Шаранасын өлтірген әйелдердің жазасын қатайту керек пе?


Қадырбек ЕСІМОВ, дәрігер-педиатр:
– Әрине, қатайту керек. Қайбір жылдары Оңтүстік Қазақстан облысындағы мектептердің бірінде 11-сыныпта оқитын оқушы қыз сәбиін босанғаннан кейін өлтіріп, әжетханаға тастап кеткен. Айта берсек, мұндай фактілер жиілеп барады. Сондықтан мұның алдын алу үшін мектеп оқушылары арасында көптеген үгіт-насихат жұмысын жүргізуіміз керек. Некесіз қосылған жағдайда бала көтеріп қалмау үшін не істеу керек, одан сақтанудың жолдары қандай – осы төңіректе жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізгеніміз жөн. Сонымен қатар қазір денсаулық сақтауда халық арасында скринингтік медициналық тексеріс жүргізу деген бар. Яғни көптеген аурудың алдын алу үшін сау адамдардың барлығын профилактикалық медициналық тексерістен өткізеді. Осы істі қолға алғанда, дәрігерлер жаппай мектеп оқушыларының денсаулығын тексергенде жүрдім-бардым қарап, өтірік қорытынды бере салмай, жіті қадағалауы тиіс. Акушер-гинекологтар жасөспірім қыздарды УЗИ-ге түсіріп, жүкті ме, жоқ па – соны тиянақты тексеруі қажет. Онымен қоса баланы босанғаннан кейін оны далада тастап кетпеуі үшін әрбір перзент­хананың жанынан тастанды сәбилерді қабылдайтын арнайы орындар ашуымыз керек. Бұл – нәрестені аман сақтап қалуымыз үшін амалсыздан баруымыз тиіс әрекет. Сондай-ақ шарананы өлтіру адам өлтіргенмен бірдей болғандықтан, ондай әйелдерге қатаң жаза қолданғанымыз дұрыс деп есептеймін.

Артықбек ПАШАЕВ, Түркістан қаласының прокуроры:
– Біз зайырлы-құқықтық мемлекетте өмір сүріп отырмыз. Қылмыстық заңнаманы да із­гілендіру мәселесі қолға алынуда. Сон­­дық­тан бұл төңіректе жазаны қатайт­қан­нан гөрі, ұлт­тық тәрбие мәселесіне үл­кен мән бер­ге­німіз жөн. Мұның барлығы ата-ананың қыз балаға кішкентайынан, жөр­гегінен бастап бе­руі тиіс тәрбиені бо­саң­сытып алға­н­ды­ғынан болып отыр. Қазір «қызға қырық үй­ден тыю, қала берсе, қара күңнен тыю» де­ген мәтел ұмытылып барады. Жастар жағы Ба­тысқа еліктеп, жа­ла­ңаштанып жүретін бол­ды. Сондықтан хал­қымыздың тектілігін, на­мыстылығын, па­расаттылығын сақтап қа­ламыз десек, жас­тарымызға ұлттық тәрбиені, ұлт­тық үлгі-өнегені жаңғыртатын кез жетті.

Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, Мәжіліс депутаты:
– Шаранасын өлтірген әйелдерге қатаң жаза қолдану керек-ақ. Тіпті маған салса, мен аборт жасатқан әйелдерге де қатаң жаза қолданар едім. Бірақ мұндай қатыгездерді бәрібір баланың көз жасы жібермейді. Түбі олар осы дүниеде болсын, о дүниеде болсын, жазасын алады. Негізі, қазақтың менталитетінде қыз бала үйінде отырып бала тумақ түгіл, өз үйінде жүріп, арын сақтай алмай қалса, оның өзі бүтін бір ауылға үлкен қасірет болған. Енді қазір бұған қатысты қатаң жаза қолдану керек деп заңға өзгерістер енгізгеніміз қолайсыздау болар. Өйткені дүние­жүзілік қауымдастық адамзат баласына мейірімділікпен қарау керек, ізгілік көрсетуіміз тиіс деп отырған кезде, біздің жазаны күшейткеніміз дұрыс болмас. Бірақ мұның алдын алу үшін отбасында, мектепте тәрбие жұмыстарын күшейткеніміз дұрыс. Мектептерде халықтық педагогика, ұлттық тәрбие жөнінде жеке пән енгізуіміз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста