Қазақ қыздарына ұлттық танымға жат есімдердің жиі қойылуының себебі неде?


Мекемтас МЫРЗАХМЕТОВ, абайтанушы, бауыржантанушы, филология ғылымының докторы, профессор:
–  Халықтың түсiнiгi бойынша, қыз балаға нәзiктiкке бесiктен құлағы үйренiп, жаны сұлу болып өсуi үшiн әуездi де әдемi есiмдер таңдалған. Сонымен бiрге өзгеден келер тiл-көз сұлу да нақышты қойылған есiмге ауып, нәрестенiң өзiне дарымайды деген де сенiм болған. Ер балаға ба­тыр болсын деген ниетпен қаталдау дыбысталатын есімдер қойған. Ал қыз баланың есiмiне аспан әлемiнiң, жер үстiнiң ең сұлу да мөлдiр жа­ратылыстары iрiктелiп алынған. Мәселен, Айман, Шолпан, Жұлдыз, Құ­ралай, Тоты, Маржан, Алтынай, Күмiс, Жiбек, Мақпал, Шынар, Рау­шан, Қызғалдақ деген секiлдi. Қазақстанның жерін жаулар жеті рет тап­тап өткен. Жерімізге қытай, парсы, грек, араб, қалмақ, орыс елдері шап­қын­шылық жасады. Қазақтарға қытайлар есімі қойылмапты. Пар­сылардың шамалы болса да мәдени ықпалы болған. Ал арабтардың жаулау кезінде есімдеріміз өте қатты өзгеріске ұшырапты. 50 пайыздан астам антропонимдер өзгеріске түскен. Сосын орыстардың аттары қазақ­қа жиі қойыла бастады. Қазіргі жастарда батыстың есімдері көп. Жаһан­дану әсерінен ұлттық дәстүрімізден айырылып қалған халықпыз. Өзіміздің түпкі түркілік, қазақы аттарымызды қайтаруымыз керек.

Зейнеп АХМЕТОВА, этнограф:
–  Осы күні ат қою мәселесінің қабырғасы қақырап кетті. Бар­лық есім атаулы бұзылды. Бұған басты себеп – ұлттық қадір-қасиет, тәлім-тәрбиеден ажырауымыз. Бізде еліктеушілік басым. Сырттың қаңсығын таңсық көреміз. Қазақ ат қоюға ше­бер халық. Даламыздың бастау-бұлақтан бастап жылтырап аққан жылғаға дейін керемет атаулары бар. Текті, үлгілі, ақын-жы­рау, балуан адамдардың есімін нәрестеге беру салты әлі күн­ге сақталады. Солардай болсын, олардың шарапаты тисін деп ниеттенеді ата-ана. Сәбидің туған уақытына, бет-бей­не­сін­дегі ерекшелікке бай­ланысты да есім беріліп жатады. Кейін­гі кезде қыздарының қазақ­ша есімдеріне «а» әрпін қосып атаушылар артты. Түсініксіз шетелдік аттар көбейді. Бұл – қазақ тілін дұрыс меңгеріп, кәусарына қан­бағанымыздың салдары. Ұлт­тық сана-сезімнің, намыстың жоқ­тығы тағы бар. Қазақта «Ық­тырмаң болмаса, желге өкпелеме» де­ген нақыл бар. Ұлт­тық санамыз қалыптаспай, жаһандануға төтеп бере алмаймыз.

Кәкен ҚАМЗИН, филология ғылымының докторы, профессор:
– Бұл мәселенің ең басты себебі – еліктеушілік. Екіншіден, төл мәдениетін бағаламаушылық түсініктің пайда болуынан деп білем. Үшіншіден, құлдық пиғылдан арыла алмай отыр­ға­нымыз бар. Төртіншіден, қазақтың басқа елдің мәде­ние­тінен, өр­кение­тінен, әдебиетінен хабардарлығы ескерілуі тиіс. Бе­сіншіден, қазақ­тың толеранттылығы басым. Бұл жерде қазақ­қа қасірет болып отырған өзінің ұлттық танымын, тамы­рын сый­ламауы екені айдан анық. Елімізде дарынды адам­дар­дың атын ырымдап қою дәстүрі бар. Академик Мәлік Ғабдуллин, ҚазҰУ-дың бұ­рын­ғы ректорлары Асқар Закарин, Өмірбек Жол­дас­беков, жазушы Әнуар Әлімжанов сияқты азаматтардың есімі қайта жаңғырғанын қалар едім. Қыз балаларға тарихи тұл­ға­л­арды өмірге әкелген ана­лардың, өздері сондай барлығымен, ақы­лымен әйгіленген ару­лардың есімін бүгінгі өмірде қол­да­ныс­қа енгізген жөн.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста