Ирак Елекеев, Мәжіліс депутаты:
– Азаматтар некеге белгілі бір мақсатпен отырады. Ол заңды ма, азаматтық па, оның астарында бір мақсат, мүдде жатады. Жалған неке деген де бар. Бұл біздің ұғымымызда жат дүние еді, уақыт өте келе некенің бұл түрі де қоғамға сіңісіп кетті. Тосыннан келіп азаматтарды жалған некеге отырдың деп жауапқа тарта алмаймыз. Оның себептері мен салдарына байланысты жауапкершілікке тартуға болады. Сондықтан алдымен жалған некеге отырғандардың мақсатын айқындап алу қажет. Жалған некедегілердің көбі шетелдіктердің осы елде қалуымен байланысты. Сондай-ақ некенің бұл түрі үшінші бір адамның құқығын аяққа таптауы мүмкін. Яғни біреудің әйелі, енді біреудің күйеуі мен бала-шағасының құқығы тапталады. Осындай әрекеттеріне қарап, азаматтық не болмаса қылмыстық жауапкершілікке тартуға болады.
Жеміс Тұрмағамбетова, «Адам құқығы хартиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры:
– Некенің қай түрі болмасын, ол екі азаматтың ортақ келісімі арқылы жүзеге асырылады. Жалған некеге отырды екен деп қылмыстық жауапқа тартатын болсақ, еліміздің біраз азаматы бас бостандығынан айырылады. Оны азаматтық құқықтық қатынастар арқылы шешу керек. Демократиялы елдің азаматы кіммен, қандай некеге отыратынын өзі шешеді. Құқықтық, демократиялық ел бола тұра әрбір азаматтың шешіміне қарсы шығып жатса, мемлекетіміз өз ұстанымына қарсы шықпай ма?! Сондықтан жалған некеге отырғандардың әрекетін Қылмыстық кодекс арқылы шешуді өз басым құптамаймын. Азаматтардың әл-ауқаты, түсініктері әрқилы. Осындай жағдайларды ескере отырып, қабылдаған шешіміне бола жазалау дұрыс емес.
Рабиға Ағманова, Алматы қалалық әкімдігі жанындағы «Ақпарат және талдау» орталығының қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы:
– Міндетті түрде жауапқа тарту керек. Жалған неке қазіргі біздің қоғам үшін өте қауіпті деп санаймын. Онсыз да қазір діни экстремизмнің өршіп, дін атаулының бәрі бұрмаланып тұрған сәт. Намазхан бауырларымыздың бейберекет некеге тұруларының арқасында тегі белгісіз ұрпақ туылуда. Яғни арабтың дәстүрімен некеге отырып, кейін «талақ» сөзін үш рет айту арқылы жесірлердің санын көбейтіп жатыр. Сондықтан да ресми ұйымдардың өкілдері, жергілікті атқарушы билік орындары бірігіп, мүмкіндігінше мұндай некеге шектеу қойылуын қадағалауы керек, мүмкіндігінше тоқтатуға атсалысуы тиіс. Жалған неке – дәрменсіз, ертеңі бұлыңғыр, болашағы белгісіз ұрпақтың өсуіне апаратын жол.
Жалған некеге отырғандарды қылмыстық жауапқа тарту керек пе?
Читайте также
Қаржыны талан-таражға салған топ-менеджерлерді тыюдың механизмдері бар ма?
Білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізуге не бөгет?
Орта мектептерді заман талабына сай сапалы оқулықтармен қамтамасыз ете алып отырмыз ба?
Су тасқыны қауіп төндіріп отырған аймақтарда қазірден бастап төтенше жағдай жариялау керек пе?
Қазақ сатирасын неге дамыта алмай отырмыз?
Ұлттық архитектура неге дамымай отыр?
Последние статьи автора