Егіс алқаптарын зиянкестерден қорғаудың алдын алу шаралары жеткілікті дәрежеде қолға алынып отыр ма?


Болатхан МАХАТОВ, ауыл шаруа­шы­лы­ғы ғылымының докторы, профессор:
– Бұрын егіс алқаптарын зиянкестерден қорғаудың алдын алу шаралары жүйелі түр­де жасалып тұратын. Біз қазір сол жүйелі жүргізілетін жұмыстардан айырылып қал­дық. Біріншіден, бұрын аудан, облыс, көлемінде егістікті зиянкестерден тазалап, алдын алудың ка­рантиндік арнайы қызметтік мекемелері болатын. Бүгінде олардың ізі де жоқ. Ондай ме­ке­мелер қазір республика көлемінде ғана жұмыс істейді. Ал бұл жеткіліксіз. Екіншіден, бұл жұ­мыстар бұрын орталықтандырылып жүйелі түрде жоспармен істелетін. Бүгінгі күні мұндай ор­талықтандырылған іс-шаралардың жүргізілуі кенжелеп қалды. Әр шаруа қожалығы әлінің кел­генінше жұмыс істеп жатыр. Мұның бәрі алдын алу жұ­мыс­тарына әсер етпей қоймайды. Тағы бір атап айта кетерлік жайт, егіс алқаптарын зиянкестерден қор­ғау мақсатында қол­да­натын дәрі-дәрмектердің бәрі бүгінде сырттан келеді. Шыны керек, кейбір кездері олардың сапасы талапқа сай болмай шығады. Бұл да болса зиян­кес­терге қарсы жұмысты ақсатады. Сондай-ақ Кеңес Одағы кезінде хим­ави­ация деген бо­ла­тын. Олардың міндеті алқаптарды зиян­кестерден тазартып, зиянды шөп­тердің өсуіне жол бермей дер кезінде алдын алу жұ­мыстарын жүргізіп отыру бо­ла­тын. Ал бүгінде авиа­ция­ның мұндай түрі де құрдымға кетті. Мұн­дай жұмыстардың бар­лығының аяқ астынан тыйы­лып қалуы зиянкестердің алдын алуға ба­ғытталған іс-ша­ралардың талапқа сай бол­май шығуына әкеліп соқтыруда.

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, Мәжіліс депутаты:
– Негізі, егіс алқаптарында шегіртке секілді зиянкестердің қап­тап кетуі ауа райына да байланысты. Дегенмен қазіргі таңда көктемгі мезгілде егістікті алдын ала дайындап, өңдеп алу жұ­мыстары бұрынғыға қарағанда ақсап қалды. Бұрын жер дер кезінде өңделіп, егісті қоректендіретін тың­айт­қыштар себіліп, ал­дын ала гербицид секілді дәрі-дәрмектер себілетін. Соған сай ол кездері шегіртке секілді зиянкестерді көп ести де бер­мейтінбіз. Ал қазір жермен кім көрінген ай­на­лысып кетті. Ша­ғын шаруа қожалықтары жерді баптаудың мұндай тәсілдеріне көп мән бере бермейді. Олар дәнді сеуіп, өнім алуды ғана бі­леді. Артық шығын шығармай, мол өнім алғысы келеді. Бірақ бұ­лай болмайды ғой. Жермен жердің бабын білетін өз ма­манының айналыспауы да зиянкестердің көбеюіне әсер етті дей аламын. Жалпы, жермен жүйелі жұмыс істеу механизмінің бұзылуы зиян­кес­тердің көбеюіне әкеліп соғып отыр.

Абзал ЕРАЛИЕВ, Қызылорда облыстық күріш­шілер одағының төрағасы:
– Бізде күріште зиянкестерге қатысты мәселе жоқ. Көбінесе шегіртке секілді зиянкестер бидайдың жауы болып келеді. Егер тұрақты түрде егіс ал­қап­тарын зиянкестерден қорғаудың алдын алу ша­ра­ларын жүргізетін болса, ол міндетті түрде нә­тиже берер еді. Алай­да бүгінгі күні мұндай жұмыстар сирек жүр­гі­зі­летіні рас. Өйткені шаруа­ларда зиян­кес­терден қор­ғай­тын дәрі-дәрмек, техникалық құралдар жеткілікті бола бермейді. Егер қолдарында «бес қаруы сай болса» олар өздері үшін алдын алу жұ­мыстарын жүр­гі­зетін еді. Өйткені зиянкестердің салдарынан оларға аз шығын келмейтіні ақиқат. Сондықтан шаруаларға көктемгі мезгілде егісті өңдеуге көмек керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста