Болашағы зор Түпқараған

Болашағы зор Түпқараған

Темірбек АСАУОВ, Түпқараған ауданының әкімі:

 Түпқарағанды жазбас бұрын тарихына үңілдік. Себебі шежірелі Маңғыстаудың қара­ша­ңы­рағы болып саналатын Кетік (Форт-Шевченко қаласы) осы өңірдің барлық үлкенді-кішілі оқиғаларына қатысы бар десек қателеспесбіз. Сондықтан аудан әкімі Темірбек Тыйылұлы Асауов­тан өңір жайында әңгімелеп беруді өтінген едік.

– Темірбек Тыйылұлы, ауданда үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағ­дар­ламасының орындалуы қалай?
– Қай нәрсе болса да адам күшімен бітетін­дік­тен ауданның құрылымы мен халық санын айта кетейін. Ауданның құрамына Форт-Шев­чен­ко қаласы, Баутин, Таушық, Қызылөзен, Ақ­шұқыр және Сайын Шапағатов ауылдары кіреді. Қазіргі ресми деректер бойынша 22840 тұрғын тіркелген, ал нақты саны 27000 адам шама­сын­да. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 1999 жылғы санақ бойынша ауданда 9800 тұр­ғын болған. Өсім тек ішкі табиғи өсім есебінен болып отыр. Ауданымызда орташа өмір сүру жас шамасы 70 жас.
Қазақстан Республикасының Үдемелі индус­триялық-инновациялық даму жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағ­дарламасы республикалық Индустрияландыру картасы бойынша аудан көлемінде алты жоба іске асырылған болатын. Мәселен, «Бекіре-Аралды» сервистік ауыл шаруашылығы серік­тестігінің «Тауарлық бекіре фермасын салу» жобасы халықтың балық өнімдеріне деген сұранысын өтемек. Теңіз жағалауында 450 млн теңгеге салынған ферма 20 адамды жұмыспен қамтитын болады. «Бекіре-Аралды» сервистік ауылшаруашылық серіктестігінде» бекіре шикі­зат фирмасының құрылысын салу жобасымен құрал-жабдықтар алуға 138,0 млн теңге және бағдарлама аясында қажетті инфрақұрылым (ток, газ, жол) құрылыстары салынды. Қалған бес жоба теңіздегі мұнай игеру жобасы жұмыс­тарына бағытталған болатын. Жүз пайыздық өндірістік қуаттарына шығып кете алмағанымен, жұмыстарын жүргізуде. Болашақта теңіздегі мұнай игеру жұмыстарының 2-кезеңіне байла­нысты мол мүмкіншіліктері бар.
– Мемлекеттік бағдарламалардың орын­далуы қашанда күн тәртібінен түс­пейді. Сол бағдарламалардың орын­да­луымен де әр өңірдің тыныс-тіршілігі айқын бағаланады. Бұл жағы ауданда қалай жүзеге асырылып жатыр?
– «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 38 адам қайта даярлаудан өтті, 11 тұрғын 26,9 млн теңге несие алып, 25 жұмыс орнын ашты. 1612 жұмыс орны ашылды. 271 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 75 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, 28 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 31 адам жастар практикасына жіберілді. Үш рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 36 адам жұмысқа орналастырылды. Кедейшілік деңгейінен төмен тұратындар 17 есе азайды. 2013 жылғы қыркүйек айында қызметкерлерге есеп­телген орташа айлық атаулы жалақы 86 119 теңгені құрады. 2012 жылдың сәйкес айы­на айлық атаулы жалақы өсімі 19,6 % көбейді. Осы кезеңде нақты жалақы 14,1%-ға көбейді.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жақында Форт-Шевченко қаласынан сегіз пәтерлі екі тұрғын үй және екі пәтерлі сегіз тұрғын үй құрылыстары қарастырылған. Құры­лыс жұмыстары аяқталды, қазіргі таңда сыртқы инженерлік желілерінің жұмыстары қалды.
«Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясын­да Форт-Шевченко қаласынан 16 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталып, инженерлік желілері жүргізілуде. Бұл үй құрылысы аяқта­лысымен жергілікті атқарушы органдардың тізіміндегі кезегі бойынша берілуі тиіс. Сонымен қатар Форт-Шевченко қаласында бір 48 пәтерлік тұрғын үй құрылысы басталды.
«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Форт-Шевченко қаласы және Баутин ауылының ауыз­су және канализация құбырының құрылысы бас­талды (жобаның құны -1 412 725,0 мың теңге). Бұл құбырды жақын арада тапсыру жоспарлануда.
Коммуналдық шаруашылықты дамыту бағы­тында ағымдағы жылы Сайын Шапағатов селосындағы жаңа үйлерді газбен қамту құры­лысы (531 уч), Форт-Шевченко қаласының Жаңа Кетік аумағындағы оңтүстік бөлігіндегі тұрын үй массивін газбен қамту құрылыстары аяқ­талды. Форт Шевченко қаласындағы ұзын­ды­ғы 3 км автожол құрылысы таяу уақыттарда аяқталмақ.
«Дипломмен–ауылға!» бағдарламасы шегінде 30 жас маман көтерме жәрдемақы алып, қосымша 7 маманның құжаттары қабыл­дануда. Он үш маманға тұрғын үй сатып алуға 34 млн теңге бюджеттік несие берілді.
«Ауылда кәсiпкерлiктi дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тiрек ауылдарды дамыту» бойынша ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға 2013 жылы «кәсіпкерлік негіздерін» 12 адам Ақтау қаласы, қазақстандық қазіргі заман «Болашақ» академиясының уни­вер­ситетінде «Туран–Профи» халықаралық кәсіптік академиясына оқуға жолданып, сер­тификаттарын алды. 2013 жылы 14 жаңадан ісін ашуға ниет білдіргендердің бизнес–жоспар­лары мақұлданып, 35870 мың теңге көлемінде несие берілді. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 6% жеңілдікпен 11 жеке кәсіпкерге 26870 мың тенге және 7,5%-бен Микроқаржы ұйымынан үш адамға 9000 млн теңге бес жылға берілді.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласына тіркелген кәсіпкерлер саны 1430 бірлікті құрайды, онда 3505 адам жұмыс жасайды. Бұл – ауданның экономикалық белсенді халқының 35,6 пайызы. 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлер саны 12,6%-ға артқан, яғни өсім динамикасы байқа­лады. Оның ішінде жеке кәсіпкерлер саны 1 815, заңды тұлғалар 389 бірлік. Осы жылдар ішінде 239 кәсіпкер «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша тегін курстардан өтті. Отыз бес дара кәсіпкерге сервистік қолдау көрсетілді. Аталған жылдар ішінде 31 жеке кәсіпкер барлығы 60,0 млн теңге шамасында бағдарлама шеңберінде оқығандар өз істерін бастады.
«Негізгі капиталға салынған инвестицияның нақты көлемі» 2013 жылдың есепті кезеңде 2012 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,5 пайызға артты. Инвестициялардың техно­логиялық құрылымында ғимараттар мен құры­лыстарды салу және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар – 24,3 пайыз, мәшинелер, жабдық­тар, құралдар, құрал-саймандар – 5,7 пайыз, өзге де күрделі жұмыстармен шығындар 7 пайыз­ды құрады ( 2012 жылы – 47,7 млрд теңге, 2013 жылы – 68,2 млрд теңге, 20,5 млрд теңгеге өсті).
«Балапан» бағдарламасы бойынша бала­ларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту деңгейі 81,3 пайызды құрайды. Алдағы жыл­дары бюджет есебінен төрт балабақша (470 орын) және бір балабақша (80 орын) Таушық ауылында жеке қаражатына құрылыстарын салу жоспарланып отыр, құжаттары дайындалуда. Сонымен қатар жеке шағын орталықтар санын арттыру бойынша шаралар алынатын болады.
Жұмыссыздық деңгейі 0,4 пайызды құрап отыр. Бұл – ресми көрсеткіш. Жұмыссыздар ретін­де жұмыспен қамту органдарында тіркел­ген тұлғалардың саны 47 бірлік. Бұл жерде теңіздегі мұнайды игеруге қатысты әртүрлі бағыттағы қолдау жұмыстарының азаюына бай­ланысты жұмыссыздар саны көбейгені рас және бәрі бірдей ресми есепте жоқ. Осы мәселе бойын­ша аудан әкімі төрағалық ететін жұмыс комиссиясы тұрақты жұмыс жасап келеді. Комиссияның шешіміне сәйкес мемлекеттік бағдарламалар аясындағы қаралған қаражатқа жаңа жұмыс орындарын ашып, мәселені бәсең­детуге қол жеткізілді. Бұнда бір жанұяда бірде-бір адам жұмыс жасамайтын жағдайға баса көңіл бөлінді (2012 жылы – 292 адам, 2013 жылғы 9 айда 227 адам жұмысқа орналасты).
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойын­ша 15,6 млн теңгеге бес жоба жүзеге асырылып жатыр.
– Мемлекеттік бағдарламалардың орын­далуын айтқанда білім беру мен меди­цина саласын айналып өтуге бол­май­ды. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев бұған зор көңіл бөліп отыр. Сіздің ауданда да бұл шаруа­лар жүзеге асып жатқан болар.
 – Әрине. Соңғы жылдары бір мектеп-лицей салынып, пайдалануға берілді. Екі мектеп мек­теп-лицей мен мектеп-гимназияға айналды. Тағы да сәл шегініс жасасақ, ауданда сол жыл­дарда үш балабақша болса, бүгінде оның саны 9-ға жетті.
Аудан түлектерінің білім сапасы – облыс көлемінде алдыңғы қатарда. 2012 жылы облыс бойынша – 1 орын (орта ұпайы – 75,6), 2013 жылы – 3 орын – (орта ұпайы 74,02). Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға төмен. Себебі аудан бойынша жеті түлек халықаралық ғылыми жоба байқауларына қатысып, ҰБТ-ға қатыспауға өз еріктерімен бас тартты. Жалпы білім сапасын көтеруге бағыт­талған шаралар жоспарлы іске асылуда, білім ошақтарының материалдық-техникалық жағдай­лары жасақталған.
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойын­ша биыл Ақшұқыр селосында дәрігерлік амбулатория ашылып, өз жұмысын бастап кетті. Ауданның денсаулық сақтау ұйымдарына төрт жедел жәрдем және бір реанимобиль автокөліктері жыл аяғына дейін беріледі деп күтілуде.
 Ауданда негізгі медициналық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Соңғы 5 жылда ана өлімі тіркелген жоқ, нәрестенің шетінеуі биыл – 4 бала. Өкпе, жүрек-қан тамыр ауру көрсеткіштері бойынша оң нәтиже бар. 2012 жылдың тоғыз айына 237 адам болса, 2013 жылдың есепті кезеңіне 213 адам, яғни 24 адамға төмендеген. Аудандық аурухана, отбасылық амбулаториялар күрделі жөндеуден өткізіліп келеді.
– Соңғы жылдары ауданда қандай маңызды шаруалар жасалды?
– Бұл орайда айта кететін бір маңызды жаңа­лық бар. Ол Форт-Шевченко қала болған­нан бері шешімін күтіп жүрген, көпшіліктің көкейі мен аузында жүрген Форт-Шевченко қаласының әкімдігін құру болатын. Міне, біз осы шаруаны жедел қолға алып, нәтижесінде биылғы көктемде Форт-Шевченко қаласының дербес әкімдігін құрдық. Облыс бойынша тек Форт-Шевченко қаласы ғана «Шағын қала­ларды дамыту» бағдарламасына еніп, даму мүмкіндіктері ұлғайғалы отыр.
Облыс әкімінің, Парламент депутаттарының қолдауының нәтижесінде Ақтау–Ақшұқыр–Сайын елді мекендеріне магистральдық су құбыры құрылысын тарту жобасы мақұлданды. Осы сұхбатты пайдалана отырып, аудандағы проб­лемалық мәселелерді жедел шешуде облыс әкімі Алик Серікұлы Айдарбаевтың, Маң­ғыстау облысынан сайланған Парламент депу­таттарының қолдауын ерекше атап өткенді жөн санаймын.
2011-2015 жылдарға арналған «Аудан экономикасын дамыту» бағдарламасы негізінде ауданда барлық көрсеткіштерге қол жеткізіледі деп жоспарлап отырмыз. Біз бұдан әрі де халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жолында еселі еңбек ете береміз деп есептеймін.
– Сұхбатыңызға рақмет. Сіздерге, алда­ғы кезеңдерде жоспарлаған істеріңізге сәттілік тілеймін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста