Мемлекеттік емхана тоқалдан туған ба?

Мемлекеттік емхана тоқалдан туған ба?

Біздің елде тегін медициналық қызмет Ата заңмен кепілдендірілген. Алайда мемлекеттік емханаларға бара қалсаңыз, «бізде ондай аппарат жоқ, біздің зертханада ондай анализдер алмайды сондықтан ақылы медициналық орталықтарға барып аппаратқа түсіп келіңіз, анализ тапсырып келіңіз» деп жол сілтейді. Ал ақылы медициналық орталықтарда озық заманауи аппараттар да, кез келген анализдерді алып тексеретін зертханалар да бар. Сонда жыл сайын денсаулық саласына бюджеттен бөлінген ақшаға сатып алынып жатқан медициналық заманауи қондырғылар тек жекеменшік ақылы медициналық орталықтарға ғана берілетін болғаны ма?
Бастан өткен бір жайт
Осыдан екі-үш ай бұрын денсаулығым сыр беріп, жергілікті емханаға барып, учаскелік дәрігердің қабылдауында болдым. Шағымымды тыңдаған дәрігер алдымен жалпы тексеруден, флюорографиядан өтіп келген соң анализ тапсыруға жолдама беретінін айтты. Дәрігердің айтқандарын орындап, жолдама алып, жалпы анализді тапсырдым. Ертеңінде анализ қортындысын көрген дәрігер «В» гепатитіне анализ тапсыру керек екенін айтты. Жолдама сұрсам «біздің зертханада ондай анализ алмайды, ақылы зертханаға барып тапсыру керек» деді. Ақылы зертханада анализ бағасы 4500 теңге тұрады екен. «Қан құрамында «В» гепатитінің вирусы бар» деген анализ қортындысын алып дәрігерге келсем, «осы анализді тағы тапсырыңыз» дейді. «Ол неге? Кеше ғана тапсырдым емес пе? Қортындысы қолыңызда тұр ғой» десем, «талап солай, алғашқы қортынды қате болып шығуы мүмкін» деп, сол анализді қайта тапсыруға жіберді. Денсаулық өзіме керек болған соң еріксіз екінші рет тапсырдым. Екінші анализ қортындысы да алғашқыдай, дұрыс болмай шықты. Қан ішу содан соң басталды.
....қанымды ішті
Тура мағанасында да, ауыспалы мағынасында да дәрігерлер қанымды ішті. Олай демеске амал жоқ. Өйткені, екі рет анализ тапсырып, қанда «В» гепатитінің вирусы бар екені анықталған соң нақты диагноз қою үшін ұзын саны 40-қа тарта анализ тапсырдым. Бәрі де ақылы және арзан емес. Әр барғанда «басыңыз айналса айтыңыз» деп ескертеді де 4-5 түтікшемен қан алады. Кейбір анализ қортындылары бір аптадан соң дайын болады екен. Солай бір ай уақытым тек қан тапсырумен өтті. Бір қызығы мемлекеттік емханада қарапайым УДЗ-ден (УЗИ) өтуге бір жарым ай бұрын жазылу керек екен. Ал ақысын төлесеңіз кезек күтудің қажеті жоқ. Сондықтан еріксіз ақылы қызметке жүгінуге тура келді. Ұзын сөздің қысқасы, аппараттарға түсу мен анализдерге 80 мыңдай ақша жұмсадым. Ал құжаттарды комиссияға жіберу үшін бірнше дәрігердің кеңесі қажет болды. Онсыз комиссия құжатты қарамайды екен. Ең қызығы, дәрігерлер кеңесін де ақылы орталықтардан алуға мәжбір болдым. Өйткені, жаз айында еңбек демалысына кеткен емханада жұмыс істейтін дәрігерлердің орнын ешкім ауыстырмайды екен. Сол себепті дәрігерлердің кеңесі де ақылы болды. Міне осылай кепілдендірілген медициналық қызмет маған 100 мың теңгеге айналды. Жаннан аяр не бар дейсіз?! Мен кеткен ақшаны санап отырғам жоқ. Мен Ата заңмен кепілдендірілген тегін медициналық қызметтің қайда екенін біле алмай отырмын.
Медициналық қызмет бизнеске айналған
Осы орайда «неге ақылы орталықтарда заманауи қондырғылар бар да, мемлекеттік емханада ештеңе жоқ» деген сауал әркімнің де ойына оралары анық. Меніңше, заманауи қондырғыларды жекеменшік медициналық орталықтарға беруде шенділер мен ықпалды адамдардың, кәсіпкерлердің материалдық мүдделері тоғысқан. Өйткені бүгінгі таңда қарапайым халықтың жайынан қалтаның қамы жоғары тұр. Осы мәселеге қатысты бір маманға хабарласқанымда, атын атамауды өтінген ол заманауи қондырғыларды сатып алуға бюджеттен жүз миллиондаған қаржы жұмсалып жатқанын, ол қаржының қайтымы болу керектігін айтты. Бюджет қаржысы деген салықшылардың, яғни халықтың ақшасы емес пе? Сонда қалай болғаны? Өз ақшасына сатып алынған қондырғыны пайдаланғаны үшін халық екінші рет ақы төлеуі тиіс пе?

Медициналық қызмет ақылы болуы керек
Осы тұста кей мамандар медициналық қызметті түгелдей ақылы етіп, тек есепте тұрған науқастар үшін ғана тегін медициналық қызмет көрсетілуі қажет екенін айтады.

Ботакөз ИСКАКОВА, әлеуметтанушы:
– Жыл сайын әрбір Қазақстан азаматына белгілі бір мөлшерде ақша бөлініп отыр. Меніңше, медициналық қызметті толықтай ақылы етіп, сол қаржыны азаматтардың әрбіріне беріп, тек медициналық қызмет үшін пайдалана алатындай тетік қарастыру қажет. Мысалы медициналық төлем карточкаларын шығарып, ақша сол карточкаларға құйылуы керек және ол тек медициналық қызметке ғана пайдалануға болатын карточкалар болуы қажет. Егер азамат мөлшерлі ақшаны мерзімінен бұрын тауысып қоятын болса, қалған уақытта медициналық қызмет үшін өз қалтасынан қаржы шығаруы тиіс. Егер азамат бір жылға бөлінген ақшаны үнемдейтін болса, үнемделген қаржы келесі жылы бөлінетін қаржыға қосылып отыруы керек. Сондай-ақ, егер күрделі ота жасатуға науқастың қаржысы жетпесе, онда ол туыстарының медициналық карточкасындағы ақшаны пайдалануға мүмкіндік беретін тетік қарастырған жөн. Осылайша ақылы медицина мен тегін медицинаның ара жігін ажыратуға және азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал етуге болады. Әйтпесе, бүгінгі таңда мемлекеттік емханаларда бір медициналық қызмет түрі ақылы және тегін көрсетіледі. Әрине тегін қызметке қол жеткізу үшін айлап кезек күту қажет. Ал науқастанып барған адам бір ай күте алмайды ғой. Сондықтан еріксіз ақылы қызметке жүгінуге мәжбір болады. «Тегіннің тұзы татымайды» дегенді бүгінгі таңда мемлекеттік емханаларда көрсетіліп жатқан тегін медициналық қызметке қатысты айтуға болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста