Өнертабысты өндіріске енгізудің қандай жолдарын ұсынасыз?


Амалбек ТШАНОВ, қоғам қайраткері:
– Бұрын ғылыми жаңалықтардың бәрін есеп­­­ке алып, сараптап отыратын арнайы ме­­ке­­ме­лер бо­латын. Бұл саладағы жағ­дай­дың қа­зір қалай екенін білмеймін, бірақ сон­дай ірік­теп, сұ­рып­тау­шы ұйымдар бо­луы тиіс деп ой­­лаймын. Егер жа­ңа­лықтың ғы­лыми тиім­ділігі, өндіріске тигізер пай­дасы анықталып жат­са, әлбетте, оны қол­­да­нысқа енгізу керек. Мұ­ны жасайтын, ең бірін­­ші­ден, сол өндіріс ор­нының өзі. Мен кезін­де талай жыл зауытта ди­рек­тор болып жұмыс істегенмін. Жұмысты ілге­рі­лететіндей жа­ңашыл әдіс-тәсілдер мен өнер­тап­қыштық нәрселердің барлығын өзі­міз-ақ жүзеге асырып жататынбыз. Өнер­тап­қыш­тар­дың табысын айналымға енгізу деген – бүгінде на­зар­да ұсталатын, өте маңызды жайт.

Ғарифолла ЕСІМ, Парламент Сенатының депутаты:
– Өнертабысты өндіріске енгізу үшін, меніңше, нақты бір жүйе бо­луы шарт. Ең біріншіден, өнертапқыштардың ойлап тапқан нәр­се­лерінің тиімділігін анықтау қажет. Сондай-ақ оның басқа елдерде жа­салған-жасалмағанын, пайда әкелген-әкелмегенін білу керек. Маңызды деп тапқан жағдайда оны қолданысқа енгізу шығындарын мемлекет өз мойнына алуы тиіс.
Жеке өнертапқыштардың жасап жатқан істері еліміздің инно­ва­циялық-индустриялық бағдарламаларын жүзеге асыру тұр­ғы­сы­нан алғанда өте маңызды болып табылады. Сондықтан «Са­мұ­рық-Қазына» тарапынан ба, арнайы қор есебінен бе, өнертабысты өн­діріске енгізуге байланысты нақты жобалар ойластырылғаны абзал. Мұндай шаралар ішінара қолға алынып та жатыр. Бірақ со­ған жүйе, қарқын, сосын нәтиже керек. Сонда өнертапқыштардың қа­тары да жылдан-жылға арта түсер еді. Өнертапқыштық де­ге­ні­міз­дің өзі – кәсіп. Ал кәсіп дегенің – нарық. Мемлекетіміздің оған кө­мек­тесетіндей мүмкіндіктері бар. Тек соны пайдалана білген жөн.

Оразалы СӘБДЕН, экономика ғылымының докторы:
– Шындығын айтқанда, қазір бізде әр 100 кәсіпорынның бесеуі ғана ин­но­вациямен айналысады. Бұл өте аз. Шетелде бұл 60-70 пайыз мөл­шерін қамтиды. Сондықтан өнертапқыштарды қатты қолдау қажет және солар­дың арасына дәнекер фирмалар ашу керек. Олар сол өнертабысты тіке­лей өндіріске енгізетін фирмалар болуы тиіс. Ал мұны мемлекет қол­дауынсыз жүзеге асыру қиын. Содан кейін кіші инновациялық кәсіпорындар құру керек. Ол үшін заң қабылдап, оларға түрлі жеңілдіктер жасау, несие беру мә­селелерін жан-жақты ойластырып шешу қажет. Сонда ғана кіші инно­ва­ция­лық кәсіпорындар дамиды және өнертапқыштардың жобасын іске асы­рады. Бұлай істемейінше, өнертабыстың қай-қайсысы болса да, тек тә­жі­рибе жүзінде қалып қояды. Өкінішке қарай, бізде мұндай кіші кәсіпорын да, соны ашу керек, қалыптастыру керек деп ойлап жатқан ешкім жоқ. Алысқа бар­май-ақ Ресейдің тәжірибесіне қарасақ, мұның бәрі оларда бар, заңдық тұр­ғыда да реттелген. Егер өнертапқыштарымызды қолдаймыз, өндірісті дамытамыз десек, бізге де осы мәселелерді шешу керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста