Журналистердің кәсіби мерекесін қай күнге белгілегенді жөн көресіз?


Сейдахмет ҚҰТТЫҚАДАМ, «Мысль» журналының бас редакторы, публицист, саясаттанушы:
– Журналистердің кәсіби мерекесін белгілеу жөнінде Сағымбай Қозыбаев сынды азаматтар көптеген ұсыныс пен идеяларын айтып, жазып, білдіріп жүр. Әрине, ұшқыр қаламды, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын журналист мамандардың нақты кәсіби мере­кесін белгілеу қажет. Қанша рет қозғалып, бұл мәселе көтерілсе де, орын­ды деп есептеймін. Ал менің жеке пікірім, қазақ ақпарат құралдарының бастауы – «Дала уәлая­ты газеті» шыққан күнді Журналистер күні деп белгілесек, жөн болар еді. Білуімше, аталмыш газеттің алғашқы саны мамыр айында жа­рыққа шыққан. Ал қазіргі аталып жүрген, түсініксіз мейрамдардың дұрыс­ты­ғына күмә­нім бар. Себебі кеңес заманы ыдыраған кезде қабыл­данған заңға сәйкес тойланып келеді. Жан-жақты талқыланып, ойлас­ты­рыл­ма­ған­дықтан, қазақ жур­на­лис­тикасына еш қатысы жоқ деп есеп­теймін.

Әбділдәбек САЛЫҚБАЙ, «Қазақ тарихы» журналының бас редакторы:
– Шындығына келсек, Журналистер күні қай күні тойланып жүргенін түсінбей де қалдық. Баспасөз күні дейміз, журналистер мен журналистика күні дейміз, тағысын тағы. Менің ойымша, Журналистер күні деп «Түркістан уәлаяты газеті» шыққан күнді белгілеу дұрыс сияқты. Себебі бұл газет кезінде Ресей патшалығының газеті ретінде қабылданса да, қазақ қоғамының тыныс-тіршілігі мен тұрмысы жайлы көп жазды. Бұл жалпы қазақ даласында дүниеге келген басылымға қатысты болса, тағы бір ұсынысым тәуелсіз баспасөзге қатысты болмақ. Шындықты жазып, жүз ашылып, жүз жабылған «Қазақ» газетінің туған күнін Журналистер күні деп белгілесек, қате болады деп ойламаймын. Негізінен, қазіргі БАҚ өкілдерінің мейрамы ретінде нақ осы тәуелсіз басылымның жарыққа шыққан күні – ақпанның 2-сі күнін белгілейік дер едім.

Нұртілеу ИМАНҒАЛИҰЛЫ, ҚР құрметті журналисі, «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрайымының кеңесшісі:
– Біз журналистерді «төртінші билік иелері» деп атауды жақсы көреміз ғой. Тәуелсіз қазақ елі журналистерінің Тәуелсіздікке жасаған қызметі, менің ойым­ша, айрықша, ерекше. Ал оны бағалаудың бір ғана түрі бар. Олардың еңбегін жылына бір күн ғана атап өту дұрыс деп есептемеймін. Тіпті сол мейрамның қажет не қажет еместігін де білмеймін. Бір жағынан, қазіргідей ана күнді бір, мына күнді бір атауға қарағанда, белгілі бір күнді бекіту дұрыс та шығар. Бірақ мә­селе онда емес. Мәселе – журналистің еңбек етуіне, өмір сүруіне кедергі жа­самау. Ол не? Ол, ең алдымен, журналистер не мемлекеттік қызметкерге жат­пайды, не бір басқа категорияға жатпайды. Тым болмаса несие алуға, тұрғын үйге қол жеткізуге байланысты қақылары да, құқықтары да жоқ. Сол себепті олар заңды айналып өтуге, таныстық іздеп, алақанын жаюға мәжбүр болады. Сондықтан, ең алдымен, олардың қоғамдағы алатын орнын анықтап алайық. Егер журналистің мәртебесі дұрыс, қоғамға қажетті адам екендігі дә­лел­денген күн болса, сол күнді Журналистер күні деп белгілеуіміз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста