Оралмандар көшінің әлсіремеуі үшін не істеу керек?


Жәди ШӘКЕНҰЛЫ, жазушы:
– Бүгінгі қоғамда оралман бауырларға деген жақ­сы көзқарас қалыптастыра алмай отырмыз. Біз ең алдымен осы көзқарасты өзгертуіміз керек. Орал­ман­дарды демографиялық санымызды толықтырамыз деп емес, бауырмалдық ниетпен көшіріп әкелуге тырыс­сақ дұрыс болар еді. Рас, оралмандарға жағдай жасау мақсатында мемлекеттік бағдарламалар қабыл­данып, арнайы қаржылар да бөлініп жатыр. Алайда оралмандарға өз бауырым деп қарамау салдарынан, жергілікті жердегі атқарушы орындардың оралман­дарға дұрыс көзқарас көрсете алмауынан елге келгісі келетін оралмандар көші әлсіреп қалды. Шетте әлі де 7 миллиондай қазағымыз бар. Егер солардың ең болмаса жартысы елімізге оралар болса тілдік, елдік, ұлттық рухымыз бұдан әлдеқайда биік­тей түсер еді.

Алдан СМАЙЫЛ, Мәжіліс депутаты:
– Қазақстан оралмандарға қолдан келген көмегін жасап жатыр. Сондықтан оларға жасалып жатқан көмек жеткіліксіз болғандықтан оралмандар көші тоқтап қалды деу жаңсақ пікір. Оралмандардың елге келгісі келетін, Отанына қайтқысы келетін ниеті барлар алдымен келді. Қазір де өз бетінше көшіп келіп жатқандар бар. Айта кетер жайт, кейбір елдерде еліне қайтқысы келетін оралмандарға қатысты мәселелер туындауда. Мәселен, Қытайдың өз заңдарына сәйкес, Отанына жете алмай отырғандары бар. Біз де өз тарапымыздан оларға заңдарыңды өзгертіңдер, қазағымызды алдыртайық деп айта алмай отырмыз. Осы секілді жайттардың да шеттегі қазақтарымыздың елге келуін бәсеңдетіп отырғаны рас. Оралмандарға кедергі болар мұндай жайттар жетерлік. Айта кетерлігі, біз квотасыз келіп жатқан қазақтардың тізімін жасап отырған жоқпыз. Мәселен, квотасыз Өзбекстаннан, Қарақалпақстаннан келіп жатқан оралмандар жетерлік. Сондықтан оралмандарға тиімді жағдай жасай алсақ, елге оралатын оралмандардың санын көбейтуге болар еді.

Нұрлан СЕЙДІН, саясаттанушы:
– Бізде оралмандардың басым бөлігі оңтүстік пен батыс өңіріне қоныстанды. Ал неге соларды мамандығына, біліктілігіне қарай орналас­тыр­масқа? Сонда оларды баспанамен ғана емес, мамандықпен қамтудың да сәті түсер еді. Мәселен, қазақ тілін жетік білетін оралман ұстаздың оңтүстіктен гөрі солтүстік жаққа орналасуы қоғам үшін әлдеқайда тиімді болар еді. Бүгінде оларды тиімді орналастырмау салдарынан жұмыспен қамту деңгейі төмендеп, нәтижесінде бұл елге келетін оралмандар көшін әлсіретті. Сондай-ақ шетелдегі қазақтар ауыл-ауыл болып қоныстанған. Ал оларды тұтас ауылымен көшіріп әкеліп қоныстандырғанымызда олардың елге үйренісу үдерісі жылдамырақ жүрер еді. Бүгінде тәжірибе ретінде ашылған оралмандарды бейімдеу орталықтарының да дұрыс жұмыс істеуін қадағалауымыз қажет. Сондай-ақ оралмандардың квотасына алаяқтардың араласпауын да үнемі бақылауда ұстап отыруымыз керек. Өйткені шеттегі оралмандардың елге келу ниетін тежейтін бір мәселе – осы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста