"Құбыжық" сәбилер қайдан келеді?

"Құбыжық" сәбилер қайдан келеді?

Соңғы әлетте жұрттың жағасын ұстатардай «құбыжық» сәбилердің дүниеге келуі жиі орын алатын болып жүр. Мамандардың мұның басты себебі экологиялық ахуалдың нашарлауынан деп бағалауда. Мұндай мәселе көбіне экологиялық апатты аймақтарға тән. Мәселен, 1999 жылы Қызылорда облысында бүкіл денесі бір-біріне жабысқан егіз балалар туылған-тын.
Ал, арада бір жыл өткенде осы өңірде маңдайында жалғыз көзі бар сәби өмірге келді. Мұндай сұмдықты бұрын-соңды көрмеген жұрт жағасын ұстап, шуласты. 2003 жылы оңтүстіктегі Қазығұрт ауданында ешқандай жыныс мүшесі жоқ бала туылды. Дәрігерлер асып-сасып қолдарынан келетін қайран жоқтығын білдірген. Ақыры бала ісіп-кеуіп үш күннен соң шетінеп кетті. Бұл оқиға сол күйі жабулы қазан жабулы күйінше қалды. Ал, былтыр Шымшаһарда да осындай қорқынышты бала туылған болатын. Аз уақыт өтпей бала ажал құшты. Бұдан да сұмдық екі аяғы бір-біріне жабысып туылған, басы денесінен үлкен, ергежейлі сәбилер де бар. Ең қорқыныштысы, бүгінде шымкенттегі мамандандырылған балалар үйінде жыл жылжыған сайын құбыжық сәбилер саны артып барады. Тамырын тереңге тартқан бұл мәселенің мәнісіне тереңірек үңіліп зерттеп жатқан сала мамандары жоқ. Бар мәселені генетик мамандардың мойнына артып қойып, іс бітті деу жаны ашымастың қасында басың ауырмасынның кері сияқты. Болашақ ана УДЗ аппаратына түскен соң-ақ баланың ауытқушылықпен туылуы мүмкін екендігі белгілі болады. Осы уақытта дәрігерлер түсік тастау жайын айтса да көнбейтіндер көп көрінеді. Ондай балаларды өмірге әкелуге аналары саналы түрде барады екен. Көбісінің көкейін тескені ауру балаға берілетін аз-маз жәрдемақы екен. Ал арада екі-үш жыл өткен соң бағып-қағуын қиынсынғандары балалар үйіне әкеп өткізіп кетеді. Жуырда ғана Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдегеніндей бір ғана Астана қаласында түрлі патологиялық ауытқушылығы бар шаранаға жасанды түсік жасалыпты. Егер мұндай қадамға бармағанда түрлі құбыжық, не болмаса мүгедек бала туылатыны хақ еді дейді мамандар. Құбыжық болмаса да «қоянжырық», «қасқыр ауыз» болып туылатын балалар саны да артып отыр. Бүгінде оңтүстікте 431 бала осындай диагнозбен тіркелген. Ал, таңдайы жоқ, тілі жоқ болып туылып жатқандар да баршылық. Сондай-ақ, соңғы кездері жарық дүниеге келген сәбилердің арасында салмағы 1 000 грамға да жетпейтіндері жиі кездеседі. Дәрігерлердің дабыл қағатындайы да бар. Тіпті кейде салмағы 500 грамға әзер жететіндері де жеткілікті көрінеді. Бәрін экологиялық ахуалға аудара беруге болмас. Мұның басты себебін болашақ аналардың өз денсаулықтарына немқұрайлы қарайтындығымен түсіндіруге болатын сықылды. Қаракөздеріміздің дені темекі тартады. Оны жасыра алмаймыз. Бұрымдылардың басым бөлігі ащы суды шелектеп ішпесе де, құмарлығы басым. Мұны да жасырып-жаба алмаймыз. Осының бәрі де бала денсаулығына теріс әсер ететінін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Оның үстіне қапшықтап жесе де асқазанды толтыруға бір септігі жоқ чипсы, кола сынды сусындардан бас тарта алмайтындарды қосыңыз. Оның бәрі де аяғы ауыр анаға кері әсер етпейді деп ешкім де айта алмайды. Салмағы аз сәбилерді қатарға қосу да оңай емес. Олар да басқалар сияқты толық медициналық көмек алуға құқылы болып есептеледі. Сол себептен қандай жағдай болғанда да Гиппократ антына адал жандар сәбилерді аман алып қалуға тырысады. Оларды аяқтан тұрғызу үшін көп қаражат қажет. Сурфактанта деп аталатын препараттың бір дозасының өзі 180 мың теңге тұратын, бұрын. Қазір тіптен қымбаттап кетті. Оны екі не үш рет салу керек. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мамандарының зерттеулерінше салмағы аз, денсаулығында ауытқуы бар, аурушаң сәбилерді дүниеге әкелетін аналардың көбісі анемиямен, вирусты гепатитпен, иммунитет әлсіздігімен ауыратындығы анықталған. Бүгінде шарананы генетикалық диагностика көмегімен алдын ала жатырдан бастап анықтау жолға қойылған. Дәрігерлердің басым бөлігі мүгедек баланың өмірге келмегені дұрыс деп санайды. Ол үшін ерте бастан жасанды түсік жасатуды қолай көреді.
Дәрігерлердің айтар уәжі: бүгінде құрсақтағы сәбидің алдын ала денсаулық жағдайын анықтауға мүмкіндік бар, соған орай ата-ана құрсақтағы сәбиі мүгедек болса, алдын ала анықтап, бас тарта алады. Әйелдерге кеңес беру орталығында тіркелген әрбір әйел қанын зерттеп, ультрадыбыстық тексеруден өткізіп, хромосомдық анализдерден соң шынымен баланың мүгедек екені анықталып, ертеңгі күні кемтар бала туылатыны белгілі болса, генетиктер аяғы ауыр анаға баланы өмірге әкелу немесе одан бас тарту жөнінде жан-жақты түсіндіреді. Соңғы шешім ата-ананың өз қолында. Мүгедек баланың ата-анаға да көрсетер қуанышынан гөрі қайғысы көп болары анық. Қоғам үшін де бұл оңай нәрсе емес. Бар салмақ мемлекеттің мойнына түседі. Мүгедектер үйіндегі әр бала үшін ай сайын, жыл сайын қыруар қаражат жұмсалады. Бұл әрине экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Мұның астарына үңіліп, алдын алып, болдырмауға күш салу қажет-ақ. Бұл маман дәрігерлердің пікірі.
Ал, дін өкілдерінің айтар уәжі: Баланы өмірге келтірмей жатып жанын қию Алла алдында да, тіпті адамгершілік тұрғысынан да дұрыс емес. Тіпті кемтар болса да. Бұған күш салғанша осындай балалардың көбеюіне себепкер болып отырған мәселелердің түйінін тарқату керек.
Көбіне басты себеп деп экология, тұрмыстың төмендігін атап жатады ғой. Ендеше осындай жағдайлардан кейін ауру да атқа қамшы салмай ма?
Гүлден Бердалиева, дәрігер-гинеколог:
- Аяғы ауыр ананы толық тексеруден өткізген соң егер баласының шынында да ауытқушылығы бар, мүгедек не «құбыжықкейіпті» болып өмірге келетіні белгілі болса түсік жасатуға кеңес береміз. Кемтар баланы көру ата-анаға да қасірет қой. Алайда мұнымен келіспей босанған соң өкініп жататындар тіптен көп. Мұндайда балалар үйі тағы бір мүшемен толығады. Ауру анадан ауру бала туылатыны белгілі. Сондықтан да баланы өмірге әкелуге дайындықты әу бастан бастаған жөн дер едім.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста