Қазақ сатирасын неге дамыта алмай отырмыз?

Қазақ сатирасын неге дамыта алмай отырмыз?

 

Сейіт КЕНЖЕАХМЕТ, сатирик-жазушы:

– Бізде сатирик жоқ деп айта алмаймыз. Сатирик бар. Бірақ тек сатириктер қауымын ғана емес, бүкіл жазушыларды «мынау жақсы жазып жатыр», «мынаның артық-кем тұсы мынандай» деп еңбегін ескеріп, саралап жатқан ешкім жоқ. Әйтпесе сатириктер жазуын жазып жатыр. Өкінішке қарай, анда-санда, тек Жазушылар одағының пленумында, съезінде ғана бір ауыз сөзбен тоқталады. Мысалы, өзіміз жас кезімізде сатира жазғанда: «Ертең осының есебі болады, халық тыңдайды» деп, бәсекелесіп жүріп жазатынбыз. Қазір бәсекелесіп жазу жоқ. Кім не жазғысы келсе, соны жазып жатыр, белгілі бір жүйе, белгілі бір тақырып деген ескерілмейді. Сосын бүгінгі күннің айтылуға тиісті өткір мәселелері жазылғанымен де, еш жерге өтпейді. Сол себепті де, біздің сатириктер кейбір тақырыптарға келгенде тартынып қалып отырады. Бұрын сатириктердің топтама жинақтары шығып тұратын. Қазір ол да жоқ. Осының бәрі сатираның жанр ретінде жан-жақты дамуына, ықпалды күшке айналуына зиянын тигізіп отыр.

Жарылқасын ДӘУЛЕТ, сатирик-ақын, сазгер:

– Әрине, бүгінде жаңадан Оспанхан, Қажытай, Көпендер туып жатқан жоқ. Үмбетбай Уайдин, Мұхтар Шерім, Толымбек Әлімбектер сияқты сатираға жаңаша леп алып келіп жатқан толқынды тағы көрмейсіз. Осы тұрғыдан алғанда, әдеби сатирамыздың кенжелеп тұрғаны рас. Бірақ есесіне сахналық сатира дамып барады. Және оның көш басында «Шаншар» тұр. Кезінде көпшілікке беймәлім болған Нұржан Төлендиевті қалай танымал етті! Қазір тағы бір екі жігітті тамаша қырынан таныта бастады. Мұның өзі Уәли мен Жүсіптің мықты ұстаз екенін көрсетеді. Тағы бір қызық нәрсе – КТК (көңілді тапқырлар клубы) дамып келеді. Бір қарасаң, түкке тұрмайтын сияқты, бір қарасаң, күлкілі. КТК-шылардың әрекеті театрдың, сахналық сатираның өрістеуіне үлес қосуы мүмкін. Енді «Әдеби сатираны неге дамыта алмай отырмыз?» дегенге келсек, сатира – адамның ішкі дүниесімен байланысты нәрсе. Қазақтың табиғаты лирикаға жақын. Мысалы, өзбекте сатира керемет дамып жатқан болуы мүмкін. Ал бізде бұл жағы қиын. Себебі біз, бір жағынан, философ халықпыз. Сондықтан жанрдың дамуына халқымыздың ұлттық ерекшелігі де әсер ететін болуы ықтимал. Оның үстіне лирикадан ауып кетіп, сатираға ойысу деген  – өте күрделі нәрсе. Жаңа лептің келмей жатуы, бәлкім, содан да шығар. Әйтпесе саясат та, жағдай да, талғам да өзгерді. Соған орай, сатираның дамитындай кезеңі келіп-ақ еді...

Үмбетбай УАЙДИН, сатирик-жазушы:

– Халық бар жерде күлкі бар. Күлкі дегеніміз – сатира. Біреулер «қазақ сатирасы құрдымға кетті» деп жүр. Бұл дұрыс емес. Сатира бар. Тек оның деңгейі әр түрлі. Үлкен полотно жоқ. И.Ильф пен Е.Петровтың романдарындай сүбелі шығармалар жазылмай жатыр. Сахналық сатира, әрине, көбірек сынға ұшырап жүр. Оларға да әділ пікірімізді айтып, ақыл-кеңес беруден аянған емеспіз. Әзірге сөзімізге құлақ асып, орталарына көбірек шақырып жүргені – тек «Шаншар» мен «Тамаша» ғана. Қалай болғанда да, сатира өлген жоқ. Дегенмен фельетон, памфлет сияқты жекелеген жанрлардың жоғалып кеткені шындық. Бірақ ден қойып, көңіл бөлген жағдайда мұның бәрін реттеуге, дамытуға болады. Оған қазақ сатириктерінің шығармашылық қуаты жетеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста