Ізбасар Бозаев, Алматы сауда палатасының төрағасы:
– Еліміздегі бензиннің сапасыз болуына, ең алдымен, сыбайлас жемқорлық кінәлі. Жанармайдың сапасын, параметрін, құрамындағы зиянды қоспаларды, ауыр элементтерді тексеруді, стандартқа сай болуын мемлекеттік стандарттау бөлімі қадағалайды. Сол орган жанармай саудагерлерімен жең ұшынан жалғасып, берген тиын-тебенін алып, нарыққа шығуына жағдай жасап отыр. Олар ұялмай-қызармай, 72-бензинді 93-96 деп сата береді. Ал сапасыз жанармайдың қоршаған ортаға, көлік моторына зиян келтіретіні белгілі. Еуропа стандартына көшеміз деп жүрміз. Меніңше, соған жуық арада көше қоймайтын шығармыз. Сапаны жақсарту үшін тексеруші органдардың монополиясынан арылу керек. Мәселен, мен тұтынушымын. Егер тәуелсіз сараптама компаниялары болса, олар маған сараптама жасап берсе, сапасыз бензин сатқандардан материалдық шығынымды өндіріп алар едім. Әрине, мұнай өндіретін, мұнай өңдейтін ел болсақ та, 90-орында тұрғанымыз үшін намыстану керек.
Тоқтамыс Меңдебаев, техника ғылымының докторы:
– Бензиннің сапасы, ең алдымен, мұнай өндіретін, мұнай өңдейтін зауыттардың жұмысына байланысты. Ал сапалы өнім шығару үшін өндіріске үздік технология, дәлдігі жоғары құрал-жабдық енгізу қажет. Екіншіден, мұнай сапасына да байланысты. Әр елдегі мұнай әртүрлі болып келеді. Мысалы, Парсы шығанағындағы елдердің мұнайы сапалы. Ал біздің мұнай, шынын айту керек, сапасы жағынан төмен. Құрамында күкірт, ауыр қоспалар көп. Бұл жағын да ескерген жөн.
Әрине, сапасыз жанармайдың кесірінен автокөліктер істен тез шығады. Әрі экологияға келтіретін зияны да шаш-етектен. Өйткені жанбай қалған бензин қалдықтары ауаға тарайтыны белгілі. Сондықтан бензин сапасын дұрыстағымыз келсе, мұнай өңдейтін зауыттарды ең жоғары технологияға көшіруіміз керек. Әлбетте, мұнайға бай елдің жанармай сапасы жағынан артта қалуы – намыстанарлық жағдай.
Ерасыл Әбілқасымов, саясаткер:
– Ең алдымен, бензин саудасымен айналысатындар оның бағасын төмендетуі тиіс. Қазір жанармай бағасы қымбат, ол дұрыс емес. Жұрттың көбі мәшине мінген заман. Естуімше, елімізде 4 миллиондай автокөлік бар. Дағдарыс жүріп жатыр, жұрттың айлығы төмендеді. Сондықтан жанармай бағасын көтеретіндерді қыспаққа алып, оларды жиі-жиі тексерген жөн. Әлгі бір-екі жанармай бекеті бар майда-шүйде фирмаларды жабу керек. 93-ті 96 деп сатқандарымен қоймай, оның үстіне түрлі нәрсені қосады. Міне, соларға ең жоғары айыппұл салу керек. Сапасы нашар жанармай мәшиненің моторын бұзады, экологияға зиянын тигізеді. Қарап отырсақ, елімізде былтыр 65 мың тонна шамасында мұнай өндірілді. Соның бәрін сыртқа сатқанша, өзімізге де жаратсақ, бензин жағынан тапшылық көрмес едік. Үш мұнай өңдейтін зауытқа 15 тонна мұнай жетер еді. Сондықтан бензин сапасы жағынан көш соңында жүргеніміз намысқа тиеді, әрине.
Бензин сапасы жөнінен 100 елдің ішінде 90-орында тұрғанымызға намыстанбайсыз ба?
Читайте также
Қаржыны талан-таражға салған топ-менеджерлерді тыюдың механизмдері бар ма?
Білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізуге не бөгет?
Орта мектептерді заман талабына сай сапалы оқулықтармен қамтамасыз ете алып отырмыз ба?
Су тасқыны қауіп төндіріп отырған аймақтарда қазірден бастап төтенше жағдай жариялау керек пе?
Қазақ сатирасын неге дамыта алмай отырмыз?
Ұлттық архитектура неге дамымай отыр?
Последние статьи автора