Мұғалімдердің бағалы сыйлықтардан бас тартпауы ұстаздық этикаға қайшы емес пе?


Мәдина Аппақова, Т.Рысқұлов атындағы Экономикалық универ­си­теттің Экономикалық коллед­жі директорының орынбасары:
– Әрине, қайшы. Бұл мәселенің екі жағы бар. Көп жайдайда ата-аналардың өздері ақылдасып, баласының сынып жетекшісіне не кураторына қымбат тұратын сыйлық әперіп жатады. Ата-аналар үшін де бұл бір үрдіске айналып кеткен сияқты. Оқушылардың әке-шешелері де осындай келеңсіздікпен күресулері тиіс деп ойлаймын. Әлбетте ұстаздардікі этикаға, тіпті заңға қайшы. Ұстаздың басты парызы – оқушыға сапалы білім мен өнегелі тәрбие беру. Сол парызын мүлтіксіз орындаса, сол оқушыдан кейін білімді-білікті, еліне адал еңбек ететін жақсы азамат шықса, мұғалімге содан өткен сыйлық бар ма?! Мұндай ұстаздың бедел-абыройы артпай қоймайды. Шынымен де, мұндай «әттеген-ай» дегізер шетін мәселенің алдын алу керек. Ұстаз – киелі мамандық. Ол – данышпанды да, дананы да біліммен сусындататын ұлы тұлға. Осындай биік мәртебені кір шалмаса екен деймін.

Зейнеп Ахметова, жазушы:
– «Ұстаздың алдын қия өтпейтін», «ұстаз көрген» деп, әдетте үлгілі, өнегелі жандарды айтып жататын. Ұстаздарды қай уақытта да қадірлеп, ардақтап келеміз ғой. Кім біледі, аласапыран заманның ыңғайына бағынып кетті ме, жоқ нарық заманы кері әсер етті ме, әйтеуір сіздер айтып отырғандай пендешілікке баратындар қазір баршылық. Берген сыйлықты қанағат тұтып, соған ризашылығын білдіруші еді бұрындары, енді өздері емеурін танытатынды шығарды. Айта кетейін, өз басым ешбір ұстазға бағалы сыйлық берген емеспін. Бір шоқ гүл, болмаса кітап сыйлаймын. Әрине ұстаздардың еңбектері ерен. Оған дау жоқ. Оны ескерусіз қалдыруға болмайды. Бұл жерде мен не айтқалы отырмын? Егер мектеп бітіріп кеткен оқушылары кейін туған күн, мейрамдарда, болмаса басқа да бір шаралар кезінде алғысын білдіріп, еңбегін бағалап, сыйлық жасап жатса, ол – жарасымды. Ал мектеп қабырғасында ұстаздардың сыйлық алуларына тыйым салу керек. Бұл – ұстаздық этикаға жат, әрі ұят қылық.

Ерұлан Жиенбаев, дарынды балаларға арналған №92 мамандандырылған мектеп-лицей директоры:
– Мүлде тыйым салу мүмкін емес. Ата-ана өзі ықылас танытып жатса, оның несі айып? Әлбетте аса қымбат тұратын бағалы зат алу тым асыра сілтегендік дер едім. Ұстаздың өзі «тапсырыс» жасағаны – шынымен де этикаға мүлде томпақ. Жалпы, кез-келген ұстаз үшін оқушының алғы­сынан, жылы ілтипатынан және оның білімін жал­ғас­тырып, өмірден өз орнын тапқанынан артық сыйлық жоқ. Біле білген жанға ұстаз алып отырған жалақысынан әлде­қай­да артық еңбек етеді. Шәкірті үшін алаңдап, тақымын қысады. Оқушысынан тұлға жасайды, болашағының ірге­тасын қалауына атсалысады. Ондай болса, ұстаздың еңбегі қан­дай сыйлық болсын мейлі, оның ешбіріне тең келмейді, өл­шеусіз десе де болады. Десем де, сыйлық алуды науқанға айнал­дырып жіберуге үзілді-кесілді қарсымын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста