Еліміздегі құрылыс нысандарының сейсмикалық нормаларын неге жапондық үлгіге негіздемеске?


Мұрат ӘБЕНОВ, Мәжіліс депутаты:
—Жапонияда орын алған қайғылы жағдай бізді де ойландыруы тиіс. Өйткені еліміздің кейбір өңірлері сейсмикалық қауіпті аймақтар қатарына жатады. Мәселен, Алматы қаласы. Расында да, Жапониядағы зілзалаға ондағы көптеген нысандар төтеп берген екен. Таратылған ақпараттарға қарап отырсаңыз, ондағы зәулім ғимараттар тасқыныңа да, цунамиіңе де шыдап баққан екен. Міне, көрдіңіз бе, Жапония құрылыс ны­сан­дарының сейсмикалық қауіптілігін қаншалықты сақтайтынын осыдан-ақ аңғаруға болады. Бұл ретте олар өздерінің жетістіктерін байқатты. Неге біз де олардың жақсы жақтарын алып, құрылыс нысандарының сейс­ми­калық нормаларын өзімізде тәжірибе ретінде енгізбеске? Мен құ­рылыс мәселесі төңірегінде біраздан бері мәселе көтеріп келемін. Еліміздегі салынып жатқан құрылыс нысандарының көпшілігі осал, арнайы нормалар сақталмаған. Әрине, қағаз жүзінде барлығы дұрыс, сейс­ми­калық қауіптілігі төңірегіндегі құжаттары қолында бар, ал іс жү­зін­де жағ­дай алаңдатарлық. Кезінде көптеген құрылыс компаниялары тек пайда табу мақсатымен ғана құрылып, кейіннен олардың орнын си­пап қалдық. Сондықтан өркениетті елдердің кейбір жақсы жақтарын өзі­мізде тәжірибе ретінде пайдаланудың артықтығы жоқ.

Ақмырза РҮСТЕМБЕКОВ, ҚР сәулетшілер одағының президенті:   
—Негізі, құрылыс нысандарының сейсмикалық нормаларын батысқа немесе басқаға еліктеп жасаудың керегі жоқ. Бұл ретте өзіміздің тәжірибеміз жеткілікті. Өзіміздің бұрыннан қалыптасқан құрылыс нормамыз басқалардан асып түспесе, кем емес. Бірақ оның орындалу деңгейі қалай, құры­лыс­тың сапасы қаншалықты нормаға сәйкес жүр­гізілуде, оны бақылап, тексеру өз дәрежесінде жү­ріп жатыр ма? Мәселе – осында. Бізде құрылыс ал­ғаш салынардағы жобалау жұмыстарында еш кі­нә­рат жоқ, тек материалдар сапасы мен құры­лыс­шылардың тәжірибесі кемшін түсіп жатады. Мы­са­лы, Жапонияда 9 балл жер сілкінді, артынша цу­на­ми болды, бірақ үйлер неге құламады? Оның алып ба­ра жатқан құпиясы жоқ. Себебі кез келген құры­лыстың іргетасы мықты болып, барлығы норма бойынша салынса, қандай да болмасын, қауіпке төтеп бере алады.

Ұзақбай АЙТЖАНОВ, Қазақстанның құрметті құрылысшысы:
—Америкаң болсын, Жапонияң болсын, құрылыс нысанда­ры­ның сейсмикалық нормаларын керісінше бізден үйренсін. Бұл жа­ғынан біздің зерттеу институттарымыз да, тәжірибелі ма­ман­да­рымыз да жеткілікті. Бір өкініштісі, салынып жатқан құрылыс ны­сандарын тексеріп, бақылап отыратын органдардың жұмысын жү­йелеуіміз керек. Осыдан төрт-бес жыл бұрын елімізде құрылыс қар­қыны жоғары болып тұрған кезде, оңай ақша табудың ма­қ­са­тымен кім көрінген құрылыс фирмасын ашты. Қалтасында кіш­ке­н­е қаржысы бар мал дәрігері де, педагог та құрылысшы болды. Ен­ді кез келген саланы өзінің маманы жүргізбеген соң, ол жерде мін­детті түрде кемшілік орын алады. Негізі, сейсмикалық аймақта ірі құрылыс нысаны бой көтерер кезде, оған міндетті түрде ға­лым­дарды араластырып отыруымыз тиіс. Солардың ой-пікірімен са­насып отыру қажет. Онымен қоса, бұрын елімізде Құрылыс ми­нистрлігі болатын. Оның ішінде құрылыстың сапасын бақылайтын ар­найы комитет болушы еді. Міне, осыны қайта жолға қоюымыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста