Ұлттық архитектура неге дамымай отыр?

Ұлттық архитектура неге дамымай отыр?

 

Камал БҰРХАНОВ, Мәжіліс депутаты:

– Көтерілген мәселе өте орынды. Еліміздегі кез келген қалаға кіргенде, біріншіден, оның ұлттық бояуы білініп тұруы қажет. Қазақ – көшпенді халық, тарихы терең. Көнеден қалған архитекторлық сызбалардың кішкене болса да элементтерін қазіргі заманға енгізіп, биік ғимараттарды саларда осы жағына назар аударсақ, құба-құп болар еді. Себебі қазіргі заманға көнеден қалған архитектуралық элементтерді енгізсек, ол біздің кім екендігімізді, қайдан шыққандығымызды, жалпы тарихымыздан сыр шертіп тұрар еді. Бірақ қазіргі Астанада көтеріліп жатқан ғимараттардың көпшілігінде ұлттық бояу байқалмайды, «суперсовременный» қала болып барады. Жаһандану кезінде кез келген ғимаратқа ұлттық бояу, ұлттық реңк беру өте маңызды. Себебі зәулім сарайларда ұлттық элементтер байқалса, ол кез келген қазаққа рух береді. Ол үшін зәулім сарайлар салуға жарияланатын тендерде «бұл ғимаратта ұлттық колорит болуы тиіс» дейтін арнайы бап енгізу қажет. Сонда 10-15 архитектор өзінің жобасын тендерге ұсынатын кезде міндетті түрде ұлттық нышандарға назар аударатын болады.

Ақмырза РҮСТЕМБЕКОВ, ҚР Сәулетшілер одағының президенті:

— Қазір барлық мемлекеттегі құрылыс нысандарының көпшілігі жаңа заманға лайықталып салынуда. Негізі, біз ұлттық үлгідегі ғимараттар деп Яссауи, Айша бибі кесенелерін айтамыз. Бірақ олар Шығыс елдерінің үлгілерімен қиюластырылып салынған формалар. Ал Кеңес заманында Республика Сарайы, «Қазақстан» қонақүйі секілді биік ғимараттар бой көтерді. Ал қалған ғимараттардың барлығы басқа заманның, басқа ұлттардың, не болмаса түрлі ұлттардың біріктірген формасы негізінде қаланған. Ал қазіргі жүріп жатқан құрылыстарға келсек, олардың ішінде нағыз ұлттық нақыштағы ғимарат бар деп айту қиын. Оның үстіне мен бұл жерде мына мәселені баса айтқым келеді. Кеңес заманында үлкен кесенелер, биік ғимараттар салар алдында жергілікті басшылар Сәулетшілер одағына келіп ақылдасатын. Сәулетші мамандар жиналып, пікірлерін айтып, талқылайтын. Одан кейін барып құзырлы орындарға жолданып, құрылыс басталатын. Ал қазір ше? Қазір бұл жүйе жойылды. Сәулетшілермен ақылдасып отырған ешкім жоқ. Қазір сәулет өнеріне бизнес, саясат әбден араласып кетті.

Ұзақбай АЙТЖАНОВ, Қазақстанның құрметті құрылысшысы, Сәулетшілер одағының мүшесі:

— Қазақ сәулеті дамымай жатыр деп айтуға болмайды. Егер олай етсек, біз сәулет өнерінің негізін қалаушылар – Төлеу Басеновтің, Малбағар Меңдіқұловтардың еңбектерін, өмірлік тарихын жоққа шығарған боламыз. Ал мұндай тұлғалардың алдында қазақта ұлттық архитектура дамымаған болатын. Бейіт басындағы үлгілердің барлығын ұлттық нақыштағы бояулар деп айтуға болмайды. Әрине ол да – өнер. Бірақ олардың барлығы бізге дін сәулетінен келген. Негізі, қазіргі ғимараттардың барлығын киіз үйге ұқсатып, ою-өрнекпен салу қиын. Қазір Жапонияңыз да, Қытайыңыз да, Өзбекстаныңыз да ғимараттарын бұрынғы жүйемен салып жатқан жоқ. Олардағы бүгінгі сарайлар жаңа заманға лайық әйнекпен, темірмен жасалынып жатыр. Сондықтан әрине көне ғимараттар қалсын, ол жақсы, бірақ сонымен бірге бұрынғыға ұмтыла бермей, жаңашылдыққа ұмтылғанымыз да жөн шығар деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста