Оқу жылы басталғанда оқу орындарын жабу қаншалықты дұрыс?


Нұрлан ЖАМАДІЛОВ, Алматы қалалық құрылыс және бағалау колледжінің директоры, ҚР білім беру ісінің үздігі:
– Оқу орындарын тектен-текке жаппайды. Білім беру стандарт­та­ры­на сай келмегеннен кейін тиісті орындар оны жабуға мәжбүр бо­ла­ды. Әсіресе соңғы кездері талапқа сай емес оқу орындары тым көбейіп кет­ті. Әлдекімдер колледж ашып, жертөлелерді жабдықтап алып оқы­та беретін болды. Негізі, бала оқытатын дәріс бөлмелерінің бала са­ны­на қарай қанша шаршы метр болу керектігі алдын ала ереже бо­йын­ша бекітілген. Оқу ордасының асханасы, кітапханасы, спортзалы бо­луы міндетті. Өкінішке қарай, жауыннан кейінгі құрттай қаптап кет­кен оқу ордалары бұл талаптарды сақтай бермейді. Олар оқушыларды  ақы­лы оқу негізінде жинап алады да, талапқа сай білім берместен ди­плом үлестіріп отыра береді. Ал мұндай үрдіс қоғамда білімсіз ұр­пақ­тардың көбеюіне әсер етеді. Сондықтан кеш те болса, оқу жылы бас­талып кетсе де, тиісті орындардың талапқа сай емес оқу орындарын анық­тап жабуын дұрыс деп санаймын. Оқу ақысын алып, соған сай те­рең білім бермесе, ондай оқу орнының барынан жоғы жақсы. Есе­сі­не, жастар  басқа бір іргелі оқу орнынан білім алуға талпынады.

Ұлжалғас ЕСНАЗАРОВА, педагогика ғылымының докторы, профессор:
– Егер оқу орнына жаңа оқу жылында студенттер қа­был­дап қойғаннан кейін оқу ордасы жабылып жатса, бұл дұ­рыс емес. Өйткені үлкен үмітпен оқуға талпынып келген жас­тар оқу жылы басталып кеткен сәтте қалап, таңдап кел­ген оқу ордасы жабылып қалғаннан кейін әрі-сәрі күй ке­шіп қалады. Мұндай жағдайда, ең алдымен, ата-аналарға ха­бар беріліп, алдын ала құлақтандырылуы керек. Тиісті орындар оқу жылы басталмас бұрын оқу ордаларының келер оқу жылына білім беруге қаншалықты сай келетін-келмейтінін алдын ала анықтап алуы қажет. Оқу орны білім беру стандартына сай емес деп табылған жағдайда сол оқу жылында білім ордасының бала қабылдауына ал­дын ала тыйым салынғаны жөн. Ал бұрыннан оқып келе жат­қан жоғарғы курс студенттерінің оқуды аяқтауына мүм­кіндік берген жөн. Әйтпесе мұндай жағдай ата-аналар мен студенттердің наразылығын тудыратыны сөзсіз.

Әлима СҚАҒИҚЫЗЫ, филология ғылымының кандидаты, доцент:
– Бүгінде оқу орындарын ықшамдау жұмыстары жүріп жатыр. Өз басым мұны қолдаймын. Соңғы кездері оқу орындары бейберекет ашылып, мектепте нашар оқитын оқушылардың барлығын 9-сыныптан соң мектептен шығарып, колледждерге қуу үрдісі қалыптасып кетті. Қаптап кеткен колледждерге де керегі осы болғандықтан, ата-аналардың ақшасын оқу ақысына сыпырып алып, мектептен дұрыс білім алмаған баланы одан әрі білімсіз ұрпаққа айналдырады. Сондықтан оқу жылы бас­та­лып кетсе де, мұндай оқу орындарының анықталып, дер ке­зін­де жабылғаны дұрыс. Бұрын колледждерге сабақ бергенде бай­қағаным – колледж студенттері сабақтарына өте салғырт қа­райды. Тіпті кейде бір топтан екі-үш бала ғана сабаққа ке­летін. Мұның бәрі – оқу ордасында тәртіптің жоқтығынан. Сон­дықтан мұндай оқу орындарының қай уақытта болсын жабыл­ға­ны дұрыс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста