Ұлттық бренділерді дамытудың арнайы бағдарламасын жасайтын уақыт жетті ме?

  • 13


Әнуар ҚАБДОЛДАҰЛЫ,  «Хан дойбысы» ойынының   жаңғыртушысы:
– Шыны керек, біз ұлттық ойындарымыз бен ұлттық тағамдарымыздың, ұлттық бұ­йымдарымыздың қадіріне жете алып отырғанымыз жоқ. Тіпті енжарлығымыз сон­шалық – ұлттық ойындарымызды түгелдеуге де тырыспаймыз. Мәселен, «Хан  дой­бысы» ойынын ұлттық  спорт түрлерінің қатарына енгізу мәселесімен ұзақ уақыт шап­қыладық. Әзер деп ұлттық ойындар қатарына қоса алғанымызбен, оның одан әрі халық арасына кең тарауына, дамуына ешқандай жағдай жасалып отырған жоқ. Не­ге екенін қайдам, басқаға еліктеп, жақсылы-жаманды дүниесін тез қағып алуға бе­йім болғанымызбен, өзіміздің ұлттық бояуы қанық дүниелерімізді дәріптеуге кел­генде салақтық танытамыз. Кейінгі кездері ұлттық ойындарымыздың көбісі дә­ріп­телмек түгіл, ұмытылып бара жатыр. Ал көптеген елдер ұлттық ойындарын ке­ңі­нен насихаттап, тіпті Олимпиадалық ойындар бағдарламасына енгізуге тырысуда. Осы­лайша басқа жұрттар барын бағалап, тіпті ұлттық ойындарының Олимпиада аясында ойналуына мүдделілік танытып, дүбірлі додаларға қатыстыруға тырысса, біз тіпті ұлттық ойындарымызды өз елімізде кеңінен тарата алмай отырмыз. Сон­дық­тан ұлттық бренділерді дамытуға арналған арнайы бағдарлама қабылдайтын кез жетті деп санаймын.


Ардақ БЕРКІМБАЕВ, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі қоғамдық қорының атқарушы директоры:
– Әрине, ұлттық бренділерімізді дамытудың арнайы бағдарламасын қабылдайтын кез әлдеқашан жеткен еді. Өйткені ұлттық тағамымыз түгіл, ұлттық музыкалық ас­паптарымызға шейін өзгелер меншіктеп жатыр. Ұлт бол­ғаннан кейін ұлт екендігін дәлелдейтіндей  ұлттық та­ғамы, ұлттық ойыны, ұлттық бұйымы болуы керек-ақ. Ұлт­тың ұлт екенін дәлелдейтін – ұлттық бренді. Оларды кең көлемде дәріптеп, заманға сай жаңғыртып әлемге та­нытудан ұтпасақ ұтылмас едік. Тіпті ұлтымыздың ай­быны асқақтай түсер еді. Күні кеше «Ильиннің же­тіс­тігінің сыры ұлттық тағамында екен» деп күллі әлем дүр сілкінді. Біле білсек, бұл мақтанатындай нәрсе еді. Сон­дықтан ендігі жерде ұлттық бренділік дүниелеріміздің қадіріне жетіп, дамытып, қорғап, жұртқа танытуды тез арада қолға алуымыз керек.


Бахаргүл ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Әдемі-ай» өнер үйінің директоры:
– Әр ел өздерінің ұлттық бренділерінің жоқтаушысы бо­луы керек. Өкінішке қарай, өзгенің қаңсығын таңсық көріп, өз дүниемізге тосырқай қарауға етіміз үйреніп ба­рады. Мәселен, Алматыдан ұйғыр мен өзбектің ас­ханасын оңай тапқанымызбен, қазақтың асханасын оңай табу мүмкін емес. Шын мәнінде, адам денсау­лы­ғына пайдасы мол, құнарлы тағамдарымыз жетерлік. Тек соларды дәріптеуге, халыққа қолжетімділігін арт­ты­руға келгенде шорқақпыз. Мәселен, қазақтың ба­ласы көшеде денсаулыққа зиянды чипсы орнына құрт со­рып жүрсе қандай жарасымды болар еді?! Осы се­кіл­ді ұлттық брендіге айналардай дүниелерімізді да­мы­туға жағдай жасайтын кез жетті.

Автор
Последние статьи автора
  • 376
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 556
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста