Гомеопатия – ғасыр емі

Гомеопатия – ғасыр емі

Медицинаға гомеопатияны неміс ғалымы Самуил Ганнеман ғылым ретінде енгізген. Ал біздің елімізде бұл ем түрінің қолданыла бастағанына 20 жылдай болды. Оны 1990 жылдары «Қазақстан гомеопатиялық медицина орталығының» директоры, халықаралық гомеопаттар лигасының мүшесі, гомеопат-дәрігер Әсемгүл Оразбекқызы емдеу түрі ретінде шетелден алып келген. Негізінде ертеде ата-бабаларымыз талай ауруды операциясыз-ақ емдеп жазған. Бұған қарап, ертедегі қазақ халқының медицинасы гомеопатияға негізделгендей деп те айтуға болады.

Аурудың алдын алудың төте жолы

Тарихқа көз жүгіртсек, тырысқақ эпидемиясына алғаш рет осы гомеопатия жолымен тосқауыл болып, халықтың біраз бөлігін індеттен сақтап қалғаны белгілі. Алайда қоғамымыз уақыт өте Батыстың химиялық дәрілеріне кеңінен көңіл бөліп, гомеопатия ілімі тасада қала берген. Айта кетер жайт, гомеопатия емі қымбат саналатындықтан, әлем бойынша тек ақсүйектер мен байлардың емделетін ем түрі саналады. Тіпті кезінде Мәскеуде Кремльдің адамдары ғана пайдаланған деген дерек бар. Алайда Батыспен салыстырғанда біздегі гомеопатиялық емнің бағасы тіпті дәстүрлі емнен әлдеқайда арзан. Гомеопатия, негізінен, «пышақсыз» емдеуді қарастырады. Ауырған адамның барлығын бір мүшесінен айыру бүгінгідей медицина дамыған заманда медицинаға сын екені сөзсіз. Ал гомеопатия арқылы емдеп қана қоймай, операцияның да алдын алуға болады.

Тәнге де, жанға да – дауа

Аурудың көпшілігі дерлік күнделікті тұрмыста туындайтын ашу шақырудан, уайым мен жүйке жұқаруынан пайда болатыны бүгінгі таңда ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Осындай кездерде адам не психиатрға, не терапевтке жүгінерін білмей, сарсаңға түседі. Ал гомеопатия адамның тәніне қоса, жанын да емдейді. Дәстүрлі медицинада толық емделіп шығу үшін әртүрлі мамандықтағы дәрігерлердің алдынан өтуге тура келеді. Және белгіленген ем түрі тек қана белгіленген аймақты ғана емдейді. Тіпті кейде қабылдаған дәріңіз бір жерін емдей отырып, екінші мүшеңізге залалын да тигізуі мүмкін. Ал гомеопатиялық түйіршіктің бір ғана түрі арқылы науқастың барлық дертіне шипа дарытуға болады. Гомеопатиялық емдеу денеңізді бөлшектемей, кешенді түрде адамның барлық денесін тұтас емдеуді қарастырады. Дәрілер өсімдіктерден, минералдардан және органикалық заттардан алынып, табиғи жолмен дайындалады, яғни ешқандай химиялық қоспасы жоқ. Және табиғи жолмен дайындалатын болғандықтан, адамдардың организміне зиянды әсерін тигізбейді. Есесіне дәрі науқастың денесіне тез сіңіп, шипалық деңгейін де тез көрсетеді.

Диагноз қоюдың ерекшелігі

Гомеопатия емінің бастауы иридоскоп құрылғысы арқылы адамның көзіне қарап, диагноз қоюдан басталады. Иридодиагностиканың артықшылығы – адамның көзіне қарап, барлық дене мүшесінің сырқатын дәл анықтап қана қоймай, келешекте қандай науқас түрімен ауруы мүмкін екенін де тап басып айта алады. Ал бекітілген дәрі арқылы аурудың ошағы жойылып, аурудың салдарынан да құтылуға болады.


Бәріне шипа

Гомеопатия арқылы барлық ауру түрлерін емдеп жазуға болады. Атап айтқанда, бүгінде бүйрекке тас байлануды операциясыз ыдыратып, қан айналым жолдары, жүрек, бас аурулары мен жүйке жүйесі, тамақтың ісік безі (зоб), простатит, буын аурулары, жоғары қан қысымы, бас сүйек ішінің қысымы, бауыр, бүйрек, тері ауруларын емдейді. Бүгінде әйелдер арасында кең таралған миома, киста, мастопатия секілді ауру түрлеріне де бірден-бір ем саналады.


Маман пікірі

Гүлстан АЛЛАМБЕРГЕНОВА, гомеопат-дәрігер:

– Біздің елімізде адамдардың өмір сүру ұзақтығы көбінесе 57-58 жасты құрайды, ал Жапонияда қаншама жыл атомдық жарылыстар сыналғанына қарамастан, олардың өмір сүру ұзақтығы 85 жастан асып жығылады. Бізде неге адамдар аз өмір сүреді? Себебі біздің халқымыздың қанында жылдар бойы қалыптасып келе жатқан әлсіздік, тұқымқуалаушылық аурулар көп. Осындай себептер жылдар өте келе белгілі бір ауру болып қалыптасады. Қазіргі таңда біз гомеопатия арқылы аурудың түп негізі мен олардың адам бойында қалыптасуына балта шабу мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Ем барысында табиғи жолмен дайындалған дәрілер, химиялық дәрілердей емес, адамның басқа бір ағзасына зиянын тигізбейді. Және біздегі диагноз белгілейтін иридоскоп құрылғысы арқылы адам бойында қылаң беріп келе жатқан аурулар 5-6 жыл бұрын анықталады. Осындай ерекшелігін ескере отырып, келешекте гомеопатияны дәстүрлі ем түрімен қатар алып жүрсек, көп нәрседен ұтар едік.


Маманнан  тәжірибе

Гомеопатия, негізінен, «уды у қайта­рады» деген қағиданы басшылыққа алады. Немеремнің аузынан сілекейі аға беретін әдеті бар еді. Бір күні жолда келе жатып, қатарлас тоқтай қалған көліктің терезесінен асылып тұрған дәу иттің аузынан шұбырған сілекейге көзім түсті. Үйге келе сала аузынан сілекейі шұбырған немереме иттің сүтінен дайындалған, табиғи жолмен алынған дәріні ішкіздім. Осы дәріні екі рет ішкізгеннен кейін немеремнің сілекейі сап тыйылды.


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста