Қаржыны талан-таражға салған топ-менеджерлерді тыюдың механизмдері бар ма?

Қаржыны талан-таражға салған топ-менеджерлерді тыюдың механизмдері бар ма?

Тасбай Симамбаев, сенатор:

– Қаржыны талан-таражға салып, елден тайып тұратын топ-менеджерлердің әрекеттерін біз сыбайлас жемқорлықты жойғанда ғана ауыздықтай аламыз. Жемқорлықтың 80 пайызы мемлекеттік сатып алу саласында орын алып отыр. Бұл туралы өзімнің депутаттық сауалдарымда айтқан болатынмын. Шетелдерде мемлекеттік сатып алулар екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады. Бізде әлі күнге дейін бұл жүйеге көшірілмеген. Жақында қаржы министрі Болат Жәмішев мырза осы саладағы жемқорларды тыю үшін мемлекеттік сатып алуларды электронды жүйеге көшіреміз дегенді айтып қалды. Меніңше, қулықтарына құрық бойламайтын жемқорлар мен қаржыны оңды-солды шашатын топ-менеджерлерді бұл арқылы тұқырта алмаймыз. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының жұмысын жандандыру қажет. Міне, осы екі мәселе реттелсе, қаржыны талан-таражға салу белгілі бір мөлшерде азаяр еді.

Еділ Оспан, заңгер:

– Негізі, заң қоғамдық қатынастардан кейін жүреді. Яғни қоғамда қандай да бір келеңсіз жағдайлар орын алса, сол саладағы бейберекетсіздікті реттеу үшін арнайы заң қабылданады. Мысалы, компьютер жоқ кезде электронды қылмыс туралы, оны реттейтін заңдар туралы естіген жоқпыз. Ал компьютер кеңінен қолданылғаннан кейін бұл салада да қылмыстар көбейіп, тиісті заңдар қабылданды. Қазір топ-менеджерлердің қаржыны талан-таражға салуы да жиілеп кетті. Тіпті қаржы дағдарысына кінәлі дәл осы әлемдік топ-менеджерлер деген пікірлер жиі айтылуда. Ал оларды әлемде де, бізде де тыятын дәл қазір заңдық тұрғыда арнайы механизмдер қарастырылмаған. Егер тиісті заң нормалары қабылданар болса, топ-менеджерлерді ауыздықтауға, құрықтауға әбден болады деп ойлаймын.

Сейдахмет Құттықадам, саясаттанушы:

– Бізде «кез келген мекемеде мемлекеттік меншік болса, сол жердегі қызметкерлер ақшаны оңды-солды шаша береді. Сондықтан оны тыюдың бірден бір жолы – жекеменшіктің үлесін күшейту керек» дейтін пікірлер жиі айтылады. Бұл тек теория жүзінде ғана деп есептеймін. Ал тәжірибеде бәрі басқаша. Менің ойымша, мемлекет банктерге, өндірістік компаниялардағы ішкі дағдарысқа араласпауы керек. Банктерді сақтап қалуды Батыс бастап берді. Қаржылық құрылымдарды сақтау үшін үкіметтер ақша бөлді, ал топ-менеджерлер ақшаны компанияға емес, өздерінің қалталарына салып алды. Үкімет топ-менеджерлердің емес, тек қана салымшылардың мүддесі үшін қаржы бөлуі қажет. Дәл осындай жағдай біздің елде де қалыптасып отыр. Сондықтан тек қана тиісті заңдармен ғана реттей аламыз деп ойлаймын. Содан кейін қолынан нақты іс келетін, халық үшін жұмыс жасайтынын білдірген азаматтарға ғана қолдау көрсету керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста