Ресей кетсе, «Байқоңырды» пайдалануға әлеуетіміз жете ме?


Айдархан ҚАЛТАЕВ, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор:
– Бұл жерде екі мәселе бар. Біріншісі, зымырандарды ұшыру, оны пайдалану. Екіншісі, ғарыштағы Жер серіктерін пайдалану. Бұл екеуі – екі түрлі нәрсе. Бай­қо­ңыр ғарыш айлағы ракеталық технологияларды пайдалана отырып, зы­мы­ран­дарды ғарышқа, Жер серігіне ұшырады. Одан кейінгі ғарышқа ұшы­рыл­ған ра­ке­таларды халықтың игілігіне асыру, яғни Жерді алыстан зерттеу, кос­мос­тық кар­то­графияны, спутниктік байланыстарды дамыту Жер серігі тех­но­логияларына жа­та­ды. Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, Жер бетінде ра­ке­талық тех­но­ло­гия­лар­мен бар-жоғы он шақты ғана ел: АҚШ, Ресей, Қытай, Жа­пония, Еуроодақ т.б. ай­налысады. Қазір бұларға Үндістан, Бразилия, Пәкіс­тан қосылды. Өйткені ра­ке­талық технология деген өте қымбатқа түседі. Бұл саланы ең таңдаулы деген жүз­де­ген мамандар ғана жүргізе алады. Сондықтан ракеталық технологиялармен өте үлкен елдер ғана айналыса алады. Ал одан әлдеқайда арзанға түсетін Жер серігін пайдалану технологиясымен әлемде 20-30 ел шұғылданады, бұл – әр елдің қолынан келетін шаруа. Осы тұрғыдан кел­генде, «Байқоңырды» еліміз өз кү­шімен қалай пайдаланады? Бұған көзім жет­пейді. Ресей «Байқоңырды» еш уа­қыт­та тастап кетпейді. Өйткені қырғыз елінде аэ­родромын, Тәжікстанда әскери ба­з­а­сын қимай тұрғанда, дап-дайын, бірегей «Бай­қоңырды» тастап кете қоя ма?

Гүлшат НҰРЫМБЕТОВА, саяси ғылым докторы:
– Әрине, «біз егеменді, азат мем­ле­кетпіз, Ресей «Байқоңырдан» кет­се, өз кү­шімізбен игеріп кете аламыз»  деп жауап беруге болады. Бірақ ға­рыш­ты игеру үшін қаражат, жоғары да­мыған тех­но­логия, арнайы дайын­дал­ған ма­ман­дар қажет. Сондықтан ин­тел­лек­туал­дық, технологиялық ресурсты есепке алмай, өз күшімізбен игереміз де­геніміз шын­дық­қа жуыс­пайды. Қазақ­тар­дан шыққан ға­рыш­кер­лер саны да ой салуы керек. Бүгінгі күні Ресей «Бай­қо­ңырдан» кетсе, өз күшімізбен игеріп кетуіміз екі­та­лай. Мүм­кіндік пен шындық бір-бі­рі­не сәйкес емес. Ал болашақта әб­ден мүм­кін.

Әсем ҚАЙДАРОВА, саяси ғылым кандидаты:
– Әрине, игеріп кете аламыз, біздің оған ғылыми және техникалық әле­уе­тіміз жетеді. Назарбаев университетінің ашылуымен байланысты ғарыш са­ласындағы мамандарды даярлау қолға алынып жатыр. Қазақстан Үкіметі қазақ­стандық ғарыштық өнеркәсіпті дамыту үшін жаңашыл әдістерге сүйеніп, қа­жетті шешімдер қабылдай білу қабілеті мен даярлығын көрсетіп отыр. Қазақ­станның ғарыш өнеркәсібі ұйымдары мен мемлекеттің мүддесіне жауап беретін жоғары стандарттар жасалды. Қолда бар ғылыми-техникалық әлеуеттің және мүмкіндіктердің де негізінде еліміз ғарыштық саласындағы стратегиясын жүзеге асыруы керек. Ғарыштық іс-әрекетке мемлекет бюд­же­­тінен қаржы бөлудің үлесін ұлғайту және мемлекеттік реттеуді жүзеге асы­­ру арқылы мемлекет белсенді рөл атқара алады. Ғарыш Қазақстан үшін жа­­ңа мыңжылдықта басым бағыт болып табылады. Ел экономикасының бұ­­дан әрі өркендеуі оның ғылым мен жоғары технологияларға негізделген са­лаларын, әсіресе, соның ішіндегі келешекке бағытталған ғарышты игеру са­ла­сымен тікелей байланысты болғандықтан өз қолына жетекші рөлді алуы керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста