Орта мектептерді заман талабына сай сапалы оқулықтармен қамтамасыз ете алып отырмыз ба?

Орта мектептерді заман талабына сай сапалы оқулықтармен қамтамасыз ете алып отырмыз ба?

Айгүл Рамазанова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің оқытушысы, доцент:

– Оқулықтардың сапасы жайлы әңгіме қозғар болса, әсіресе, бастауыш сыныптарға арналған оқулықтарға аса жіті мән беруіміз керек сияқты. Себебі ол кез баланың сана-сезімі оянып, өмірге деген көзқарасы енді ғана қалыптасып келе жатқан кездері ғой. Әрине, бір кездердегімен салыстырғанда оқулықтың сапасы әлдеқайда жақсарған секілді. Жаман деп айтуға болмайды, бірақ соңғы кездері бір дүдәмал оқулық бар, ол – бастауыш сыныпқа арналған дүниетану кітабы. Оны бала түгіл, ата-аналардың өзі әрең түсінеміз. Қазақша болғанымен, сапасыз аударылғандықтан, оны қазақтілді ата-аналар өзіміз әрең түсініп, баламызға түсіндіріп береміз. Ал орыстілді ата-ана болса, онда балаға тіпті қиын соғары даусыз. Бала тіпті қабылдай алмайды. Бұлай болмауы керек. Оқулық әр жастағы баланың таным-түсінігінің деңгейіне сәйкестендіріліп жасалуы керек емес пе? Қашаннан бері бұл мәселе айтылып, көтеріліп-ақ келеді. Бірақ нәтижесі әлі де болса көңіл-көншітерлік емес.

Жазира Белденбаева, №93 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі:

– Мен өзім дәл қазіргі таңда сабақ беріп жүрген қазақ тілі пәніне келсек, оқулықтарда қателіктер, ұсақ-түйектерді айтпағанда, өрескел дерлік қате өте көп. Мысалы, бір ғана 5-сыныпқа арналған Г.Қосымова мен Дәулетбекова деген қос автордың қазақ тілі оқулығын алсақ, дауысты дыбыстар деген тақырыпты түсіндіретін тарауда 241-жаттығуда мынадай тапсырма беріледі: «сөздердің ішінен жуан у дыбысы бар сөздерді бір бағанға, жіңішке у дыбысы бар сөздерді бір бағанға бөліп жазыңдар» дейді. Осы жерде дыбыс емес, әріп деп айту керек еді, себебі біз дыбысты естігеніміз болмаса, оны көре алмаймыз. Дыбыстың таңбалануы әріп деп аталады. Егер оқулық авторының өзі осындай ұсақ-түйек нәрсені білмесе, онда балаға қалай сапалы білім бермекпіз? Сосын орыс сыныптарына арналған қазақ тілі оқулығындағы мәтіндер баланың түсінігіне сай емес. Әсіресе Сариеваның кітабында Ұлы Жібек жолы жайлы жазылған мәтін сөздері өте ауыр. Сөздік қор тұрмақ, мәтіннің мазмұнын түсіну екіталай. Әрине, әр оқулықтағы осындай олқылықтарды әр кезде, реті келген жерлерде, мәселен, тамыз конференцияларында айтып жүрміз, бірақ тыңдайтын құлақ жоқ сияқты.

Айдос Қартаңбайұлы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті сарапшысы:

– Қазіргі замандағы жаһандану, халықаралық қатынастардың кеңеюі, білім саласына қосылып отырған тың технологиялық шешімдер білім деңгейіне деген талаптың жылдан-жылға артып отырғандығын көрсетеді. Бірақ осыған біз оқулық жазу жағынан келгенде үлгере алмай отырған сыңайлымыз. Өйткені Білім және ғылым министрлігі тыңғылықты жұмыс істеп отыр деп айта алмаймын, бұл – бір. Екіншіден, қазіргі оқулық авторларының көбі – кеңестік кезде, сол кездің білім жүйесінде тәбиеленгендер. Оларға жаңа оқулық жазудың заманауи технологиялық әдістерін үйрететін мамандар жоқ. Оқулық жазатын авторларды ынталандыру жағының жетіспеушілігі де бар. АҚШ, Еуропа елдерінде оқулық жазушы авторларды арнайы дайындайды және оларға жеткілікті деңгейде грант бөліп, оларды белгілі бір мерзімге оқу процесінен босатады. Демек, бүгінгі таңда біздің оқулық сапасына кері әсер етіп отырған фактор – авторларға шығармашылық бостандық пен қаржы берілмеуінен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста