Білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізуге не бөгет?

Білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізуге не бөгет?

Айгүл АХМЕТҚАЛИЕВА, Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары қауымдастығы корпоративтік қорының директоры:

– Әлі күнге білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізудің тетіктері жүйелі түрде талқыланып көрген емес. Мәселен, осы уақытқа дейін мектеп қабырғасындағы ұстаздардың ұлттық инновация туралы тәжірибелерін ортаға салатындай басқосулар өткен жоқ. Ұлттық инновацияны білім саласына енгіземіз десек, ең алдымен, ұстаздар қауымына кеңінен таныстырып, жөн сілтер, тәжірибесін берер жиындар өткізу керек еді. Сондай-ақ ұлттық инновацияларға арналған арнайы педагогикалық банк құру керек. Ұлттық инновация туралы кім не жазып кеткені, қазір кімдер не жазып жатқаны көз алдымызда болуы қажет. Осындай жүйелі мәлімет қоры болмағандықтан, бүгінде әркім ойына келгенін істеп жүр. Тіпті жалпы республика көлемінде ұстаздарға ортақ жүйе жоқ. Ұлттық инновацияны енгізу керек деген талап болғанымен, оны шешу жолдары қарастырылмай жатыр. Мәселен, мен өзім дұрыс деп тапқан жүйені тәжірибе ретінде енгізіп, оқыта беремін. Алайда соны дұрыс немесе бұрыс деп жатқан адамды әлі кездестірген жоқпын. Егер жүйелі бағыттау болмай, әр ұстаз осылай ойына келгенін істей берсе, алдағы уақытта не болатыны тағы белгісіз.

Советхан ҒАББАСОВ, педагогика ғылымының докторы:

– Білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізуге ең бірінші кедергі – ол еуропацентризм методологиясы. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіндегі кемшіліктердің көбеюінің де басты сыры осында. Еліміздің білім беру жүйесінде халықтық тәлім-тәрбиемен ұштасқан тәжірибе жоқ. Қазіргі таңда керекті-керексіз түрлі методологияны тықпалай бермей, өзіміздің ұлтқа тән халықтық тәлім-тәрбиеге толы ұлттық методологияны жаңғыртатын кез жетті.

Серғазы ҚАЛИҰЛЫ, педагогика ғылымының докторы, профессор:

– Білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны әлі күнге енгізе алмай жүргеніміздің басты себебі – бойында ұлттық сезімі жоқ шенеуніктердің жауапты орындарда отыруы. Олар әлі күнге жақсылық атаулының барлығы орыс тілінде деп қарайды да, ұлтқа қатысты нәрселерге мұрнын шүйіруінің арқасында осындай құндылықтарымыз ескерусіз қалуда. Осындай кертартпалықтың әсері ұлттық инновацияларымызды енгізуге де кедергі болып отыр. Шенеуніктер тарапынан ықылас болса, оған жағдай да жасалып, қаржы да аударылып, бәрі орнына келер еді.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста