Тұрғын үй құрылысы сапасын бақылаудың қандай тетіктерін ұсынар едіңіз?


Меңлібай МЫРЗАХМЕТОВ, Құрылыс және экология институтының директоры:
– Бізде тұрғын үй құрылысы сапасын бақылайтын сараптамалық комиссия бар. Оның тетіктері әлдеқашан түзіліп қойған. Яғни тұрғын үй кешенінің іргетасы қала­нып біткен соң, оған арнайы акт жасалады, одан кейін әр қа­батын аяқтаған соң, тағы акт қабылданады, ша­ты­рын жапқан соң да ол тексеріліп, қабылдап алына­ды. Сон­дықтан бұл арада тыңнан бір нәрсені ойлап та­бу­дың қажеті жоқ. Әрине, Қарағандыдағы жағдай сон­дай ко­мис­сиямыздың бір жерден олқылық жібергенін анық бай­қатып отыр. Ол үшін қазір арнайы тексеру ко­мис­сия­сы құрылды. Олар қателік тұрғын үйдің ор­на­лас­қан орнының қолайсыздығына немесе жобалау жұмы­сына қатысты ма, әлде сапасыз құрылыс мате­риал­дарын пайдаланды ма, болмаса тағы басқа себеп­тері бар ма – соны анықтайды. Қалай дегенмен де, бұл мәсе­лені заң шеңберінде шешуге болады деп ойлаймын.

Алғатбек ҚЫДЫРБЕКҰЛЫ, Бағалау және құрылыс академиясының ректоры:
– Біріншіден, тұрғын үй құрылысына компаниялар іріктейтін мемлекеттік тендер бәйгесі әділ және нақты бәсекелестік жағ­да­йында өткізілуі тиіс. Осы фактіге көп нәрсе байланысты. Екіншіден, сол тендер комис­сия­сының құрамына арнайы техникалық қада­ғалау орган­дары­ның өкілдері және тұрғын үй сызбасының авторы – ар­хитектор енуі тиіс. Осы адамдар құрылыс компания­сын ірік­теу­ден бастап, ол үйді пай­далануға жарамды деп танитын ко­мис­сия ісіне де қатысуы керек, яғни жауапкершілік осы адам­дардан сұралады. Мәселен, құры­лысқа ақша бюджеттен кезең-кезеңімен бөлінеді. Яғни бірінші ке­зеңде ол компания ақшаны қалай игерді – соны зерттейді. Дұрыс болса, келесі кезең ақша­сы­ның бөлінуіне рұқсат беру керек. Сол секілді құры­лысты қа­жетті материалдармен және жаб­дықтармен қамта­масыз етуші компаниялардан сапа сәй­кес­тігі сертификаты талап етілуі тиіс. Ал тұрғын үйді қабылдап ал­ған кезде ол про­цеске тек әкім ғана қатыс­пауы керек. Оның құ­ра­мына тәуелсіз құры­лыс­шы, арна­йы техникалық қадағалау ор­ганы­ның және Төтенше жағ­дай­лар жө­ніндегі министр­ліктің өкілдері де енуі тиіс.

Әбді ҚИЯЛБАЙҰЛЫ, техника ғылымының докторы, профессор:
– Тек тұрғын үй құрылысы емес, жаңа технология мен жаңа материалдар пай­даланатын басқа салаларда да үлкен кемшілік бар. Ол, ең алдымен, әлгі сырт­тан әкелінген жаңа технологияның біздің өңірге жарамды-жарам­сыз­ды­ғын неме­се жаңа материалдың бізде пайдалануға төзімді-төзімсіздігін зерт­темеу, соны зерт­тейтін кәсіби білікті мамандардың аздығы секілді мәсе­ле­лермен тығыз байла­нысты. Бізде шешім үнемі асығыс қабылданады. Бү­гін­гі еліміздің экономикалық про­цестері жаңа технология мен жаңа мате­риал­дарды тұтынуды қажет етеді. Ал­айда сол деңгейде жұмыс істейтін білік­ті мамандар аз. Елбасымыздың өзі Жолда­уын­да мамандардың кәсіби білі­гінің төмендігін, сондықтан оны арттыруға ба­сым­дық беру керектігін айт­ты. Демек, сырттан қандай да бір жаңа технология­мен та­ны­суға әдет­те­гі­­дей саясат­керлерді емес, нақты мамандарды жіберу керек. Ол­ар­дың білі­гін арттыруға мүм­кіндік жасауымыз қажет. Ғылыми-зерттеу институты ма­ман­дары техника саласындағы кез келген жаңашылдық еліміздің клима­ты­на, жағ­рафиялық жағдайына қолайлы ма – соны сараптай алатын дең­гейде бо­луы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста