«Өрттен сақтану жөнінде арнайы мемлекеттік бағдарлама жасау керек» дегенге қалай қарайсыз?

Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы:
– Мен бұл ұсынысты екі қолымды көтеріп тұрып қолдар едім. Өйткені бүгінде табиғат жанашырлары азайып бара жатыр. Тұрғындардың барлығы көктем мен жазда табиғат аясына барып демалғанды жақсы көргенімен, ондағы қауіпсіздік ережесін сақтауға көңіл бөле бермейді. Соның салдарынан көктем мен жаз айларында талай рет демалушылардың тазалық пен қауіпсіздікті сақтамауынан табиғаты әсем демалыс орындарында өрт тұтанды. Осы орайда өрттен сақтану жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның ішінде халықпен жұмыс істеуді де ұмытпауға тиіспіз. Өйткені өрттің басым бөлігі тұрғындардың жауапсыздығынан орын алып жатады. Жауапсыз тастай салынған бір тал шырпының тұтас орманның өртенуіне себеп болып жататынын әр тұрғынның есіне салып отырған жөн. Соңғы кездері елімізде өрт оқиғаларының жиілеп кетуінің өзі арнайы мемлекеттік бағдарламаның қажеттілігін көрсетіп отыр. Өрт – айтпай келетін тілсіз жаулардың бірі. Сондықтан алдын ала мемлекеттік тұрғыдан бағдарлама қабылдап, сақтанған дұрыс.

Уәлихан ҚАЛИЖАН, Мәжіліс депутаты:
– Төтенше жағдайлардың бәріне арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдай берсек, онда біз тек өмірдің ағысымен ғана жұмыс істеп қаламыз. Бүгінде онсыз да мемлекеттік бағдарлама көп. Әр бағдарламаның ізінде жүре берсек, ешқандай жұмыс жасалмайды. Онсыз да техногендік мәселелерге байланысты арнайы заң қабылданған, тиісінше төтенше жағдайлармен күресуге құрылған арнайы мекемелер де бар. Қайта біз осынау мекемелердің жұмыс тәртібін күшейтіп, олардан төтенше жағдайдың алдын алуын талап етуіміз керек. Сондай-ақ төтенше жағдайларға байланысты заң Мәжілісте талқыланған кезде 360-тан астам түзетулер енгізілген еді. Соның ішінде өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аударылған болатын. Мәселен, бүгінде жердің бәрі – жекеменшіктің қолында. Ал сол жекеменшіктің жерін мемлекет қорғауы керек пе, әлде жер иесі ме? Бұл – үлкен мәселе. Жер иесі егінін салып, өнімін алып, пайдасын көреді, ал төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда шығынын мемлекет мойнына ілу дұрыс емес. Бүгінде Ресей отқа оранып тұр. Олардың өрттен сақтанудағы тәжірибелерімен танысып, бізде өзімізде өртті тұтандырмауға күш салып, тиісті мекемелерден алдын алу іс-шараларын қатаң талап етуіміз керек. Заң бар, енді тек заңның аясында жұмыс істей білсек болғаны. Ал соған бола мемлекеттік бағдарлама қабылдауға ұмтылу – артық дүние.

Элдор РАЙЫМБЕКОВ, ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі:
– Ресейдегі жағдайға және өзіміздегі өрт оқиғаларына қарап, бізге арнайы мемлекеттік бағдарлама керек екенін түсінуге болады. Қазіргі күні ел Үкіметі де, Елбасымыз да осы мәселені мықтап қолға алу қажет екенін айтып отыр. Әрине, бұл – бір күнде қабылдай салатын бағдарлама емес. Кешенді түрде дайындық жұмыстарынан кейін, мемлекеттік бағдарлама қабылдап, сол бойынша жұмыс істеуге талпыну керек. Бүгінгі уақытта өртке қарсы комитет өрттің алдын алу жөнінде арнайы хаттар дайындап жатыр. Рас, біздің өрт сөндіру қызметкерлеріміз жаман жұмыс істеп жатқан жоқ. Алайда тілсіз жауға алдын ала дайындық жұмыстары артықтық етпейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста