Эбола дүниежүзіне 40 жыл бойы қауіп төндіруде

Тарихы
Эбола - филовирустар тобына жататын індет. Эболаның пайда болған уақыты - 1976 жыл. Бұл вирустың ошағы Заирдегі Эбола маңында тұратын елдімекендерде байқалғандықтан осы өзеннің атын алған. Эбола безгегінің белгілері негізінен Марбург вирусына аса ұқсас. «Эбола адамдарға аң-құстардан тараған», - дейді мамандар. Науқастың емделіп кету мүмкіндігін пайызбен айтсақ, бар-жоғы - 10. Эбола, әсіресе тез жұғатындығымен қауіпті. Сирек кездесетіндігін де айта кеткен жөн.
Белгілері
Эбола вирусының белгілері: адамның ыстығы көтеріліп, әлсіздік пайда болады, тамағы ісіп, бас және бұлшық еттері сырқырайды. Науқастың жүрегі айнып құсады және іші өтіп, бауыр және бүйректің жұмысы бұзылуымен қатар, терден қан ағуы да мүмкін. Вирус қан және науқас ұстаған заттар арқылы жұғады. Ең өкініштісі, бұл вирус осыдан 40 жыл бұрын пайда болса да, оны емдейтін дәрі-дәрмек әлі жоқтың қасы.
Енді ғана бірқатар елдер вакцина ойлап тауып жатыр. Алайда тәжірибеге әлі енген жоқ. Нәтижесі қандай болады, оны уақыт көрсете жатар.
Статистика
Безгектің әу баста ақпан айында «қара континетте», яғни Гвинеяда тіркелгенін білеміз. Артын ала көрші жатқан Сьерра-Леонге, Либерияға және Нигерияға тарайды. Ал Конго мен Сенегалда эболамен ауырғандар тізімі тамыз айында жария болған еді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кешегі мәліметін алға тартсақ, әлем эболаны жұқтырғандар 8000-нан асқан, ал қаза болғандардың нақты саны – 3879.
БҰҰ-ның әрекеті
БҰҰ Бас ассамблеясының 69-сессиясының төрағасы Сэм Кутеса «бұл тек бір өңірдің ғана емес, бүкіл жершарына қауіп төндіріп тұрған індет» деп атап өтті. Айта кету керек, жақында Бас ассамблеяның әкімшілік мәселелер және бюджетті жоспарлаумен айналысатын Бесінші комитетінің делегаттары Эболаға қарсы күреске БҰҰ миссиясының бюджетін бекіткен болатын. Алдын-алу шараларына 49,9 млн. доллар көлемінде қаражат бөлінбек, яғни жыл соңына дейінгі мерзімге. «Қаржыландыру мұнымен тоқтап қалмайды», - дейді БҰҰ мамандары.
Шетелдерде
Батыс Африканы жайлап алған эбола қазір Еуропа елдерін қатты алаңдатуда. Оған себеп жоқ емес. Аса қауіпті вирус Сьерра-Леонеда эбола ауруына шалдыққан науқасты емдеумен айналысқан медбике, яғни Испания азаматшасы Тереза Рамосқа жұққан. Кеше АҚШ-та Томас Эрик Дункан есімді бір азамат қаза болды. Батыс ғалымдары «жақында бұл вирус Бельгия, Франция, Ұлыбритания елдеріне тарауы әбден мүмкін» деген болжам жасап отыр.
АҚШ президенті Барак Обама қыркүйек айының аяқ шенінде эболаның алдын алу мақсатында Либерияға генерал Дэррил Уильямстың басқарумен үш мың әскер жіберіп, сонымен қатар, батыс Африка елдерін жаппай жайлап бара жатқан вирусқа қарсы кең ауқымды шаралар жүргізуді қолға алған еді.
Жалпы, айта берсек, қазір барлық елдерде аса қауіпті дертке қарсы күрес шаралар қолға алынып, шұғыл қимылға кірісіп кеткен.
Қазақстанда
ДДС ұйымының Қазақстандағы өкілі Мелита Вуйнович отандық БАҚ-тарға берген мәлімдемесінде «Бұл індеттен ешкім сақтандырылған жоқ. Әрине, әзірге байбалам салуға болмас. Алайда кез-келген жағдайға дайын тұрған жөн. Өйткені, індетті жұқтырған біреудің Қазақстанға келуі әбден мүмкін ғой» деп атап өтті.
Әзірге бар білетініміз:
1068 емдеу-профилактикалық мекемесінің аса қауіпті инфекциялар, оның ішінде Эбола геморрагиялық қызбасы, коронавирус анықталған жағдайда алғашқы эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды жүргізуге дайындығы тексерілді;
4541 дәрігер, 12685 ортаңғы медицина мамандарының қатысуымен аса қауіпті инфекциялар бойынша 714 семинар және 3093 дәрігер мен 9853 ортаңғы медицина қызметкерлерінің қатысуымен 943 жаттығу сабақтары өткізілді;
Тұрғындар үшін 481 дәріс ұйымдастырылды және оқылды, 12695 әңгіме өткізілді, 16939 үнпарақ таратылды. Барлығы 214639 адам санитариялық-ағарту жұмысымен қамтылды (Дерек құзырлы сала сайтынан алынды, авт.).
Басқа да ақпарат алмақ оймен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылар құқығын қорғау комитетімен хабарласқан едік, «бүгінгі күні эбола індетіне қарсы қандай профилактикалық шаралар жүзеге асып жатқанын және еліміздің бұл вирустың алдын-алуға қаншалықты дайын екендігін, сонымен қатар, жұртшылықты мазалап жүрген басқа да сауалдарға қатысты келесі аптаның басында арнайы баспасөз мәслихаты өткізіледі» деген жауап алдық. Әйтеуір, сан соғып қалмасақ болды...
Ақиқат та, аңыз да...
Солтүстік Африкада эбола жұқтырып, дәрігерлер «өлді» деген анықтама берген соң, оларды жерлеуге алып кеткен. Сөйтсе, «тіріліп кетіпті» деседі. Әңгіме екі адамға қатысты болып отыр. Оларды қазір «зомбиға» теңеп жүр. «Бәлкім, науқастар клиникалық өлімге тап болған шығар», - деп жазып жатыр БАҚ-тар.
Ғалымдардың эболаға қарсы вакцина іздеп жүргендеріне 40-жылдан асты. Алайда қауіпті індетке қарсы дәрі-дәрмек жасау аса қымбатқа түсетіндіктен алпауыт деген фармкомпаниялардың өздері жүрексінген. АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі кезінде «біреулер бұл вирусты биологиялық қару ретінде пайдалануы мүмкін» деген қауіппен бірнеше вакцина ойлап тапқан екен, алайда 2012 жылы Пентагон қаржыландыруды тоқтап тастаса керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста