициналық қызмет көрсетуді көздейді. Орталықтың барлық іс-әрекеті осы мақсатқа бағытталған. «Мұ­найшы» МПО директоры Жанна Са­йымның айтуынша, дәрігерлер жыл сайын «қа­ра алтын» игерушілерді жақсы жаңа­лық­тарымен қуантып, неғұрлым ыңғайлы әрі жақсы қызмет көрсетуді басты на­зар­да ұстайды. «Мұнайшы» МПО ме­ди­ци­налық көмекті, аты айтып тұрғандай, тек қана мұ­най­шыларға көрсетеді.
Жанна САЙЫМ, «Мұнайшы» МПО директоры:
– Біздегі кадр мәселесі бойынша да мұнайшылар көптеген пікір айтып жатады. Осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында биыл бір педиатр, бір стоматолог маманды жұ­мыс­қа қа­был­дадық. Сондай-ақ жас ма­ма­ны­мыз Мұх­тар Қожамбетов не­вро­патоло­гия са­ласы бойынша оқып ке­ліп, не­вро­­па­то­лог болып жұмысын бастады. Айт­қан­дай-ақ, мекемемізге осы жылы ке­ректі медициналық құ­­рал-жаб­­дық­тар­мен жабдықталған жа­ңа бір дана УАЗ автокөлігі беріліп, кө­лік қазір іске қосылды. Қазақстан Рес­пу­бли­­ка­сының Денсаулық сақтау ми­нис­тр­лігінің бұй­рығы бойынша, 2009 жыл­дан бас­тап еліміздегі барлық ме­ди­циналық ме­ке­мені аккредита­ция­­дан өткізу қолға алынды. Ми­нис­тр­ліктің көрсеткен бар­лық стан­дарт­ына сәйкестігі жа­ғынан «Мұнайшы» МПО Маңғыстау об­лысы бойынша 1-орын­ға, ал рес­пу­блика бойынша 4-орынға табан тіреді. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Былтырғы жылдың соңында келіп жеткен осы қуанышты жаңалық біздің еңбегімізге берілген баға сияқты болды.
Экологиялық ортада қызмет істеу кімге болса да оңай емес. Жұмысы қиын мұ­най­шы­лардың медициналық қызметке де қояр талаптары жоғары. Бұл туралы ме­ди­циналық орталық басшысы былай дейді:
– Әрине, кемшілік қай кезде де бо­лады. Медициналық қызмет тө­ңі­ре­гін­де мұнайшылардың көтеріп жүрген кейбір мәселелері де орынды. «Көш жүре түзеледі» демекші, уақыт өткен сайын «Мұнайшы» МПО өз қызметін жақсарта береді деп ойлаймын. Қыз­ме­тіміздің жақсаруына біз қашанда ын­талымыз.
2009-2012 жылдары «ӨзенМұнайГаз» өн­дірістік филиалы жұмысшыларының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсар­ту­ға арналған бағдарлама аясында №3 мұ­най-газ өндіру басқармасының №1 мұ­най газ-өндіру цехінің аумағынан ме­ди­ци­налық пунктілер ашылған. Осы­лай­ша, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-пен өзара ынтымақтастық таныта оты­рып, жұмысшыларға сапалы медициналық қыз­мет көрсету жұмысын одан әрі жал­ғас­тырып жатыр. «Апат айтып келмейді». Жа­ңа­өзен қаласынан бес-алты шақырым жердегі жұмыс орындарында, Алла бетін ары қылсын, қандай да бір төтенше жағ­дай орын алып жатса, медицина қыз­мет­кер­лерінің жәрдемі ауадай қажет. Сон­дықтан да болар, №1 мұнай-газ өндіру це­хінің аумағында еңбек ететін мұнай­шылар медициналық пунктінің ашылға­ны­­на ри­зашылықтарын білдіруде.
Дәурен ИШАНГУЛИЕВ, мұнайшы:
– Жұмыс басында түрлі жағдайлар орын алуы мүмкін ғой. Бұл өңірде қыста 30 градусқа дейін суытып, аязы бетті қаритын үскірік жел соғады. Ал жазда 55-56 градусқа дейін ыстық болады. Осындай ауа райы жұмыс­шылардың денсаулығына, қан қысы­мының көтеріліп кетуіне әкеліп соғады. Оның үстіне жұмыс та ауыр. Сондықтан мұнайшылар үшін медициналық пункт­ілердің ашылып жатқаны бізге тек қана сенімділік береді.
Медициналық пункт керекті құрал-жабдықтармен толыққанды қамтамасыз етілген. Осы жылы «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ та­рапынан қабылданған әлеуметтік бағ­дар­лама аясында Қызылсай ауы­лындағы автостанса жанынан және №2 МГӨБ, №4 МГӨБ басқармалары орна­лас­қан кен ор­ны­ның ойдағы бөлігінен тағы осындай екі ме­дициналық пункт ашу жоспар­ла­нып отыр екен. Таяу арада қала ішінде ор­на­ласқан Р.Өтесінов атындағы дене­шы­нықтыру-сауықтыру кешені ғимаратынан тоғыз бөлмені жалға алған. Бұл бөл­ме­лерде терапевт, стоматолог, процедура­лық, сумен емдеу сияқты көптеген сала бо­йын­ша мамандар орналасып, аталған са­лалар бойынша ем жүргізіледі. Осыған де­йін жұмысшылар тарапынан «Мұ­найшы» МПО ғимаратының қала сыр­тында орналасқандығы, науқастар үшін ком­му­ни­кациялық қарым-қатынастың қиын­­дығы туралы мәселелер көтеріліп ке­ліпті. Ор­талық мамандары бұл мәселені «Қаз­­Мұ­найГаз» БӨ» АҚ басшылығы ше­ше­ді деп сенім білдіріп отыр.
Соңғы үлгідегі спорт сарайы
Соңғы уақытқа дейін Жаңаөзенде за­манауи үлгіде салынған спорттық кешен бол­май келген еді. Былтыр халықтың кө­кей­кесті тілегі, үлкен арманы да орын­да­лыпты. Қазақстан мұнайының 110 жыл­дық мерейтойының қарсаңында Жа­­­­ңа­­­өзеннің әлеуметтік-экономикалық тұр­­ғыда өсіп-өркендеуіне үлесін қосып ке­ле жатқан «ҚазМұнайГаз» Барлау Өн­діру» АҚ шағын шаһар тұрғындарына үлкен сый жасады. Бұл – құны 2 млрд тең­геден астам қаржыны құрайтын көп­ функ­ционалды денешынықтыру-сауықтыру ке­­шені. Ай­мақ­та теңдесі жоқ, жаңа, қазіргі за­м­анғы де­нешынықтыру-сауықтыру ке­ше­ніне даңқ­ты мұнайшы Рахмет Өте­сін­ұлының есімі берілген.

Әбдірахман ТҮСІПОВ, Р.Өтесінов атындағы ДСК директоры:
– Кешенге кәсіпқой спортшылар да, әуесқойлар да келе алады. Күндізгі уақытта спорт кешенінде қала мек­теп­терінің оқушылары, ал кешкі уақытта жә­не демалыс күндері «ӨзенМұнай­Газ» өндірістік филиалының, «Қаз­Мұ­най­­Газ» Барлау Өндіру» АҚ еншілес ұйым­­дарының мұнайшылары және қала­дағы басқа да мекемелердің қыз­мет­­керлері спортпен шұғылданып жа­тыр.
Аталған нысанда спорттың әр түрі бойынша 700-ден аса бала, 100-ге жуық ересек адам спортпен шұғыл­данып жүр. Олар үшін 14 зал қызмет етіп тұр. Атап айтқанда, бокс, кикбоксинг, каратэ, дзюдо, қазақша күрес, грек-рим күресі, еркін күрес, екі жаттығу залы, хо­рео­графия, таэквондо, ауыр атлетика за­лы, үлкен ойын залы бар. Сондай-ақ спорт кешенінде мүгедектерге арналған жаттығу залы және балаларға, мүге­дектерге, ересектерге арналған жүзу бассейндері жұмыс істеп тұр. Спортшылардың денсау­лы­ғын тексеру мақсатында іске қосылған екі медициналық кабинет, спорт тауар­ла­рының дүкені және тамақтануға арналған ас­хана кешен ғимаратының ішіне орна­ласқан. Финдік және түріктердің үлгісінде са­лынған екі сауна да спортшылар үшін қыз­мет етеді. Кешенде 800-ден аса шұ­ғыл­данушыға спортпен сауатты ай­на­лысуы үшін бапкерлер, әдіскерлер еңбек ету­де. Ал қажетті құрал-жабдықтардың 90%-ы жаңадан әкелінген және олар бү­гінде толықтай іске қосылған.
Шәріп АҚЖІГІТ, мұнайшы, әуесқой спортшы:
– Мұнайшылардың денсаулығы сын көтермейді. Медициналық кө­мек­тер адам ауырғанда ғана көрсетіледі. «Ауы­рып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, спортпен тұрақты түрде шұғылданамын. Жалпы, мен ғана емес, осындай орталық ашыл­ғаннан бері жаңаөзендіктердің дені спорт­тың әрбір түріне көңіл бөле бас­тағандай. Мені қуантатыны, кешенде спорт­қа керекті құрал-жабдықтар мен лайықты бапкерлер жеткілікті.
Мұнайшылар мақтанатындай-ақ ор­та­лық. Жаңаөзендегі бұл кешенді кейбір облыс орталықтарынан кездестіру қиын. Жұмыс берушілердің алдағы жылдарға жасаған жоспары мұнайшыларды мар­қайтып отыр. Жұмысшылардың бір ғана тілегі бар. Олар халық игілігі үшін берілер осындай нысандар көбейе берсе дейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста