Кәрібай ТАСШАБАЕВ, заңгер:
– Әрине, тыйым салу керек. Өйткені қылқан жапырақты ағаштар басқа ағаштарға қарағанда экологиялық ахуалды жақсартуға септігі мол. Енді Алматы қаласы дүниежүзіндегі 215 қаланың ішінде ластану бойынша 9-ыншы орында тұр. Осыдан-ақ шыршаны қорғаудың қаншалықты маңызды екендігін аңғаруға болады. Оның үстіне қылқан жапырақты ағаштарды табиғат жылдар бойы өсіреді. Ал кесілген ағашты біз бар болғаны бірнеше сағат, бірнеше күн ғана пайдаланамыз. Содан кейін лақтырып тастаймыз. Бірнеше ондаған жылдар бойы өскен бір түп шыршаның тамырына бір-екі күндік қуанышқа бола балта шабуымыз жөн бе?! Онсыз да Алматының Іле Алатауында орын алған табиғи апаттың салдарынан қаншама шырша қырқылып қалды. Енді шырша кесуге мүлдем тыйым салу арқылы оның орнын толтыруымыз керек.
Салтанат ӘЗІРБЕК, Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің бастығы:
– Міндетті түрде тыйым салуымыз керек. Шыршаны тек арнайы лицензиясы бар, рұқсат қағазы бар кәсіпкерлер ғана кесуі тиіс. Өйткені олар бұл кәсібіне салық төлейді және шырша кесудің белгіленген ережелерін сақтайды. Алматы қалалық Ішкі істер департаменті жаңа жыл қарсаңында заңсыз шырша кесуге байланысты рейдтерді күнбе-күн жүргізуде. Патрульдік полиция жасақтары саябақтарда, көгал алаңдарында, тұрғын үйлердің аулаларында шыршаларды кесуді болдырмауға күш салуда. Шыны керек, бұрындары осы негізде рейд жүргізгенде заңсыз, орынсыз шырша кесу фактілері көп кездесіп, көптеген жеке тұлғалар жауапкершілікке тартылатын. Қазір олай емес. Халық шыршаны сақтаудың маңыздылығын түсініп келеді. Бірақ елдің бәрі шырша кесуді қойды деп үзілді-кесілді айтуға болмайды. Дегенмен соңғы уақытта Жаңа жыл мерекесінде жұртшылықтың жасанды шыршаларды пайдалануға бет бұруы қуантарлық жайт.
Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісі ІV шақырылымының депутаты:
– Шырша – табиғат байлығы. Оның экологиялық ахуалды жақсартуға тигізер пайдасы өте зор. Енді бір күндік қызық үшін ұзақ жылдар өсетін шыршаның түбіне балта шапқанымыз дұрыс емес. Бұл табиғатқа, қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіреді. Мен өзім 31 желтоқсанды мереке деп есептемеймін. Егер Жаңа жылды атап өтемін, шырша құрамын деген адамдар болса, онда базарға, сауда нүктелеріне барса, неше түрлі жасанды шыршалар қаптап тұр. Соларды неге пайдаланбасқа? Меніңше, шырша кесуге мен ғана емес, көпшілік қарсы болады деп есептеймін. Жеке кәсіпкерлер осындай шырша өсіріп, оны күтіп-баптайтын арнайы питомниктер жасаса дұрыс-ақ болар еді. Сонда шыршаны өздері өсіріп, оны сатып, кәсіпке айналдырып, табыс табады. Бүгінгі таңда жасанды шыршалардың түр-түрі бар. Бір емес, бірнеше рет пайдалануға болатын шыршалар отбасылық мерекеге әлдеқайда тиімді әрі оның қоршаған ортаға еш зияны жоқ. Сондықтан да тұрғындардың осы бір тәсілді қолданғандары жақсы болар еді.
Жаңа жыл қарсаңында шырша кесуге мүлдем тыйым салу керек пе?
Читайте также
Қаржыны талан-таражға салған топ-менеджерлерді тыюдың механизмдері бар ма?
Білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізуге не бөгет?
Орта мектептерді заман талабына сай сапалы оқулықтармен қамтамасыз ете алып отырмыз ба?
Су тасқыны қауіп төндіріп отырған аймақтарда қазірден бастап төтенше жағдай жариялау керек пе?
Қазақ сатирасын неге дамыта алмай отырмыз?
Ұлттық архитектура неге дамымай отыр?
Последние статьи автора