Шымкентте еркектің төсектегі әлеуетін арттыратын автоорындықтар сатылып жатыр

Аттың еріне ұқсас, автоорындықтың орта тұсына орнатылатын бұл құрылғы еркектің қуықасты безінің белсенділігін арттырып, қан айналымын жақсартады екен. Түркістандық өнертапқыш Алтай Әуелбеков жерлестерінің төсектегі әлеуетін арттыруға осылайша көмектесіп жүр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Шебер өзі жасаған қондырғының пайдасы мол боларына сенімді. Ол тек көлікке салынатын ерді күніне 20 минуттан артық пайдаланбаған жөн дейді.

 

Мұны сатуға шығарғаныма үш жылдың жүзі болды. Қолымда патентім бар. Бұрын құрылыста істегенмін. Қол боста осындай бұйымдар құрастырумен айналысатыным бар, — дейді Алтай Әуелбеков.

 

Оңтүстіктегі азаматтар көлікке орнатылатын ердің пайдалы екеніне көз жеткізгеннен кейін уролог мамандарға оны пайдалануды емдік тәсіл деп көрсетуді сұрай бастаған. Дәрігерлер бұл ұсынысты қолдамаса да, ер салынған атпен жүрудің қан айналымын жақсартатынын мойындайды.

 

Менің қондырғымды пайдаланған ер-азаматтардың жұбайлары төсек қатынасында оң өзгерістердің болғанына қуанып жүр. Тіпті кейбірі күйеуінен "қоздырғыш дәрі ішіп жүрген жоқпысың?" деп сұрапты, — дейді өнертапқыш.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста