Шынқуат Байжанов, адвокат:
– Себебі өте көп деп айтар едім. Негізінен, қоғамның, жекелеген адамдардың мәдениетіне байланысты деп айтар едім. Рәміздер заңмен қорғалған деп есептелінеді. Яғни рәміздерді қорлағандарды сөзсіз жауапқа тарту керек. Негізі, рәміздерді қорлағандарды жауапқа тарту үшін азаматтардың арыз-шағымы да қажет емес. Заңды бұзғаны дәлелденсе, кез келген адам жауапқа тартылады. Соңғы кездері осыған қатысты оқиғалар көбейіп кеткені рас, сондықтан заңдық тұрғыдан шара қолдану қажет. Кемінде әкімшілік жаза қолданған дұрыс деп ойлаймын. Ал Кувейттегі мәселені айтатын болсақ, бұл еларалық мәселе болып кетеді. Қасақана жасалмаған болса, оны асқындырудың да қажеті жоқ деп ойлаймын.
Бақытбек Смағұл, Мәжіліс депутаты:
– Мысалы, бір кездері туын жоғалтқан әскери қол таратылатын болған, тіпті әскери қуаты мықты болса да, бұл мәселе талқыға салынбайды. Ал мемлекеттік тудың маңызы мен беделі одан да жоғары. Расында, елімізде рәміздерді қорлайтын оқиғалар көбейіп кетті. Оның жарасын жаза ғана емдей алады. Ел-жұрттың алдында рәміздерімізді масқара етіп алып, артынан «абайсызда жасалды, білместікпен жасалды» деп жалтаруға жол беруге болмайды. «Заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайды» деген қағида бар. Яғни елдігіміздің символдарын аяққа таптағандарға тиісті жаза беру керек. Онда да жай ғана әкімшілік жазамен шығарып салуға болмайды. Қылмыстық іс қозғауға да қарсы емеспін. Рәміздерді құрметтемеушілік спортшылардың арасында көп орын алып жатыр. Бұл біздің спорт саласындағы мамандардың жауапсыздығын көрсетеді. Сондықтан сондай теріс әрекеттерге жол берген спортшыны да, оның жаттықтырушыларын да жазалау ләзім. Әнұранды жатқа білу, оны құрметтеуді үйрену аса ауыр іс емес. Ал егер елдігінің символдарын құрметтемейтін болса, ондай спортшының алтынының құны – қара бақыр.
Марат Башимов, заңгер:
– Мемлекеттік рәміздердің ерекше мәртебесі заңда айқара жазылған. Сондықтан оны қорлағандарды талқылап отырудың өзі біздің қоғамның бұл мәселеге салғырт қарайтынын көрсетеді. Меніңше, бұл мәселені прокуратураның қарауына басыбайлы тапсыру керек. Қадағалап та жатыр, бірақ нақты қылмыстық жауапкершілікке тарту оқиғалары көп емес. Меніңше, соларды жазалап, БАҚ арқылы ел-жұрт алдында көрсету керек, өздерін масқаралау керек. Бұл шешімін таба алмай дал болатындай соншалық күрделі мәселе де емес. Бар болғаны бақылауды күшейту керек. Ал жастарға, мектеп оқушыларына, студенттерге осы рәміздерді қалай құрметтеу керектігін, оның заңдық мәртебесін түсіндіру керек деп ойлаймын. Биылғы Жолдауда Елбасы жастарды патриотизмге баулитын пән енгізу қажеттігін айтып еді. Сол пәнде осы тақырып арнайы қозғалуы керек деп ойлаймын.
Мемлекеттік рәміздер туралы заң бола тұра, оны қорлайтындардың азаймай отыруының себебі неде?
Читайте также
Қаржыны талан-таражға салған топ-менеджерлерді тыюдың механизмдері бар ма?
Білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізуге не бөгет?
Орта мектептерді заман талабына сай сапалы оқулықтармен қамтамасыз ете алып отырмыз ба?
Су тасқыны қауіп төндіріп отырған аймақтарда қазірден бастап төтенше жағдай жариялау керек пе?
Қазақ сатирасын неге дамыта алмай отырмыз?
Ұлттық архитектура неге дамымай отыр?
Последние статьи автора