Қытайлық жеміс-жидектердің біз білмейтін құпиялары

Қытайлық жеміс-жидектердің біз білмейтін құпиялары

 Асыра сілтеп отырғанымыз жоқ, бірақ оқырмандардың білгені жөн, біз жеп жүрген жеміс-жидектердің сөрелерде жұтынып тұрған пішіні – бір емес, бірнеше химиялық қоспалардың нәтижесі. Әрине, жалпы бұдан көпшілік хабардар. Ал осы тақырыпта сарапталық бағдарлама жасаған қытайлық бір телеарнаны көрген біз "естімеген елде көп екен" деген ойда қалып, "Алаш айнасы" оқырмандарына да жеткізуді жөн санадық. Бағдарламда әрбір химиялық затқа жеке-дара тоқталып, оның адам ағзасына қаншалықты зияндығын тізіп шыққан. Сонымен...
Жеміс-жидек тұтынушыға жетемін дегенше, әлбетте, көп уақыт өтіп кетеді. Өнім өндірушілер сондықтан оны сабағынан шала піскен күйі қорапқа салады. Жәй салмайды, алдымен этилен газымен мейлінше бүркіп алады. Ал мұндай газдың есірткілік әсері бар. Содан кейін қорапқа карбид кесектерін қоса салады. Карбидке қатысты айтсақ, медицинада да, ғылымда да оның денсаулыққа зиянды екені тайға таңба басқандай жазылған және карбидті тағамның ұзақ сақталуы үшін пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынған. Ал оған пысқырып жатқан қытайлықтар болса қане?! Карбид қышқылданғанда одан толуол бөлініп шығады. Ал толуол адамның тыныс алу жолдарының жұмысын бұзып, жүйке жүйесіне керіс әсер етеді және де одан адам ағзасында фиброз түзілетіні дәлелдеген. Бір ауыз сөзбен айтқанда, бұл - уытты көмірсутегі.
Химиялық қоспалар көп "пайдаланатын" жеміс - банан. Сол қоспалардың бірі – фенол. Фенол да өте қауіпті. Сонымен қатар, банан тауринмен байытылады. "Тауринді шамадан тыс пайдалануға болмайды" дейді ғалымдар. Өйткені ол асқазан дертіне шалдыққандар үшін қауіпті. Әрмен қарай кеттік, бананның құрамында ацетон да болады екен. Ацетонның да залалсыз еместігін жақсы білеміз. Келесі кезекте этил спиртін айтсақ дейміз. Бананда бұл да бар. Ал бұл сұйықтық адамға жәймен әсер етіп, ағзасын, яғни психикасын аздырады. Бананың құрамында міндетті түрде болатын тағы бір химиялық қоспа – ацетонитрил. Ол - жиі пайдаланса ағзаны улайтын қасиетімен "танымал".
Өздеріңіз білесіздер, жеміс-жидектер бір қағазбен оралып тұрады. Тіпті сол қағаздың өзіне химялық қоспалар сіңдіріледі екен. Бұл да бізге қыр асып келген жеміс-жидектердің қорапта қанша жатса да бұзылмауына "кепілдік" берсе керек.
Ғалымдар осындай күмәнді жәшіктерден шыққан жемістерге зерттеу жасаған екен, одан шыққан жеміс-жидектерді ұстаған адамның қолында көзге көрінбейтін дақтар қалады. Міне, осы дақтар мана айтылған қағаздың құрамындағы химиялық қоспаның жұғыны. Жұғын дейміз-ау, бір қарағанда кәдімгі қағаздан айырмасы жоқ сияқты, бірақ "аласы ішінде". Ғалымдар дәл осы қағаздан шыққан жеміс-жидектерді өзіміз қолданып жүрген сумен мұқият жуған екен, алайда жеміс те, адамның қолы да еш тазармаған. Одан зертхана мамандары тек арнайы сумен және ультродыбысты жуғыштың көмегімен ғана арылған. Ал ондай химиялық заттармен өзгеріске түскен қағаздың қораптағы жеміс қабығының жалтыр қалпын сақтау үшін де таптырмас материал екенін біреу білсе, біреу білмес. "Сондықтан да, сөреде көз тартарлықтай жалтырып тұрған тауарларды мұқият жумай пайдалану аса қауіпті", - дейді.
Қазір сыртында бір міні жоқ жүзімдер пайда болды. Олардың мұнай мінсіз қалпы да химиялық заттардың "жемісі". Ғалымдар жуылмаған жүзімді тексергенде, оның құрамынан табуконозол тапқан. Тіпті жүзімді қанша жуса да табуконозол тазармаған. Аталған химиялық элементті ғалымдар бақаға пайдаланып көрген екен, нәтижесінде, бақалар мутацияға ұшырап, сау бақалардың қасында айтарлықтай кіші көрінген.
Бәрін айт та, бірін айт, барлық цитрустық жемістер сабағынан тыс жерде пісе беруі үшін міндетті түрде түрлі химиялық қоспалармен өңделеді.
Алайда Қытай біздің денсаулығымызды емес, өзінің пайдасын ойлайды. Ол түсінікті. Негізі мамандар, әсіресе, сырты ерекше жалтырап тұрған жеміс-жидекті алмауға кеңес береді. Ұзын сөздің қысқасы, жоғарыда сөз болған химиялық қоспалардың басым бөлігі қатерлі ісік ауруларын тудыруы әбден мүмкін.
Көктем шыға "дәрумен ғой" деп жеміс-жидекке ауысатынымыз бар. Ал олардың бізге еш дәрумен бермейтіні былай тұрсын, түрлі ауруларға ұшыратып жатады екен. Иә, мұндай біз біле бермейтін неше түрлі нитраттар жиынтығының адамға кері әсері бәсең жүреді. Былайша айтқанда, баяу құртатын у. Десек те, адамның жасы ұлғайғанда аурушаң болса, соған әкеп соқтыратын факторлардың бірі қытайлық жеміс-жидектер екенін біліп жүретін болдық. Оны қытайлық ғалымдардың өздері де мойындап отыр.
Совет-Хан Ғаббасов, медицина және педагогика ғылымының докторы, профессор:
-"Айта-айта жағым талды" десем де болады. Қытайлық жеміс-жидектер ұлтқа қауіп. Үкімет оны білмейді емес, біледі. Алайда салғырттық танытып отыр. Профессор Шарманов та шырылдап-ақ жүр. Бізді ешкімнің тыңдағысы жоқ. "Айта, айта Алтайды, Жамал апай қартайды" деген осы. Біздерді қойшы, келер ұрпаққа обал емес пе. Қытайдан қанша тауар келіп жатыр, контрабандалық жолмен де, рұқсатпен де, басым бөлігі жатқан химия. Ең абзалы, адамдардың өздері сақ болғандары жөн, яғни, мұндай тауарларды пайдалануды ендігі шектемесе болмайды. "Ауру – астан" дегенді естен шығармайық. Еліміздің ауылшарушылық саласын дамытпай, біз бұл түйінді түйткілді ешқашан да шеше алмаймыз.
РS.Мүмкіндік болса, көкөніс пен жеміс-жидекті өз ауламызда өсіруге бой алдырайық. Бұлай деп отырғанымыз, еш пайдаға аспай, арам шөпке "жем болып" жатқан аулалар жоқ емес. Алматы қаласы, "Өжет" елдімекенінде Қытайдан келген бір қазақ тұрады екен. Айналдырған 6 сотық жерінде көкөніс пен жеміс-жидектің неше атасы бар көрінеді. Табиғи байлық деп осыны айт. Бала-шағасына қандай жақсы! Қытайлықтардың ұлтарақтай жерден пайда тауып отырғанын жақсы білетін сол қазақ көршілеріне қарап, аң-таң деседі. "Мына жатқан байлықты (көршілерінің жерлерін айтады) қараусыз қалдыру – барып тұрған бассыздық қой!" депті жағасын ұстап.
Сонымен қатар, балаларымызға Қытайдан келген жеміс-жидек сатып алып бермес бұрын, әбден ойланайық ағайын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста